Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Қазтелерадио» АҚ-ға сілтеме жасап.
30 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, — деп жазылған «Қазтелерадио» АҚ хабарламасында.
Фото: zakon.kz





