Талдықорған: +29°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Яндекс Такси бағасы бақылауда болады

29.04.2025
КҮНДЕРЕК
Яндекс Такси бағасы бақылауда болады
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, саланың құзыретті мамандарын тарта отырып, Яндекс Такси компаниясының алгоритмдік баға қалыптастыру тиімділігіне аудит жүргізді.

Аудиттен өту міндеті Яндекс Таксиге монополияға қарсы комплаенс аясында жүктелген болатын.

Аудиттің мақсаты — Яндекс Сервисін, оның ішінде такси қызметтерінің бағасына әсер ететін шарттар мен параметрлерді зерделеу болды.

Атап айтқанда, жүйенің архитектурасы, баға қалыптастырудың базалық және динамикалық компоненттері зерттелді, сонымен бірге әуежай аймақтары мен қаланың орталығынан алыс аудандардағы ерекшеліктер, сондай-ақ операциялық процестер қарастырылды.

Аудиттің бастапқы қорытындылары бойынша баға белгілеу жүйесінде бірқатар тәуекелдер анықталды. Кейбір тәуекелдер жойылды, ал қалғандары бойынша Яндекс оларды жою жөнінде міндеттемелер қабылдады.

Осылайша, Агенттіктің хабарламасы негізінде пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасының ережелері (Яндекс+ бағдарламасы) өзгертілді, нәтижесінде Яндекс осы бағдарлама бойынша барлық шығындарды (клиенттерге ұсынылатын жеңілдіктерді) толық өз мойнына алды.

Яндекс қолданыстағы комплаенс жүйесіне мынадай өзгерістер енгізді:

  • такси тарифтерінің және жол жүрудің базалық құнының қымбаттайтыны туралы Агенттікке 3 күн бұрын хабарлау;
  • әуежай маңындағы кейбір тұрғын аймақтарды әуежай тарифтік аймағынан алып тастау (1 апта ішінде);
  • жол жүрудің базалық құнынан екі есе асатын сомадан комиссия ұстамау (бұл жүргізушілердің табысын арттыруға ықпал етеді);
  • «Эконом» тарифіндегі комиссияны әр қалада екі жылда бір реттен жиі көтермеу (аталған тариф ең сұранысқа ие тариф болып табылады);
  • максималды сұраныс жағдайында тарифті үш еседен артық көтеруді шектеу (мысалы, ауа райы қолайсыз күндері немесе мереке күндері, мұндай сапарлар әр тоқсанда әр қалада барлық сапарлардың 5%-ынан аспауы керек, бұл талап нақты көрсетілген);
  • сұранысы төмен аймақтар үшін тариф құрамындағы қосымша төлем компонентін пайдаланушы қосымшасында түсінікті көрсету;
  • 2025 жылдың 30 маусымынан кешіктірмей пайдаланушыларға сапар бағасының толық құрылымын қосымшада көрсету;
  • техникалық қолдау сапасын арттыру, атап айтқанда, пайдаланушылардың өтініштерін өңдеу алгоритмін оңтайландыру.

Бұдан бөлек, Яндекс Такси пайдаланушыларды такси қызметтеріне сұраныс деңгейі туралы хабардар ету шараларын жақсартпақ. Атап айтқанда, «Эконом» тарифінде сұраныс өте жоғары болған кезде (мысалы, ауа райының қолайсыздығы кезінде) сынақ режимінде виртуалды кезек жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе арқылы пайдаланушы қанша адамның такси күтіп тұрғанын көре алады және таңдау жасай алады: кезекке тұру, басқа тарифті таңдау немесе қоғамдық көлікпен жүру.

Яндекс Такси антимонополиялық комплаенс аясындағы міндеттемелерінің орындалуы Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың бақылауында. Оның құрамына кәсіби қауымдастықтардың сарапшылары (бастамашыл топтардың, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет, Цифрлық даму және инновациялар министрліктерінің, сондай-ақ таксопарктер қауымдастығының өкілдері) кіреді.

Үкіметке жеке кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимі бойынша салықтық есептілікті жеңілдетуге қатысты заңнамалық түзетулерді жедел енгізу жөнінде ұсыныстар жолданды. Бұл өзгерістер такси жүргізушілерінің табысын арттыруға ықпал етеді.

Дереккөз: Аikyn.kz
Фото:  Sputnik / Владислав Воднев

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.