Талдықорған: +12°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Офицерлер балы

5 маусым 2017
РУХАНИЯТ
Офицерлер балы
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметі «Көктем Grand» қонақүй кешенінде алғаш рет «Офицерлер балын» ұйымдастырды. Игі бастама ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай өтті.

Белгілі хореограф Денис Масковских дайындаған ханзада мен ханшайымдай 16 офицерлік жұп әдемі әуенге елітіп, өнерлерін ортаға салды. Шараға Талдықорған гарнизонының үздік офицерлері, еріктілері мен қала тұрғындары қатысты.
– Бас қолбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев барлығымызға үміт артты. Тәуелсіз еліміздің туы жығылмасына сенім білдірді. Сондықтан бірлігіміз бекем, қорғанысымыз мықты болуға еңбек етейік. Отанымыз бейбіт күн кешіп, тыныштығымыз бұзылмасын. Мереке құтты болсын! – деді жүрекжарды тілегін ақтарған Талдықорған әскери гарнизонының штаб бастығы, подполковник Жанат Ермұханов.
Әскери азаматтардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттырып, Ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға үндеген шарада тәуелсіздік атты ұғымның маңыздылығы айтылды. Соған қол жеткізу үшін жанын пида еткен бабаларымыздың батырлығы, ерлігі жастарға үлгі етіліп, ел мен жердің қасиеті әспеттелді. Веналық вальс концерттік бағдарламаның мәні мен сәнін келтірді. Көктемдей құлпырған сұлулар мен қайратты жігіттердің биі көпшілікті тәнті етсе, өнерпаздар тамсандырып ән айтты. Мерекелік шараның соңында кештің ханзадасы мен ханшайымы анықталды. Олар: Тимур Ибадуллаев және Динара Молдахметова. «Бүгінгі шараға қатысу мен үшін абырой, келешекте де игі бастама жалғасын табады деген ойдамын. ҚР Қарулы Күштері мемлекетімізбен бірге дамып, қорғанысымыз нығая берсін», – деген Тимур Ибадуллаев ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. 

Мәулен ӘНЕРБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00
Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 13:32
Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Бүгін, 13:30
Балқаш көліне 40 млрд текше метрден астам су келді

Балқаш көліне 40 млрд текше метрден астам су келді

Бүгін, 13:05
Қаратал ауданында мүлік салығын есептеудің жаңа тәртібі бекітілді

Қаратал ауданында мүлік салығын есептеудің жаңа тәртібі бекітілді

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.