Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Кітаптың тұсауы кесілді

10.07.2017
ЕКІ ТІЗГІН
Кітаптың тұсауы кесілді
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты жаңа туындының тұсаукесері өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

 

Кітап авторы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, тарихшы, жазушы, публицист Николай Зенькович тұсаукесер барысында кітапты шығару идеясы мен Елбасының өміріндегі сюжеттік желіге арқау болған негізгі оқиғалар туралы баяндады. 
Танымал тұлғалар туралы жазылған 60-тан астам кітаптың авторы Николай Александрович өз тізіміне Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы болып енгенін айтты. «Мен бұл кітапты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейiн жаза бастадым. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаев туралы оғаш пікір айтылғанын естіген емеспін. Қоғамдық пікір деген осы. Нұрсұлтан Назарбаев туралы қоғам ойының өзгергенін де көрмедім. Ол халқының, ал халқы Мемлекет басшысының қадірін біледі. Бұл кітап 12 жастан асқан оқырмандарға арналған. Басты идеясы – қол қусырып отырсаң, ешқашан ұлы тұлға бола алмайсың», – дейді автор. Қаламгердің айтуынша, кітапта суреттелген Елбасының жалынды өмірі оқырманды өзіне еріксіз баурап алады. 
«Нұрсұлтан Назарбаев тарих үшін маңызды оқиғалардың басы-қасында жүріп қана қоймай, қиын кездері жағдайды өз қолына ала білді. Бұл үшін ерлік, білім және тәжірибе керек. Ең бастысы – Отан үшін еңбектену. Президенттің өмірі Отанымен, халқымен бірге өрбіді. Соның арқасында оны тек Қазақстанда емес, шетелде де ерекше бағалайды», – дей келе, кітап авторы жастар Н. Назарбаевқа ұқсаса деген тілегін айтты. 
Кiтаптың орыс тiлiндегi нұсқасы 2 мың дана, қазақ тiлiндегi аудармасы да 2 мың данамен шықты. Ресейлік жазушының кітабын қазақ тіліне белгілі қазақстандық журналист, қаламгер, ТМД журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай аударған.  
«Елбасының саяси тұлға ретіндегі еңбектері көп дүниеге арқау болды. Бірақ оның жастық шағы туралы фильмнен басқа ештеңе жоқ. Тоқсаныншы жылдардың басында Бейбіт    Сапаралының Президенттің балалық шағы туралы кітабы шыққан болатын. Бірақ жоғары сынып оқушыларына, студенттерге арналған кітап жоқ еді. Осы кітап сол бос орынға кірпіш болып қаланды», – дей келе,  Қайнар Олжай кітаптың стилін Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасына ұқсатты. 
Аудармашының айтуынша, кітапта тарихи деректер көптеп қамтылған. Мысалы, Назарбаевтың Қазақстан мұнайын қалай игереміз деген мәселемен «Шевронға» барып, екі апта бойы тәжірибеден өткенін біреу білсе, біреу білмейді. Сонымен қатар, кітапта біз білмейтін деректер де пайдаланылған. 
Жиында сөз сөйлеген      «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова кітап тілінің жатықтығын ерекше атап өтті. «Кітаптың оқушылар мен жастарға қажетті дүние екені көрініп тұр. Мұнда ұлттық тәрбие алған, салтымыздан сусындаған баланың Елбасы болғанға дейінгі өсу жолы құнарлы тілмен жеткізілген. Бұл жастар үшін, ұстаздар үшін де пайдалы болмақ. Назарбаев зияткерлік мектептері оқу процесінде оны міндетті түрде пайдаланатын болады»,  – деді ол. 
Кітап екі бөлімнен тұрады. «Үшқоңырдан шыққан ұлан» атты бірінші бөлімі Президенттің балалық шағын, жастық жылдарын сөз етеді. «Мәртебелі Президент» аталатын екінші бөлімі оның әлемге танымал тұлғалар қатарына қалай қосылғаны туралы сыр шертеді.

Гүлнұр
ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,
 «Егемен Қазақстан»

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.