Талдықорған: +27°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Қарадала жерінде ізі қалды

15.08.2017
ЖАНСАРАЙ
Қарадала жерінде ізі қалды
WhatsAppTelegramFacebook

Ұйғыр ауданы өзіне тән ерекшеліктерімен 80 жылдық тарихты басынан өткеріп, 17 түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бір үйдің баласындай ұйытып отырған құтты мекен. Бұл өңірдің жұрты да қуғын-сүргінді, ашаршылықты, талай қиындық  пен ауыртпалықты бастан өткерді.

Кез келген отбасының береке-байлығы, ырысы сол отбасындағы бір ғана адамның қабілетіне байланысты бастау алады десек, ауданның да өсіп-өркендеуі бірінші басшыға байланысты екендігіне дау болмас. Географиялық орналасуы, жер жағдайы басты рөл атқарады десек те адам факторының бәрібір жоғары тұрары тағы шындық. Сол кездерде нақылға айналған «Кадрлар бәрін шешеді» деген сөз шын мәнінде дұрыс екен. 
Соғыстан кейінгі жылдарды тізбелер болсам, ауданды осы уақытқа дейін тоғыз адам басқарыпты. Солардың ішінде Ұйғыр ауданын 1970–1988 жылдары, яғни 18 жыл бойы басқарған Ашим Арзиевтің есімі ерекше атауға тұрарлық. Бұл оның тоғыздың бірі болғандығынан емес, сол жылдары колхоз, совхоз, мекеме, ұйым басқарған жеке адамдардың, мамандардың іскерлігін мойындағандықтан дер едім. Негізі Ашим Қадырұлының Қазақстан Компартиясының бес құрылтайына, КПСС Орталық Комитетінің құрылтайына делегат болғандығы, Қазақстан Компартиясының ХІІ құрылтайында орталық тексеру комиссиясының, ХІV-ХV құрылтайларында орталық комитет мүшелігіне сайланғандығы ол кісінің бедел-абыройының қаншалықты асқақ болғандығын танытса керек.
Бір ауданды басқарған басшыға бұл үлкен құрмет. Ол кездері Орталық Комитетке республика бойынша үш ауданнан ғана өкіл сайлануы тиіс болатын. Солардың бірінің ұйғыр ұлтының перзенті болғандығына қалайша мақтанбасқа? Ашим аға бұл абыройға мемлекеттің тапсырмасын орындау жолында ерінбей тер төгіп, өз ісіне адалдық танытқандықтан қол жеткізді. Елмен, көпшілікпен байланыс жасағандағы жоғары мәдениеттілігі, қарапайымдылығы, адамгершілігі де ол кісінің абыройын арттыра түсті. 
Ашим Қадырұлы аудандық, облыстық кеңестерге бірнеше рет  депутат болып сайланып, Ленин, Қазан революциясы, үш дүркін Еңбек Қызыл Ту ордендерін, елуге жуық медаль, Мақтау қағаздарын алғандығы, Жоғарғы Кеңестің Жарлығымен ілуде біреуге ғана берілетін Құрмет грамотасына ие болғандығы да оның еңбегінің өлшемі болса керек. 
Марқұм Ашим аға тірі болғанда 90 жасқа толар еді. Ол кісіге өзінің 70, 80 жылдығын тойлау несібесі де бұйырмады. Ел-жұрт ішінде еңбегі зор адамның қарапайым адами бақытқа қол жеткізгендігін яки жеткізбегендігін бүгін дөп басып айта  алмаймыз. Дей тұрғанмен Қарадала төсінде оның ізі, қолтаңбасы қалды. Ол тәрбиелеген жүздеген кадрлар бүгінде республика деңгейінде биік лауазымдарда еңбек етіп жүр. Менің жеке өзімнің тұлға болып қалыптасуыма әсер еткен, біріншіден әкемнің қаны, екіншіден осы кісінің тәрбиесі, үлгісі, өнегесі дер едім. Уақыт зымырап, өзіміз де қариялыққа жетіп, ардагер атанған кезде Ашим ағаның басып өткен өнегелі жолына құрметпен көз жіберемін.  
