Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жат ағымға жол берілмейді

30 наурыз 2017
КҮЛТӨБЕ
Жат ағымға жол берілмейді
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов аудандық әкімдігінің мәжіліс залында  облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің алғашқы тоқсандағы отырысы өткізілді. 

Отырыстың негізгі мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру,  қоғамның бірлігі мен татулығын нығайту, конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогты дамыту, жастар арасында отансүйгіштікті, толеранттықты, төзімділік пен байсалдылықты насихаттау. Басқосуға өңірлердегі аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің, құқыққорғау орындарының басшылары, білім беру және әлеуметтік салаға жауапты тұлғалар, аймақтағы мешіттердің имамдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар төрағалық етті.
Жиында Жақсылық Мұқашұлы діни экстремизм мен радикализм идеяларының алдын алу барысында облыста атқарылған іс-шараларды атап өтіп, олардың маңызын, мән-мақсатын түсіндірді. Сөз тізгінін алған облыстық Дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов аймақтағы дәстүрлі дін өкілдері жүргізіп жатқан жұмыстар дамуы мен қызметі туралы жан-жақты әңгіме өрбітіп, мемлекетімізде тыйым салынған кейбір діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, олардың қоғамдық ахуалға кері әсері жөнінде мысалдар келтіре отырып баяндама жасады. Сала басшысының баяндамасында жастарды жат ағымға жолатпай, ата-бабамыз ұстанған діни сенімге сай тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдері нақты деректермен дәйектеліп айтылды. 
Мысалы, Жаркент өңіріндегі жат ағымдағы діншілдердің 76 пайызы жұмыссыз жүрген жастар екен. Жат ағымға еріп, адасқандармен түсінік жұмыстарын жүргізу мен оларға тұрақты жұмыс тауып беру шаралары кемшін. Жаркент қаласындағы кейбір мешіттерде жат ағым өкілдерінің емін-еркін уағыз айтып, өз мақсаттарын дәріптеуіне жол берілген. Сол сияқты мектептерде хиджап киетін оқушылар саны да кемімей тұр. Өңірде екі мешіт тиісті мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Шет елден діни білім алып келіп, ел ішінде кереғар түсінік таратып жүрген дін мамандары бар. Осының бәріне жергілікті мемлекеттік қызметкерлер мен дәстүрлі дін жетекшілері көп ретте атүсті қараған.
Екі сағатқа созылған кеңес барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған аймағы бойынша өкіл имамы Серікхан Ахмадиев, Панфилов ауданының әкімі Бердәулет Абдулдаев діни экстремизмге қарсы күрес бағытында атқарылған іс-шаралар жөнінде қосымша баяндама жасап, кеңеске қатысушыларға мол ақпарат берді. Басқосу барысында баяндамашылар мен жиынға қатысқан жауапты тұлғаларға көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауап берілді. 
Семинар жұмысын облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қорытындылап, өңір белсенділерін діни экстремизм мен жат пиғылды ағымдардың әрекетіне бейжай қарамай, оларға жергілікті жерде батыл тойтарыс беруге, барша ағайынды елімізде ертеден қалыптасқан діни салт-дәстүрлеріміздің оңды дамуына үлес қосуға шақырды.

Мырзағали Нұрсейіт

 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.