Талдықорған: +5°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жарқын істер жалғасы

08.06.2017
КҮЛТӨБЕ
Жарқын істер жалғасы
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданының даму қарқыны соңғы жылдары уақытпен үндесіп, күн өткен сайын артып келеді. Оған өңірдегі инновациялық жаңа жобалардың жүзеге асуы, ауылшаруашылығының тың технологиялармен жабдықтауы, жаңа кәсіпорындардың көптеп ашылуы қарқын беруде. Соған сәйкес тұрғындардың әлеуметтік жағдайы да жақсара түсті, жаңа мектептер, медицина мекемелерінің ғимараттары салынып, Мәдениет үйлері жөнделе бастады.

Екі күндік жұмыс сапарымен өңірге келген облыс әкімі Амандық Баталов аудандағы сан салалы жұмыстармен жақын танысты. Алдымен ат басын «Көктал-Агро» ЖШС егінжайына бұрған облыс басшысы, жасыл теңіздей жер бетіне жайқалып өсіп шыққан жүгері алқабын көріп, қолданылған жаңа технологияның тиімділігін бағамдады.
Облыс әкіміне жүгерішілер жұмысын аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев пен «Көктал-Агро» ЖШС төрағасы Ж. Оханов баяндады. Серіктестік биыл 273 гектар жерге жүгері өсірсе, соның 223 гектарына тамшылатып суару әдісін қолданыпты. Оның         90 гектары №1, 76 гектары №2 және 107 гектары №3 бригадаларға тиесілі. Тамшылатып суару әдісін жаз айларында су тапшылығы бар алқаптарда пайдалануға баса назар аударылған.
Өңірде ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін құру үрдісі етек алуда. Солардың бірі Көктал ауылдық округінің Аққұдық ауылындағы кәсіпкер Н. Қарабалаев құрған «Көктал» кооперативі. Ауыл іргесінен жер алып, Ресейден сүтті ірі қара малының тұқымын сатып әкеліп, сиыр фермасының негізін қалаған ұжым биыл алғаш бұзаулаған 20 құнажынды сауып, сүт өндіре бастамақшы. Осы ферма қақпасында облыс басшысына ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін Шолақай ауылында құрылған «Абуов», Алтыүй ауылындағы «Ауғанбаев» өндірістік кооперативтерінің де жұмысы таныстырылды. Жаркент қаласының іргесінде ашылған тері өңдеп, қой жүнін жуатын жаңа зауыт жаңалығы да қызығушылық тудырды.
Бұдан кейін Амандық Ғаббасұлы «Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас» жолын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жол-жөнекей күре жол бойындағы Көктал ауылының өкпе тұсындағы сол жағалауын қызыл су ескен өткелге арнайы тоқтап, жұмысын жаңа бастаған көпір құрылысының басшыларына бірқатар ескерту жасады. Жылда селден зардап шегетін өткелге биыл          82 метрлік жаңа үлкен көпір салынбақшы. Облыс басшысына Жаркент қаласының орталық «Жібек жолы» көшесінде жол құрылысының жалпы сипатын көз алдыға әкелетін тақта арқылы құрылыс қарқыны таныстырылды. Аудан орталығы мен бірнеше елді мекенді көктеп өтетін жол құрылысын сапалы жүргізу жауапты тұлғаларға тапсырылды. Әсіресе елді мекендердегі жаяу жүргіншілер өткелі мен автотұрақтардың, аялдамалардың құрылысының, көгалдандыру жұмыстарының талапқа сай атқарылуын қатаң бақылау аудан басшысына жүктелді. Жаркент қаласының орталық көшесіндегі жарық шамдарының темір бағаналарын биіктету мәселесі де айтылды. Сонымен қатар, облыс басшысына мемлекеттік «Нұрлы Жол», «Ақбұлақ», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары бойынша атқарылып жатқан істер де таныстырылды.
Күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан аудандық аурухана ғимаратындағы жұмыс жайын облыс басшысына бас дәрігердің орынбасары Мұрат Мұхаметжанов баяндады. Ғимараттың хирургия бөлімінің жартысы мен жансақтау бөліміндегі құрылыс жұмыстары аяқталыпты. Алайда мұнда құрылысшылар тындыратын іс әлі көп. Құрылыс жұмыстарына бөлінген 291 миллион теңгені алған «Фирма «ЛАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өткен жылдың қазан айында басталған күрделі жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтағаны абзал. Мердігерлермен әңгіме барысында Амандық Ғаббасұлы жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылуына баса назар аударуды тапсырды. Жұмыстың аяқталған жерлеріндегі бояудың солғындығын, сапасыздығын көрсетті. Аурухана басшыларына халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарылату, өз міндеттерін жауапкершілікпен адал атқару жүктеді.
Түстен кейін облыс басшысы Жаркент қаласының солтүстік шығысында салынған тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауытын аралап көрді. Қытайлық жабдықтармен жарақтандырылған жаңа кәсіпорынның жергілікті халыққа тигізер пайдасы орасан мол. Ең әуелі әр отбасы өз үйінен шығарылған темір мен әйнектен басқа барлық күл-қоқысын осы кәсіпорынға ақылы негізде өткізеді. Бұл елді мекендер мен олардың маңын көз сүріндіретін қоқыс үйінділерінен арылтпақ. Зауыт директоры К. Ермұханбетовтың айтуынша кәсіпорын сол қалдықтардан өзге өндіріс орындарына өте қажет өнімдер шығарып саудалайды. Мысалы, Жаркентте жақында іске қосылған асфальт зауыты осы кәсіпорын өндіретін техникалық майға өте зәру екен.
Ал, Жаркент қаласындағы 300 орынды жаңа мектептің құрылысы толық аяқталып, алдағы оқу жылының басында пайдалануға берілмекші. Дегенмен, жаңа мектеп үйінің кейбір қабырғаларына сызат түсіп жарылғаны, жылу жүйесіндегі, айналасын абаттандырудағы және басқа да тұстарындағы кемшіліктер байқалып қалды. Облыс әкімі мердігер құрылыс ұйымының басшыларына осы кемшіліктерді талапқа сай жедел жөндеуді тапсырды.
 Мырзағали НҰРСЕЙІТ

 

Қатысты жаңалықтар

Күлдіремін деп бүлдірме!

Күлдіремін деп бүлдірме!

04.03.2026
Бүгінгі сатираның сиқы қандай?!

Бүгінгі сатираның сиқы қандай?!

04.03.2026
Достар қайда барады?!

Достар қайда барады?!

04.03.2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 500-ге жуық қазақстандық елге оралады – СІМ

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 500-ге жуық қазақстандық елге оралады – СІМ

04.03.2026
Ұлттық банк 4 наурызға арналған валюта бағамын бекітті

Ұлттық банк 4 наурызға арналған валюта бағамын бекітті

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.