Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚАЗАҚҚА НЕЙМАРДАЙ ҰЛ ТІЛЕГЕН ТҮН!..

18.03.2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚАЗАҚҚА НЕЙМАРДАЙ ҰЛ ТІЛЕГЕН ТҮН!..
WhatsAppTelegramFacebook

Түнгі сағат төрттерде НОУ КАМП стадионындағы 100 000 жанкүйер ғана емес, экран алдындағы 100 000 000-нан аса жанкүйермен бірге шыңғырып, БАРСЕЛОНА жанкүйерлерімен бірге күліп, бірге жылап отырғаныма көз жасым құрғаған соң өзім ұялдым. Құдай-ау, Барселона қайда, Астана қайда?.. Бірақ баяғыда-ақ Ыбырай атам «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған…» деп жырлаған, сонау Испанияның менің ежелден КӨКТЕҢІЗ атанған қарт Балқаштың жағасындағы КӨПБІРЛІК атты ауылым секілді теңіз жағалап жатқан қаласы, телеарнаның құдіреті арқылы тереземнің түбіне орналасқандай боп, мен отырған бөлмені қопаңдатып, аударып-төңкеріп тұрды.

Айтпағым Еуропа чемпиондар лигасы ауқымында өткен осы қаланың БАРСЕЛОНАСЫ мен Францияның ПСЖ командаларының арасындағы ҒАСЫР ЖЕКПЕ-ЖЕГІ жайлы… Бәрін айтпаймын, айта алмаймын да, мұндай ойынды тек көзбен көру керек! Өткен жолы Парижде БАРСЕЛОНА 0:4 есебімен ұтылғанда түннің қалған бөлігін ұйқысыз өткізген қожанасырлығыма да өзім ертеңіне күлгенмін. Бүгін түнде қарымта шайқас өтті. Ақыры Барселонаға жарысты жалғастыру үшін 6 доп соғу керек болды. БАРСЕЛОНА 6 доп соға алды, соқты! Сол кезде ғой менің де әлем жанкүйерлерімен бірге жылап, бірге күлгенім… Себебі бар еді: БАРСЕЛОНА — футболдағы шөлімді қандырып жүру үшін өзіме таңдап, меншіктеп алған командам болатын. Фанаты емеспін, сыртынан тілектес, спорттың, футболдың өзімізде жоқ сиқырын солардың ойынынан бал терген арадай жинап жүретін ғажайып аралым еді. Жә, сырымды аштым – айтпағым басқа. Бүгінгі ЖҰМЫР ЖЕРДІ көгалдағы допша домалатып, қақпадағы допша тулатып, үйірілген доптай бір орнында шыр айналдырған ойында маңдайы жарқыраған ойыншы болған ұл – Бразилияның қазақтың қара домалағындай ғана баласы НЕЙМАР! Оның бұл ойында не істеп, не қойғанын да айтпаймын. Айта алмаймын. Оған тіл жетпейді. Сөз де жетпейді. Оның жасыл алаңдағы бір қимылына бір бет жазу арнауым керек. Сонда да ол құдіреттің ширегін ғана бере алармын… НЕЙМАРДЫ телеэкраннан бозбала кезінде көріп: «Құдай-ау, мынандай қара бала да адам біткенді доппен осынша сиқырлай алады екен-ау, неге бұл қазақтың баласы болмады!» деп өкінгенім есімде. Бразилиядағы үндістердің тұқымы қазаққа онша алыс еместігін де білетінмін, зерттегенмін 1986 жылы Мексикадағы әлемдік футбол тойына барғанда. Ол үндістер сонау бір бағзы заманда арғы бетке 100 жылда бір су бетіне шығатын құрлықтың қыр арқасымен осы біздің Азиядан өтіп кеткен қандастарымыз десем тарихшы аға-інілерім ұрыса қоймас… Жарайды, тарихшылардың бақшасына түспейін, естігенімді, оқып, тоқығанымды айтып жатқаным ғой. 2014 жылы сол НЕЙМАРДЫ қол жетер жерден бір көруге Бразилияға, Бразилиядағы әлемдік футбол чемпионатына бардым. Көрдім де. Қолын алдым,бір құлаш жерден суретке түсірдім. Сонау БРАЗИЛИЯДАН, көтерген жүгім аз болғандай, НЕЙМАР жайлы португал тілінде жазылған екі кітап арқалай келгенім де бүгін күлкілі. Әттең, біреу соны орысша тәржімалап берсе, өзім-ақ қазақ тілінде сөйлетіп, қазақ балаларына тарту етсем деп армандаймын. Содан бері мен үшін футболдың сиқыры Месси де емес, Роналду да емес – НЕЙМАР! Бүгін сол таңдауым дұрыс болғанына тәубе деп отырмын. Тек сәл өкінішім – НЕЙМАР қазақтың қарасирағы емес,бразилияның қаратабаны. Бірақ оны түзетудің жолы бар. Осы ойынды көрген менің бауырларым КЕЛІНДЕРМЕН кеңесіп қазаққа осындай ұл сыйласа деген ниетім бар.  Құрығанда 10 000 бауырым көрген шығар бұл ойынды. 10 мыңнан 1000 ұл туса, 1000-ның бірі НЕЙМАР неге болмасын! Болады. Шын тілесек, туады шын сұрасақ! Имандай шыным, Қазақ футболына бір НЕЙМАР керек-ақ! Мен жазбаймын …бұларды ермек үшін. Таңды көзбен атырып, темірді қызған кезде соғып отырғаным да сол сырымның шындығына дәлел. Сіздер де оны шын қабылдаңыздар, ДОСТАРЫМ! Мүмкін қазақтың болашақ НЕЙМАРЫНЫҢ әкесі мен шешесі Сендердің араларыңда шығар? Солай болса екен!

Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ, белгілі спорт журналисі, Алматы облысының Құрметті азаматы.

Қатысты жаңалықтар

Тиімді тәсіл

Тиімді тәсіл

31.01.2026
Бағыт жақсы, маман тапшы, қаржы аз

Бағыт жақсы, маман тапшы, қаржы аз

31.01.2026
Жаңа аудан көбейді

Жаңа аудан көбейді

31.01.2026
Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

31.01.2026
Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.