Иорданияда (Амман қаласы) өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы (U15) Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпы есепте 6 алтын, 10 күміс және 5 қола медаль еншілеп, үздік үштікке енді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Азияның үздік былғары қолғап шеберлері жиналған жарыста Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді. Ал жалпыкомандалық есепте Үндістан – 11 алтынмен көш бастаса, Өзбекстан 7 алтынмен екінші орынға жайғасты.
Ұлдар құрамасы – 4 алтын, 5 күміс, 1 қола
Ұлдар құрамасын бас бапкер Жақсылық Молдаханов бастап барды. Жас боксшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.
Алтын жүлде иегерлері:
-
Дамир Джаншиликов (33 кг)
-
Шыңғыс Ахметов (49 кг)
-
Нұрбақыт Төрегелді (55 кг)
-
Нұрислам Ташмағанбетов (+70 кг)
Күміс жүлдегерлер:
-
Жақып Біржан (37 кг)
-
Қуаныш Халимбет (40 кг)
-
Жандос Қалқанов (58 кг)
-
Нұрасыл Хасан (67 кг)
-
Темірлан Казыев (70 кг)
Қола жүлдегер:
-
Мейіржан Шәді (64 кг)
Қыздар құрамасы – 2 алтын, 5 күміс, 4 қола
Қыздар құрамасын Айбек Әбілда баптап апарды. Жас спортшы қыздарымыз да бұл сында табандылық танытып, жүлдесіз қайтқан жоқ.
Алтын жүлде иегерлері:
-
Ақерке Далабай (64 кг)
-
Жансая Ержан (70 кг)
Күміс жүлдегерлер:
-
Айару Оңғарбек (33 кг)
-
Әнел Ордабек (35 кг)
-
Томирис Сатыбалды (40 кг)
-
Медина Абылқасым (46 кг)
-
Мадина Сапар (55 кг)
-
Айлин Ходжамбердиева (61 кг)
-
Зиада Сүйеналы (67 кг)
-
Перизат Мәлік (+70 кг)
Қола жүлдегерлер:
-
Дана Оразбекқызы (37 кг)
-
Айару Файзуллаева (52 кг)
-
Ясмин Джаутханова (58 кг)
Қазақстан – болашағы зор бокс мектебін дәлелдеді
Азия чемпионаты Қазақстанның жас буын боксшыларының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. 21 жүлде – бұл алдағы ірі додалар алдында үлкен сенім ұялатады. Құрама бапкерлерінің айтуынша, мұндай нәтижелер – жүйелі дайындық пен жастармен дұрыс жұмыс істеудің жемісі.
Фото: Vesti.kz





