Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Текеліде туристік форум өтеді

11.08.2017
КҮЛТӨБЕ
Текеліде туристік форум өтеді
WhatsAppTelegramFacebook

Текелі қаласының әкімі Бақтияр ӨНЕРБАЕВ облыстық коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг өткізіп, табиғаты көркем моноқалада атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып өтті. Қала әкімінің айтуынша, Жетісу өңірінен жалғыз моноқала статусын иеленген Текеліде жетістік көп, табыс мол, өндірістік өсім жоғары.

Осыған орай қалада құрылыс жұмыстары толастамай, әртүрлі нысандарға күрделі жөндеу жүргізілуде. Халықты баспанамен қамту мәселесі де лайықты деңгейде. Атап айтқанда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен қалада 80 пәтерлік жалдамалы тұрғын үй бой көтеруде. Құрылысына 430,4 миллион теңге бөлінген үй жетім балаларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, жас мамандарға беріледі.
Бүгінде халқының саны 32 мың 600-ге жеткен қалада соңғы бес жылда тұрғындар саны 2700 адамға өскен. Соған орай жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылып, өндірістік өсім мөлшері ұлғайып отыр. Мысалы, биылғы 6 айдың ішінде моноқалада 7548,6 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, ауылшаруашылық дақылдары өсірілген.
Одан бөлек, биыл сәуір айында ұн шығаратын «Аrtek-Stone» ЖШС іске қосылcа, мамырда «Алақай» сауда белгісімен кондитерлік прәндік шығаратын өндіріс көлемі ұлғайтылды. Соған сай 5,8 миллион теңге игеріліп, 17 жаңа жұмыс орны құрылды. Cонымен қатар, Текелі кенді қайта өңдеу кешеніндегі «Вару Міnіnд» ЖШС-да 438 адам жұмыс істейді. «Инновациялық технологиялар бойынша шойын алынатын темір кенін өндіру мен өңдеу» атты жобаны жандандыруға кіріскен кәсіпорын жоба басталғалы моноқалаға 7044,7 миллион теңге инвестиция тартып, биыл 629,8 миллион теңгенің жұмысын игеріп отыр. Моноқаланың жоғарғы жағында жатқан Қора өзенінің қуатын пайдалануды жөн деп тапқан «АСПМК-519» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қуаттылығы 21,5 МВт. болатын СЭС құрылысын жүргізіп жатыр. Сметалық құны 4,7 миллиард теңге болатын жоба қазірдің өзінде 2,0 миллиард теңгенің жұмысын атқарып үлгерді.
Сонымен қатар орта және шағын бизнес қарқынды дамып келе жатқан Текелі моноқаласында салық түсімі тұрақты түсіп тұрады. Биылғы алғашқы жартыжылдықта шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 1122 кәсіпкерлік нысан 4,1 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, мемлекеттік бюджетке 541,0 миллион теңге салық төлеген.
Жұмыспен қамту, кәсіптік білім беру сынды өзекті мәселелер де орнымен жүзеге асырылып, қаланың инфрақұрылымын жақсарту мен дамыту бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар іске асырылуда. 2020 жылға дейінгі Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бөлінген 3,5 миллиард теңгенің 776,4 миллион теңгесіне 20,7 километр жол қайта жасалса, 1501,9 миллион теңгеге «Достық» және «Алатау» шағын аудандарындағы 9 километрлік жылу жүйесі ауыстырылды, 308,6 миллион теңгеге 3 көпір жөнделіп, 312,6 миллион теңгеге тазарту ғимараты мен Қора өзеніндегі бас тоғандағы резервтік электр беру желісі салынды.
Қаланы абаттандыру, көріктендіру жұмыстары да тұрақты жүріп келеді. Соның арқасында орталық саябақ қоршалып, көшелер жарықтандырылған, жаяу жүргінші жолдары жасалған. Бір сөзбен айтқанда, моноқалада өндірістік өркендеу басым, жетістік пен көрсеткіш мол.
Брифингте Бақтияр Өнербаевқа көптеген сауал қойылды. Солардың ішінде облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін екі сұрақ қойды. Оның біріншісі: «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын көпшілікке түсіндіру, насихаттау жұмысы қалай жүруде?» – деп келсе, екіншісі: «Текелі табиғаты, мүмкіндігі жағынан туризмге бейім қала. Осы сала қалай дамымақ, келешегі қандай?» – деген сауал болды.
– Орынды сұрақ. Бүгінгі күні жасалып жатқан қоғамдық жұмыстардың негізгісіне Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған өзекті мәселелер жатады. Елдің рухани тұрғыдан өрлеуі, жоғарғы сатыға ауысуы заман талабынан туындады. Өйткені, тәуелсіздігі өркендеген 26 жылдың ішінде көптеген жұмыс атқарылды, биік межелер бағындырылды. Енді рухани сананы жаңғыртпасақ даму үдерісінен сырт қаламыз. Сондықтан Елбасының алға қойған мақсаты рухани жаңғыруға көп көңіл бөлініп отыр, – деген Бақтияр Әлтайұлы Текелі моноқаласының тыныс-тіршілігін таныстырып өтті. – Осынау мақаланы насихаттау, онда айтылған үлкен межелерге қол жеткізу мақсатында арнайы құрылған жоспар бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Рухани жаңғыруды насихаттау тобының мүшелері келіп Текелі жұртшылығымен үлкен кездесу өткізді. Қазір барлық деңгейдегі әлеуметтік салалар толық қамтылып, жастармен, зейнеткерлермен, жұмыссыздармен кездесулер өткізіліп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атта мақалада айтылған негізгі мақсаттар түсіндірілуде. Соған орай құрылысшы, диқан мен шопан сынды қарапайым еңбек адамдарының арасынан тұлғалық қасиеті басым азаматтарды анықтап, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына кіргізуіміз керек. Ондай еңбегі орасан, қызметі адал, жұмысы ауыр жандар Жетісу жерінде көптеп кездеседі. Осыған байланысты өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ондай жандардың тұлғалық болмыс-бітімін, елдің өркендеуіне қосқан үлесін көпшілікке жеткізуіміз, таныстыруымыз қажет. 
Екінші сұрағыңызға келер болсақ, жалпы Алматы облысының табиғаты көрген жанның көзін тойдырып, рухын шаттандырады. Сондықтан жер жаннаты Жетісудың жүрегі Текелі десек қателеспейміз. Себебі, екі таудың ортасында, үш өзеннің сағасында орналасқан Текелінің көркі ерекше, тұрғындарының ықылас-пейілі кең, көңілі дарқан. Онда туризмді дамытуға қажетті мүмкіндіктер баршылық. Ол үшін Текелінің әлеуетін, мүмкіндігін күллі әлемге таныстыруымыз керек. Сол үшін облыстық кәсіпкерлер палатасымен және облыстық туризм басқармасымен бірлесіп 20 қазанда халықаралық туристік форум өткізбекшіміз. Оған Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларын шақырамыз. Өйткені, Жетісудың барлық өңірінде туризмді дамытуға болады.
Брифингте Текелі моноқаласының құрылғанына 65 жыл толуына, халықты тұрғын үймен қамту мәселесіне, қала тазалығына, табиғатына, зейнеткерлерге қолдау, көмек көрсетуге, жастар тәрбиесіне қатысты сұрақтар қойылып, лайықты жауап берілді.

 

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.