Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Шеберлік сынға түсті

30.04.2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
WhatsAppTelegramFacebook

«Жастар» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары құрылуының 25 жылдығына арналған төраға кубогына іріктеу жарысы жалауын көтерді.

Бәсеке спорттың бес түрінен өрбіді. ҰҚК-нің Алматы қаласы, Алматы облысы бойынша департаменттерінің, Ұлттық Академияның командалары волейбол, тапанша ату, суда жүзу, шағын футбол және жекпе-жек сайысы бойынша сынға түсті. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Амандық Баталов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. 
Ол өз сөзінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, салауатты өмір салтын насихаттауда, ел тыныштығын қамтамасыз етіп, Елбасының сарабдал саясатын жүзеге асыруда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің жоғары деңгейде екенін мақтанышпен жеткізді. Сондай-ақ, өңірде жүзеге асып жатқан игі істерді де тілге тиек етті. Жаңа бастамалардың өркендеуіне, қаламыздың көркейіп, ел экономикасының қарқынды дамуына ҰҚК қызметкерлерінің қосып отырған үлесі зор екенін де қадап айтты. Сөз соңында спортшыларға табыс тілеп, республикалық бәсекеде Жетісу жерінің намысын құлатпауды тапсырды. Мұнан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің басшысы генерал-майор Сабит Құрманалиев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларды мерейтойымен құттықтады. 1992 жылғы 13 шілдеде Елбасының Жарлығымен құрылған Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгінде жиырма бес жыл уақытты артқа тастапты. Осы жылдар арасында ел қауіпсіздігін жіті бақылап, мемлекеттің нығаюуына өз үлесін қосып келе жатқандығын жеткізіп, жарысты ашық деп жариялады.
Салтанатты шараның соңында кешегі күннен сыр шертетін қысқа метражды деректі фильм көрсетіліп, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тарихынан сыр шертті. Спортшылар жарысқа дайын болғанша өнер жұлдыздары әннен шашу шашып, келген жанкүйерлердің көңілін көтерді. 
   Көп ұзамай облыс пен Алматы қаласының командалары шағын футболдан сынға түсті. Жарыс басталмас бұрын екі командаға облыс әкімі Амандық Баталов пен департамент басшысы Сәбит Тұңғышбайұлы естелік футбол добын сыйға тартты. Екі команда да ойынға қызу кірісті. Әп дегенен-ақ шабуылға көшкен алматылықтар бірнеше рет алаң иелерінің қақпасын нысанаға алды. Жерлестеріміз тез арада қауіптің бұлтын сейілтіп, қақпаны қорғап қалды. Қарымта шабуылға шыққан жерлестеріміз ойын тактикасына өзгеріс енгізіп, қарсыластарының қақпасын нысанға алды. Дүркін-дүркін соққы бағыттаған талдықорғандықтар Алматы командасының қақпасынан саңылау іздеді. Осылайша теке-тірес ойынның бірінші таймында есепті қонақтар ашты. Араға санаулы минут салып, алаң иелері есепті теңестіріп үлгерді. 
Екінші таймда жерлестеріміз алға шыққанымен қонақтар таразы басын теңестірді. Ала допты ұршықша иірген қызметкерлер ойынның көрігін қыздырды. Әйтсе де қонақтар жағы ойын ережесін көп бұзып, дөрекілік көрсете бастады. Осындай сәттің бірінде қарсыласқа бірнеше мәрте қауіпті жағдай туғызған екі ойыншы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Қонақтар қақпасының алдында өрескел қателікке бой алдырған алматылық командаға төреші пенальти белгілеп, ойынды тоқтаты. Артынша қонақтар наразылық білдіріп, арты үлкен дауға ұласты. Төрешіге қарсы шыққан команда ойыннан аластатылып, техникалық жеңіліс жазылды. 
Осылайша бірінші кездесуін жерлестеріміз жеңіспен бастады. Енді олар Ұлттық академия командасымен кездесетін болады.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.