Өзімнің ұстазым, ауданның бетке ұстар азаматтарының бірегейі болған Ашим Арзиевтің 90 жылдық торқалы тойында ол кісі жайында естелік айтпау намысқа түскен дақ болар. Өзімнің көргенімді, басымнан өткергендерімді айту  парызым. Ашим Арзиев ауданымызға 1970 жылы 43 жасында қоныс аударады. Сол кездегі өлшем бойынша ол аудан басшыларының ішіндегі ең жасы болып саналатын. Дегенмен, оның тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетіне ешкім шәк келтірмейтін. «Болар бала болмысынан» демекші, ел-жұртының алдында абыройлары асқақ Қадыр мен Айшәм Йолчиевтердің отбасындағы тұңғыштары Ашим өте зерек, қағілез бала болып өседі. Мектепті таза «бес» деген бағалармен аяқтайды. Сондықтан да болар, ол мектепті бітірер-бітірместен мектеп жанындағы интернаттың басшысы болып тағайындалады. Зеректігінің арқасында Шелек аудандық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің басшысы, сонан соң бірінші хатшысы болады. Сол кезден-ақ облыс басшыларының көзіне түседі. Ұзақ уақыт өтпей-ақ Шелек аудандық партия комитетінің хатшылығына дейін көтеріледі. Басшылық оны 1954 жылы Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылындағы Чапаев атындағы МТС- тің партия комитетін басқаруға жібереді. Мұнда бір жарым жылдай еңбек еткен соң ол аудан басшылығын қолына алады. Оның өміріндегі жарқын кезең осы кезден бастау алды десек болады. 
70-жылдарға дейін Шелек ауданындағы «Қорам» совхозын басқарып, оны гүлдендіріп, биік белестерге шығарған кездері жөнінде мынандай деректер бар.
«Өткен ғасырдың 60-жылдары Алматы облысы бойынша ауданаралық тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, менің жетекшілігімде бір топ өкіл Шелек ауылына келдік», – деп жазыпты естелігінде Ұйғыр аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары Әркин Жәлилов.  – Бізді аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Құсайын Бижанов күтіп алды. Ол бізді аудан жағдайымен таныстырып болған соң «Қорам» совхозының іс-тәжірибесі, табыстарына ерекше тоқталып, сол совхоздың тыныс-тіршілігімен танысуды ұсынды. Совхоз директоры Ашим Арзиев бізді ашық-жарқын мінезбен қарсы алды. Біз үшін ең қызықты болған механикаландырылған сауын сиыр фермасын аралатып, жаңа технология, сүтті молайтудың жолдары мен басқа салалар бойынша пайдалы кеңестерін беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Ол кісінің басқару әдісі, ұйымдастыру қабілеті, шаруашылық жұмыстарынан тыс ауылдың көркін жақсарту, көшелерге тал-терек отырғызу, мектеп және басқа мәдениет орындарына ерекше көңіл бөлуі қайран қалдырды». 
Бұрынғы Кеңес және партия органдарында ұзақ уақыт қызмет еткен Әркин ағаның бұл сөздерінің шынайылығына  кейінірек біздің ауданның жұрты да куәгер болды. 
Осылайша 1970 жылы Ашим Арзиев Ұйғыр аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. Бұл, бір жағынан, заңдылық болса, екіншіден, күтпеген  нәрсе еді. Күтпеген дейтінім, ол кездері ауданымызды талантты, еңбекқор азамат Кинтал Исламов басқарып жүрген. Одан аудан жұртшылығы көп жақсылық күткен. Өкінішке қарай 1968-69 жылдардағы қаһарлы қыс оның тағдырын мүлде өзгертті. Сол қыстағы қалың қар біраз мал шығынын әкелді.  Ауа райының қолайсыздығынан келген шығын үшін аудан басшысы өз орнынан кетті. Сол кездегі тәртіп, заңдылық соны талап ететін. Енді заңдылық деген нәрсеге келсек, Ұйғыр ауданы деген атқа ие ауданды басқарудың Ашим ағадай атпал азаматқа бұйыруы заңдылық болатын. 
А. Арзиев үшін жұмыстың ұсақ-түйегі, азы, кішісі деген болмайтын. Ол үшін барлығы да басты мәселе ретінде көтерілетін. Көрші Кеген, Нарынқол, Панфилов аудандарына қарағанда біздің ауданда су тапшылығы қатты сезілетін. Әшекең бірден осы мәселені қолға алды. Кинтал Исламов негізін салып кеткен каналдың жұмысын жандандырды. Қарадалада артезиан құдықтарын қазу сияқты қаражатты қажет ететін, адам күші, техникалардың замануи түрін керексінетін жұмысқа бастамашы болды. Сол жылдары ауданда «Қарадала Казподземвод», «ПМК-29»  құрылыс мекемелерімен бірге жер бұрғылау бригадалары болып, мелиорациямен шұғылданатын мекемелер дүниеге келді. Бұл жұмыстарға нағыз кәсіби мамандар тартылды. Коммунар Тохтыбақиев, Абрамов, Генахунов сияқты білгірлер көш басынан табылды. Нәтижесінде жоғарыда аталған каналдардан басқа Киров атындағы, «ХХІІІ партсъезд» колхоздарының каналдары мен Довун, Қосағаш Сарбұлақ су тоспалары пайда болды. Қарадалада 300-ге жуық құдық қазылды. Оның сексені электр қуатынсыз, яғни артық шығынсыз табиғи жағдайда су беретін. 
