Талдықорған: -0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Жыр арқауы – Жамбыл жырау

02.03.2017
ТҮПСАНА
Жыр арқауы – Жамбыл жырау
WhatsAppTelegramFacebook

Жамбыл Жабаевтың туған күнін жыр мерекесі ретінде атап өтуді ақындар мен батырлар елі жыл сайынғы айнымас дәстүрге енгізді. Поэзия алыбының 150 жылдық мерейтойынан бастау алған игі шара ақын ауылында бұл жолы да жарасымды жалғасын тапты. Ақпанның 28-інде аудан жұртшылығы мен алыс-жақыннан келген ағайын жүз жасаған жыр жампозының рухын асқақтатты.

Жамбыл ауылындағы Мәдениет үйінің көрермен залы әдеттегіше лық толы. Сахнада алдымен жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының сценарийімен әзірленген қойылым назарға ұсынылды. Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбылдың даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлымен кездесіп, ақын мен батырдың екеуара тілдесуі мен күй шебері Дина Нұрпейісованың бейнелерін драма театрының әртістері шебер сомдады.
Салтанатты жиынның алғысөзінде облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар шараның мазмұны, тағылымы, екі бірдей қоғамдық құрылысты басынан өткеріп, екі дәуірде де телегей-теңіз жырларымен халқына рухани қызмет еткен ақын мұрасын бүгінгі ұрпаққа дәріптеу, жамбылтану ғылымының жаңғыруы жөнінде келелі ой-пікірін білдірді. Өңірдің бас идеологы дәстүрлі Жамбыл күнінің ауқымын кеңейтіп, тек осы ауданда ғана емес, келесі жылдан бастап облыс көлемінде өткізу керектігін айтты. Ол сондай-ақ енді төрт жылдан кейін Жамбылдың 175 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде лайықты мерекелеудің Жетісу жеріндегі қажетті іс-шараларын осы бастан қамдауды алға тартты.
Әкім орынбасарының орынды пікірін қоштаған Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай кейінгі кезде Жамбыл туралы жарық көрген тұлғалық энциклопедия, кітап, ғылыми жиындардың жалпақ жұртқа насихаты жетпей жатқанын, жаңа кітап таралымының жеткіліксіз екенін айта келе, жырауға арнаған өлеңін оқыды. Көпшілік алдында сондай-ақ,        М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижан сөз сөйлеп, ғасыр жасаған абыз тағылымын әңгімеледі. «Сүйінбай сазы», «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерінің өнерпаздары Жамбыл әндерін шырқап, құйқылжыған күйлерін орындады.
Сонымен бірге, аудан орталығында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Облыстық білім басқармасы мен аудан әкімдігі ұйымдастырған жыр додасына байтақ еліміздің әр қиырынан келген 50-ден аса мектеп оқушысы қатысты. Айтыс шымылдығы жыршы-термеші Данияр Рахымбайдың орындауында Жамбылдың «Алатаудан, Арқадан, ақындарым келіпсің» деп басталатын әйгілі арнауымен ашылды. Облыс әкімінің орынбасары ақындарға сәттілік тіледі.
Айтысқа Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Ан-Арыс» баспасының директоры Кәдірбек Құныпия бастаған қазылар алқасы, танымал айтыскер, Балғынбек Имашев, ҚР Мәдениет қайраткері, ардагер журналист Күмісжан Байжан, ақын, педагогикалық «Ел-назар» журналының редакторы Ерғазы Манапұлы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жыршы-термеші Жылбек Тоқтасынов төрелік етті. Ұлтымыздың төл өнерін әспеттеген ұландар жырсүйер қауым алдында Жамбыл шығармашылығын насихаттаудан сөз сайысына түсті. Таңертеңнен басталған суырыпсалмалық өнер сынында табан астында тауып айту қабілеттерін таныта алғандар түс ауа екінші айналымда өлеңмен тағы сөз қағыстырды.    
Сөз сайысының қорытындысында жүзден жүйріктер анықталып, бас жүлдені Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы Ақбота Манарбек жеңіп алды. Өткен жылы дәл осы сахнада аудан әкімінің арнайы жүлдесін алған астаналық Диас Төлепберген  бұл жолы бірінші орынға ие болды. Екі екінші орын Алакөл ауданынан Ақжібек Рахатбек пен шымкенттік Бекжан Базарбекке берілді. Жамбыл ауданынан Пәкиза Арыстан, Алматы қаласынан Әмір Сатыбалды және Ақтөбеден ат арытып келген Нұрбол Жауынбаевқа үшінші орын бәйгелері тапсырылды. Кенен Әзірбаев атындағы жүлде Жамбыл облысынан Диана Тұрсынбекке, Үмбетәлі Кәрібаев атындағы жүлде Жамбыл ауданынан Мәди Төлеген мен алматылық Жансерік Серікбайға, Есенқұл Жақыпбеков атындағы жүлде павлодарлық Бәкір Нұрбекке бұйырды. Аудан әкімі Жандарбек Далабаев тағайындаған арнайы жүлдені Қызылорда облысы, Арал ауданының баласы Алдоңғар Қалқаман мен Панфилов ауданынан Үмбетәлі Қали иеленді. Айтысты көрермен ретінде тамашалаған Гүлімхан есімді апай Ақмола облысы Бұланды ауылынан келген Нұржанат Мұхаметке көрермен көзайымы жүлдесін ұсынды. Қалған айтыскерлердің барлығына ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Серік Сатыбалдиев

 Жамбыл ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.