Талдықорған: +12°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Сапасы мен сәні үйлесім табады

1 маусым 2017
КҮЛТӨБЕ
Сапасы мен сәні үйлесім табады
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған шаһарында жаңа нысандар көптеп салынуда. Сонымен қатар, ескілері жаңартылуда. Сапалы салынуы әкімдік тарапынан жіті қадағаланып келеді.  Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан  мәдениет басқармасының ғимаратын аралады.

Мердігер компания «Ауылқұрылыс» фирмасы жөндеу жұмысын уақытында аяқтайтынын айтты. Ішкі жұмыстары аяқ­талуға жақын. Әктеу, сырлау шаралары соңына жетіп қалыпты. Сынға алынған мәселе – мекеменің қасында автотұрақтың жоқтығы. – Ғимарат ішіне қаржы басқармасы да орналасады. Яғни, келушілер қарасы көбейеді. Көшеге қойылған көліктер салдарынан ыңғайсыз­дық туындамас үшін  автотұрақ орнату кезек күттірмес мәселе, – деді Лаззат Махатұлы. 
Осы орайда, Абай мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысына автотұрақ орнын белгілеу, дайындау тапсырылды. Бұдан кейін облыс әкімінің орын­басары бастаған тексеруші топ орталық саябаққа барды. Саябақ  қайта қалпына келтірілуде. Мұнда көгалдандыру шарасы да жүргізілуде. Жөндеу жұмысын іске асырушыларға кестеден қалмау, құрылыс материалдарының сапасына мән беру ескертілді. Қаратал өзенінің бойындағы жүзу бассейні кеңейтілуде. Мердігерлердің айтуынша, демалыс орны шілде айында пайдалануға беріледі. Мұнда жағажай маңында сусын ішетін орынның болуы, суға қайықтар жіберу жайы тапсырылды. Ең терең жері 2,5 метрді құрайтын бассейнде сақтық шаралары да қарастырылуда. Құрылыс нысандарын аралау ары қарай жаңадан ірге көтерген драма театры, Салтанат сарайы, көрме кешенін көрумен жалғасты. Мердігер – «Өнеркәсіп Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігі. Мәдениет орындарының ішкі жұмысы мен сыртқы келбетінің келісуі бас­ты назарда. Халыққа қызмет көрсету орындары көпшіліктің келуіне, салтанатты шараларда еркін демалуына мүмкіндік туғыз­бақшы. Оңтүстік-батыс тұрғын ауданында коттеджді қалашығы, жабық бассейн және жеңіл атлетика манежі ірге көтеруде. Заманауи сәулетпен салынып жатқан  құрылыс нысандары әкімдік назарында. Материалдың сапасы мен сәнінің келістілігі үйлесім табады деген сенім бар. 

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00
Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 13:32
Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Бүгін, 13:30
Балқаш көліне 40 млрд текше метрден астам су келді

Балқаш көліне 40 млрд текше метрден астам су келді

Бүгін, 13:05
Қаратал ауданында мүлік салығын есептеудің жаңа тәртібі бекітілді

Қаратал ауданында мүлік салығын есептеудің жаңа тәртібі бекітілді

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.