Ол кезде тың  және тыңайған жерлерді  игеру істері басталған-ды. Соған байланысты Шарын өңірінің Бақтықурай, Сарышыған, Ұзынтам, Қарадала учаскелерінде ешқашан болмаған өзгерістер басталды. 60 шақырымдық коллекторлық дренаж тармағы жасалып, 4 мың гектар сазды жер егістік алқабына айналды. 70 мың гектар пішендікті суару мүмкіндігі туды. Алқаптарға суды үнемді жеткізу үшін облыс бойынша алғашқылардың қатарында фрегатпен суару әдісі жүзеге асты. Нәтижесінде суармалы жерлеріміз 150 мың гектарға көбейтілді. 1971 жылдан бастап су мәселесі толықтай болмаса шешілгендіктен аудан көлемінде азық-түлік өнімдерінен ешқашан болмаған өнім жиналды. Жем қоры мол жасалғандықтан ет, сүт, жүн, құс етін өндіруден облыста бірінші орыннан түспедік. РСХО-да мал бордақылау, Тоғызбұлақта ұсақ мал бордақылау кешені, Шонжының күншығыс жағында күніне 1000 қой, 100 ірі қара соятын ет комбинаты аудан экономикасын көтеріп қана қоймай, тұрмыстық ахуалды да жақсартты деуге болады. Ол кезде ірі қара саны 25000, қой, ешкі 500000, жылқы 9760 басқа жеткен. Ауылшаруашылығы өнімдері аз уақыттың ішінде 3,8 есеге көбейді. Тұқымдық үшін бидай, жүгері, жоңышқаның жаңа сұрыбын өсірген ауданымыз облыстың біраз аймағын қамтамасыз ететін орталыққа айналды. Айтуға оңай болғанымен бұл сандардың артында ауданның бірінші басшысы мен оның командасының тынымсыз еңбегі тұрғандығына ешкімнің дауы болмас.
70-жылдарға дейін Мирзигүл Насиров, Бату Илиясов, Бәрахун Қасимов, Үсүп Адавутов, Нуршидин Аппазов, Шәмахун Нурахунов, Қәмирдин Мәхсүтов, Һаким Мусаев, Ғупа Абдуманапов, Камал Әденов, Ізбасар Мұстапаев, Решит Манапов, Тойшибек Алахунов сияқты тәжірибелі басшылардың шаруашылықтары жас кадрлар үшін шын мәнінде үлкен шыңдалу мектебі болды.
Біртіндеп колхоз басшыларының жаңа буыны өсіп-жетілді. Осы жерде Ашим Арзиевтің кадр таңдаудағы ақыл-парасаты, алысты болжай білетін қасиеті таңдандыратын. Өз кадрларын қатты қорғаштап, барған жерлерінде елмен тіл табысуларын қатты қадағалайтын. Өзі де басшылықтың қалай болатындығын іс жүзінде сан мәрте дәлелдеп отыратын. Нурвәг Сейитов, Сәйдулла Шәрипов, Тельман Турсунов, Һәмзахун Өмәров, Йолдаш Давутов, Намазбай Оразалиев, Бекен Исаев, Нәсілбек Мәткәрімов, Сауытбек Молдашбеков, Камал Шәхиев, Әйсажан Тейипов, Фармен Исмайилов, Махмут Қасимов, Жеңіс Тойшыбеков сынды жас төрағаларды тәрбиеледі, баптап, баулыды.
Шаруашылықтардың кірісі молая бастаған соң үлкен ауылдарда мәдениет ошақтары, кітапханалар, дүкен, клубтар салынды. Көшелер ретке келтіріліп, көгалдандыру жұмыстары қолға алынды. Электр қуатын пайдаланатындар саны артты, ауыл қала кейпіне ене бастады. Бұрындары арықтардан су тасып ішетін жұрт ендігі жерде арнайы жасалған колонкалардан таза ауызсуға қол жеткізді. Аудан орталығы Шонжы тез өзгерді. Мемлекетке дәнді дақылдан миллион пұт өткізіп, мәдениетті жөндеген соң тұрғындар денсаулығы үшін 315 орынды жаңа аурухана құрылысын жедел қолға алып, оның аз уақыт ішінде пайдалануға берілуін қатты қадағалады. Бас дәрігер Абдуманап Амитахуновқа да маза бермейтін. Құрылысын өзі бастаған ғимараттың аяқталуы маған аманатталды. Мен ұстазымның аманатын орындадым. Сол мезгілдерде Шонжы, Шарын, Үлкен Ақсу, Кетпен ауылдарында ауруханалар салынды. 
