Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауының Ережесі

25.08.2017
КҮЛТӨБЕ
Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауының Ережесі
WhatsAppTelegramFacebook

1. Жалпы ережелер

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры тағайындаған әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» сыйлығын (бұдан әрі «Сыйлық») беру тәртібін белгілейді.

 

2. Сыйлықтың мақсаты – қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту,  қолдау көрсету және  насихаттау.

3. Байқаудың міндеттері:

  1. жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік философиялық қағидаттарын бейнелейтін жас қазақстандық қаламгерлерді анықтау және ынталандыру;
  2. тың әдеби үрдістердің қалыптасуына қолдау көрсету;
  3. қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру.

4.  Сыйлық құрылтайшысы мен ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры (бұдан әрі Сыйлық құрылтайшысы немесе Тұңғыш Президент Қоры.

Сыйлықты тағайындау байқауын өткізудегі Жоба серіктестері: Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

 

5. Сыйлық байқау негізінде төмендегідей номинациялар  бойынша тағайындалады:

1) «Жылдың үздік прозасы»;

2) «Жылдың үздік поэзиясы»;

3) «Жылдың үздік драматургиясы»;

4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

5) «Туған ел» тақырыбындағы  арналған үздік әдеби туынды.

 

6. Әрбір номинация жеңімпазына  әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» Сыйлығының лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Туған ел» арналған тақырыптық номинация жеңімпазына беріледі.  

2. Өткізу тәртібі

Байқаудың басталғандығы туралы хабарландыру Тұңғыш Президенті Қорының сайтында www.fpp.kz және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Шығармалар 2017 жылғы 1 шілдеден мен 1 қарашаға дейінгі аралықта қабылданады.

Байқау қорытындысы 2017 жылы желтоқсанның  бірінші онкүндігінде жарияланады.

 

3. Сыйлыққа әдеби туындыларды ұсыну тәртібі

  1. Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады.
  2. Бір автор екі номинацияға қатысуға құқылы.
  3. Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:
  1. байқауға бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармасы ғана қабылданады;
  2. байқауға бейнормалық қолданыстағы сөздер кездесетін, этикалық нормалар мен авторлық құқықтар бұзылған шығармалар қабылданбайды;
  3.  шығарма А-4 форматында, мәтін 14 көлеміндегі Times New Rоman шрифтімен 1,5 аралықта терілуі керек. Мәтіннің көлеміне қойылатын шектеу:
  • проза үшін – 35 беттен кем емес;
  • поэзия үшін – 5 беттен кем емес;
  • драмалық шығарма үшін – 30 беттен көп емес;
  • балалар әдебиеті үшін – 25 беттен көп емес;
  •  «Туған ел» тақырыбына арналған түрлі жанрдағы әдеби шығарма (проза – 35 беттен кем емес; поэма – 5 беттен кем емес; драма – 30 беттен көп емес; балалар шығармасы – 25 беттен кем емес;).
  1. Байқауға жіберілетін өтінім «Алтын тобылғы» деп белгі қойылып бір конвертпен мынадай тәртіппен жіберілуі керек:

Конвертке бөлек салынатындар 1) автордың аты-жөні көрсетілмей бір данада басып шығарылған шығарма, 2) автордың өзі туралы мәліметтер осы конверттің ішінде жеке конвертте болуы тиіс:  аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, e-mail.

4. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10 үй, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мекенжайына және  at2017@fpp.kz электрондық поштасына  жіберілуі тиіс.

5.  Байқауға қатысуға өтінім бере отырып, автор:

  1. өзінің авторлығын растайды;
  2. Сыйлық ұйымдастырушыларына шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, Ұйымдастырушының ұйғарымы бойынша жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсатын береді;
  3. авторлық гонорарды талап етпейді.

6. Қабылданған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

7. Жұмыстарды Байқауға жіберумен және салтанатты марапаттау рәсіміне қатысумен байланысты шығындарды қатысушылар өздері өтейді.

 

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

1. Қолжазбаларды бағалау және Сыйлық жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтауды Сыйлық Құрылтайшысы елімізге танымал  ақын-жазушылардан, баспа өкілдерінен, сондай-ақ байқау құрылтайшылары мен серіктестері өкілдерінен жасақтаған (7 адамнан кем емес) Қазылар алқасы жүзеге асырады.

2. Қазылар алқасының құрамы мен Төрағасын Сыйлық Құрылтайшысы бекітеді.

3. Қазылар алқасының Сыйлық талаптарына сәйкес келмейтін шығармаларды қарамауға (сонымен қатар анонимді шығармаларды) құқы бар.

4. Байқауға ұсынылған шығармалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі аталмайды).

5. Қорытынды шешім қазылар алқасының  жалпы санынан кемінде 2/3  кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

6. Байқауға ұсынылған туындыларды әділ бағалау үшін барлық жұмыстар анонимді түрде бағаланады. Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.

7. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады.

8. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта қаралмайды.

9. Сыйлыққа лайықты шығармалар түспеген жағдайда, Қазылар алқасы Ұйымдастырушыларға сол номинация бойынша жүлденің толық берілмеуі немесе жартылай бөліп беру туралы ұсыныс беруге құқылы. 

——————————————————————————————————————————————————————

Баспасөз – аңдатпа

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры дәстүрлі жыл сайын өткізілетін «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауына қатысуға шақырады

Биыл үшінші рет өтетін дәстүрлі «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауына өтінімдерді қабылдау жүргізілуде. Өтінімдер 2017 жылғы 1 шілде мен 1 қараша аралығында қабылданады.

Байқауға еліміздің 18-35 жас аралығындағы жас дарындар қатыса алады және бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туындылар ғана қабылданады.

«Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» сияқты төрт номинация бойынша тағайындалған. Әрбір номинацияның жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар, биылғы жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы мақсаттарды жүзеге асыруға арналған арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл «Туған ел» номинациясы бойынша сыйақы 1,5 миллион теңге көлемінде белгіленді.

Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистерінен құралған Қазылар алқасы сараптайтын болады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер тереңдігі сияқты өлшемдер бойынша бағаланады. Байқауға ұсынылған туындыларды бағалау әділдігі барынша жетілдірілген. Шығарма лақап атпен қабылданып, сараптау кезінде қазылыр алқасы шығармалар авторларының есімдерін білмейтін болады.

Сыйақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге.

Жобаның серіктестері – Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Алтын Тобылғы» әдебиет сыйлығын  алғаш рет 2015 жылы тағайындаған. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру болып табылады.

 

Толық ақпаратпен  www.fpp.kz танысуға болады.

 

Қордың баспасөз қызметі.

(+77172)708356

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті–Елбасы Қоры — 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған коммерциялық емес ұйым.

Қор әлеуметтік,  қайырымдылық, мәдени, білім беру және  басқа да қоғамға пайдалы жобаларды іске асырып келеді.

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.