Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Қазақ күресіне қыздарды қосса

31.07.2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
Қазақ күресіне қыздарды қосса
WhatsAppTelegramFacebook

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен дзюдодан Азия біріншілігі еліміз үшін аса  сәтті болды. Сол сайыста өңіріміз қос алтынға қол жеткізді. Солардың бірі — жастар арасында өз салмағында қарсылас шақ келтірмей Азия чемпионы атанған Камила Берліқаш. Жуырда талдықорғандық дзюдошы қызбен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Ендеше алтын қыздың әңгімесіне құлақ түрейік. 

 

– Камила, Азия бірінші­лігіндегі алтының құтты болсын! Туып-өскен жеріңіз, отбасыңыз жай­лы айтып берсеңіз?
 – Рахмет! Мен 1999 жылы қарашаның тоғызы күні Талдықорған қаласында дүниеге келдім. Отбасымда әкем, анам, екі сіңлім және екі інім бар. Мен үйдің үлкенімін.
– Күреске қалай және қай жылы келдіңіз? 
– Үйде анамның сіңлісі дзю­до спортымен айналысқан. Соған қарап әкем мені күреске жіберді. Алғашында анам рұқсат бермеді. «Күреске барма. Қыз баласың ғой, биге, домбыраға бар», – деді. Анам­ның айтуымен домбыра үйірмесіне бардым. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Ақыры әкем мені 2011 жылы 11 жасымда УПК залына күреске алып келді. Балалармен тіл табысып, үйренісіп кеткенше жаттығуға менімен барып жүрді. Алғашқы жаттықтырушым Саят Құдайберген болды. Күреспен айналысқаныма анам бір жарым жылдай үйрене алмады.  Бірақ қазір жеткен жетістіктеріммен мақтанып жүреді. 2012 жылы дарынды балаларға арналған мекеп-интернатына Айдос Валиев ағай шақырды. Төрт жыл сол мектепте оқыдым. Ол мені екі жыл жаттықтырды, одан кейін Рихман Наймаханов ағай дайындады. Қазір Рихман ағайда жаттығамын. 
– Алғашқы жарысыңыз жайлы сөз қозғасақ 
– Көксу ауданы Талапты ауы­лында аудандық жарыс болды. Ол кезде менің жасымда үлкен салмақта адам болмайтын. Сөйтіп 57+ салмақта қарсылас болмай, алғашқы жарысымда алтыннан алқа тақтым. 
– Камила, бес жыл бойы бір салмақтың пат­шайы­мы болып келесіз. Жарысқа барарда салмақ түсіресіз бе? 
– Жоқ. Көп спортшылар сал­мақ қуып жарысқа барады. Маған ағайым, керісінше, «салмақ жоғалтсаң денсаулығыңды да жоғалтасың. Асхат Жіткеев ағаң сияқты үлкен салмақта биік бе­лестерді бағындыр» дейтін. Жалпы, барлық спортшыға салмақ ұстамаңдар дейді. 
– Күресте жеткен нә­тижеңіз? 
– Дзюдо күресінен Қазақ­стан біріншілігінде он екі мәрте жеңімпаз болдым. Биыл 23 жас­қа дейінгі әйелдер арасында чемпион болдым. Жасөспірімдер арасында Азияның барлық медалін мойныма тақтым. Осы жылы жастар құрамасына өтіп, Бішкекте болған Азия біріншілігінде де бірінші орын алдым. 
– Дзюдомен ғана айналысасыз ба? 
– Иә. Самбоның ережесі бөлек болғандықтан бас бапкер күрестірмейді. Ал қазақша күрес­ке қыздарды толық қоса қоймады. Бірақ қыздар арасында «Қазақстан барысы» болса міндетті түрде барар едім. Өйт­кені қазақ күресі біздің төл спортымыз. Қазақ күресіне қыз­дарды қосса дұрыс болады деп ойлаймын.              
– Азия біріншілігі қалай өтті? Жастар арасындағы алғашқы ірі жарысыңыз қиын болды ма? 
– Иә, жасөспірімдер арасындағыдай емес, жастар арасында белдескен мүлде бөлек. Әйтсе де барымды салып күрестім. Бірдей салмақта 6 адам болғандықтан, екі топқа бөлді. Бірден ширек финалдық белдесуден бастадым. Боз кілемге моңғол палуанымен шықтым. Онымен 2015 жылы Тайландта өткен Азия біріншілігінде кездескенмін. Сондықтан қиынға түспеді. Өзімнің әдісім патхватты жасап, таза жеңіске жеттім. Алғашқы кездесу ауыр болмағанымен ақтық сындағы айқаста біраз тер төктім. Сыртқы жамбас деген тәсіл жасап жеңіске жеттім. Сөйтіп Азия чемпионы атандым.
 – Алдағы мақсатыңыз 
– Бұйырса алдағы өтетін Универсиада ойындарында үздік үштікке ену. Қазан айында Хорватиядағы Загреб қаласында өтетін Әлем біріншілігінде чемпион атану.

– Сұхбаттасқаныңызға рахмет! Биік белестерден көрінуіңізді тілейміз.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.