Ашим аға үшін күн тәртібінен түспейтін саланың бірі – білім. Колхоздардың құрылысы үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейтін. Тек қысқамерзімді несие берілетін. Диқаншылық, мал шаруашылығы шарықтап дамып кеткендіктен ондай қаржыны алу және қайтару еш қиындық туғызбайтын. Жаңа құрылыс, жол жасайтын мекемелер құрылып, үш қабатты мектептер бірінен соң бірі бой көтере бастады. Қазір ойласам, сол кезде 20 бақша, 15 жаңа мектеп салыныпты. Аудан орталығында кәсіптік-техникалық училище салынды. Бұл табыстарда «Межколхозстрой» мекемесінің басшысы Оскар Умшвайфтың, кірпіш зауытының басшысы Аблин Низахуновтың, бірнеше құрылыс мекемелерінің басшыларының еңбектері ерен.
Біз, Кеңес кезінің адамдары, комсомол, партия шекпенінен шықтық. Оған еш өкінбеймін. Біздің басты ұстанымымыз ар, намыс болатын. Бағымызға қарай, Ашим Арзиевтей азаматпен үзеңгілес, қызметтес болдық. Оның қарапайымдылығы, мәдениеттілігі, жеті өлшеп, бір кесетін сабырлылығы бізді тәрбиеледі. 
Ашим аға ауданға мәдениет ұрығын септі десем артық айтқандық емес. Өзі де байсалды, сабырлы жан еді. Үлкенге де, кішіге де «сіз» деп сөйлейтін. Ашим аға ең алдымен экономикаға көп көңіл бөлді. Одан соң табиғи жолмен мәдениет те жоғары сатыға көтерілді. Қарапайым еңбек адамдарының жағдайына бірінші кезекте қарайтын. Егістік басына қызыл бұрыштар ұйымдастыратын. Онда газет-журнал, кітап, радио, телевизор да табылатын. Аудандық мәдениет бөлімін ұлты орыс болса да үш тілде таза сөйлейтін Люба Плескачева басқаратын. Бұл бөлімнің адамдары, яғни мәдениет қызметкерлері, егістік алқабында, шопандар ауылында күндіз-түні қызметте болатын. 
Осы жерде айта кету керек шығар, Үлкен Ақсу ауылында көркемөнерпаздардан құрылған Султанмурат Рәзәмов басқарған ұйым 1973 жылы «Арзу» ансамблі болып ұйымдасады. Бұл ансамбль шетелдерге шығып «Халық ансамблі» деген атаққа ие болды. 
Аға буынның есінде болар, 1985 жылы  «Коммунизм туғи» (қазіргі «Уйғур авази») газетінің таралымы  25 000-ға жеткен, оның       8 мыңы біздің ауданның оқырманы болатын. Ашим ағаның тағы бір қасиеті – өнер адамдарын, ақын-жазушыларды қатты сыйлайтыны. Өзі де атақты танымал адамдармен туған бауырындай араласып, олардың шығармашылығына дем беріп отыратын. Алыс-жақыннан келген қонақтарды өзі күтіп, шығарып салатын меймандос қасиетін де атап айтуға болады. Аудан орталығындағы өзі негізін қалаған Даңқ аллеясына апаратын. Қысы-жазы аршалары көктеп, арнайы тапсырыспен әкелген гүлдері күздің соңына дейін ауданға шырай беріп тұратын. Ауданның тарихы, оның еңбекқор адамдары жайлы айтудан жалықпайтын. Аудандық комсомол комитетін, одан соң атқару комитетін басқарған тұсымда келген қонақтарды қарсы алуды маған тапсыратын. Бірде Москвадан «Правда» газетінің тілшісі келгендігі есімде. Олар ауыл көшелеріндегі гүлдерге таңғалды. Сонда Ашим ағаның «Біз ежелгі халықпыз. Ән- жырымызбен қатар бағбандық, гүл өсіруді жақсы көретін халықпыз» дегенін әлі күнге есімнен шығара алмаймын. 
Ұйғыр ауданы шекаралық аудан. Заставалар мен шекара отрядының объектілеріне де жұмыс күші, техника, құрылыс материалдары жағынан жәрдемін аямады. Отрядты басқарған         З. Калпаков, В. Заборенко, Лукашевич сынды әскери шенділер Ашим ағаны қатты құрметтейтін. Олар кейін басқа аймақтарға ауысып кетсе де Ашим ағаны арнайы іздеп келіп, сәлем беретін. Қайтыс болғанда да бірінің Қиыр Шығыстан, екіншісінің Батыстан арнайы келіп көңіл айтулары да ол кісінің қаншалықты беделді болғандығын танытса керек. 
Ашим ағамен 1975 жылдан өмірінің соңына дейін араластым. Әкем Мирзигүлмен құрдас, әріптес болғандықтан да шығар, бір жағы өзімнің әкемдей сыйлап өттім. Ұстазым санадым. Арасында партия мектебінде оқығанымда, облыстық партия комитетіне қызметке ауысқанда да ол кісінің назарынан тыс қалмадым.
1985 жылы Ашим ағаның ұсынысымен аудандық атқару комитетіне төраға болып қайта оралдым. Онда да ақылшым бола білді.  Сонан соң өзі аманатқа қалдырған орнында тоғыз жыл ауданды басқардым. Сол кездегі облыс басшысы Асанбай Асқаров, Кеңес Аухадиевтер Ашим ағаны үлгі тұтатын. Өз кадрларының  өсуіне көп көңіл бөлетін. Шәкірттері Ызғарбек Бектұрсынов  Күрті ауданын басқарса, Сауытбек Құрманәлиев Балқаш ауданын, Мырзабек Ахметов Қаскелең аудандарын басқарды. Басқа салаларда да көптеген кадрды жетілдірді. Олардың ешқайсысы жаман  атқа ілікпеді. Міне, мықтылық, міне, таланттылық. 
 Мемлекеттік қызметке әйелдерді тартуда өзіндік әдісі болатын. Партия және кеңес қызметкерлері Аминәм Әсқәрова, Галина Уразаева, Хәйриниса Насирова, Санийәм Қарабаева, Санийәм Әхмәтова, Турсунбүви Әлаева, Сәуле Қайырбекова, Саһибәм Давутова, Тамара Рәшитова, Галя Турдибақиева, Гүлинур Исақова, Рошәнгүл Йәһиярова, Сара Тұрыспекова, Роза Гүлметова, Халидәм Иминова,  Социалистік Еңбек Ері Рахиләм Сейитова, Тохтихан Розахунова, Гүлнарә Розахунова, Әйнурәм Рәһманова, Халидәм Мәсрәтова, Илпәтхан Замандинова, Пәридәм Тейипова, Күлхан Әлбековалар аудан намысын жоғары  жерлерде қорғаған қыздарымыз.
Ашим аға тұрмыста өте қарапайым болатын Оның жанашыр достары, сыйластары өте көп. Бауырларына деген ізеті де ерекше еді. Інісі Қасым Қадырұлы екеуі өте жақын болатын. Қасым аға да республикаға танымал дәрігер, республикалық санаторийлер бірлестігінің бас дәрігері қызметін абыроймен атқарған атпал азамат. Жақында ғана тұсаукесері өткен «Жетісу» арасанының іргетасын ағалы-інілі Арзиевтер қалаған болатын. Ашим аға Зипәр Баратов, Құрман Қожахметов, Аван Өмәров, Абдувайит Сәйдуллаев, Сәйдәлім Тәнекеев, Ұзақ Таубалдин, Құсайын Бижанов, Барат Адилов, Болат  Нұрғазиев, Заманбек Батталханов, Мирзигүл Насиров, Абдуллам Мәшүров, Хеләм Худайбәрдиев, Авут Саттаровтармен туған бауырларындай сыйласып өтті. Өзінің атымен аталатын көше бойындағы үйінен құтты қонақтар үзілмейтін. Дінмұхамед Қонаев бірнеше рет болған. 
Осы жерде өмірлік жары болған алтын құрсақты ана Турсынбүви апай туралы айтпасқа болмас. Күнді күн демей, түнді түн демей келген қадірлі қонақтарына дастарқаны әркез жаюлы. Ашим аға инфаркт алып, ауыр халде жатқанда қасынан бір елі алыстамады. Алты перзенті де абыройлы азамат болып өсті. Аспады, тасымады. 
Бұл күндері аудан жұртшылығы Ашим Арзиевтің 90 жылдығын атап өтіп жатыр. Тәубе делік. Еңбегі елеусіз қалмады деген осы болар.
 

Мұратбек НАСЫРОВ.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026
Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

02.05.2026
Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.