Талдықорған: -4°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Есенқұлын еске алды

02.03.2017
ТҮПСАНА
Есенқұлын еске алды
WhatsAppTelegramFacebook

Иә, Есенқұл Жақыпбековті қазақ поэзиясындағы құбылыс десек, қателесе қоймаймыз. Себебі, болмысы бөлек ақын қазақтың қасиетті де киелі сөз өнерін, соның ішінде екінің біріне қона бермейтін суырыпсалма ақындық пен жазба поэзияны қатар меңгеріп, өз есімін жүректерге жазып қалдырды. Жырдан жақұт терген Есенқұлдың айтыс­та  шақпа, жазба поэзияда  ақпа ақын атанғанын көзіміз көрді. Сондықтан болар, өзі арамызда жоқ болса да атын ардақтаған ағайын жыл сайын Есенқұлға арналған мәдени шаралар өткізіп келеді.

Жуырда ғана Жамбыл ауданы ақынның туған күнін кең көлемде атап өтсе, қарасайлық қауым «Ел еркесі – Есенқұл» атты ақынның өлеңдеріне жазылған әндер байқауын қорытындылады. Аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің бастамасымен және қолдауымен өткен өнер додасы апта соңында аудандық Мәдениет үйінде өз мәресіне жеткен.
Ақынын ардақтаған ағайын алдымен Есенқұлдың поэзиясына арналған сахналық қойылымды тамашалап, өлең өлкесіне саяхат жасап қайт­қан. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша жырдан ша­шу шашылғаннан кейін ән байқауына қазылық жасаған азаматтар сахна төріне көтерілді. Алғашқы болып сөз алған ақын, композитор әрі продюсер Бауыржан Есебаев жеңімпаздарды құттықтап, «Жаңа ән номинациясы бойынша Есенқұл Жақыпбековтың өлеңдеріне жазылған рес­публикалық әншілер байқау­ында жоғары орындаушылық шеберлік көрсеткені үшін  Дәурен Алғысбекке, Есбол Шаңбайға, Мәди Жылқышыбаевқа, Амантай Еркебұланға, Алтынгүл Бахытқанға арнайы дипломдармен қоса                70 мың теңге сыйлықты табыс етті. Ал, байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды жеңіп алған Мейіржан Самылтыровқа, Жаңыл Мерсимоваға, Жасұлан Мұсағалиға дипломдар мен 100 мың теңге сыйлықты Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, танымал әнші Саят Медеуов өз қолымен ұсынған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан мен ҚР Мәдениет саласының үздігі, композитор, «Үшқоңыр» фольклорлық-эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі Бағлан Омаров байқаудың екінші дәрежесінен көрінген Әліби Қаниевты, Әділет Әдікеновты дипломмен және 150 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапаттады. Әділқазылар алқасының төрағасы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы болса бірінші орыннан көрінген Мұқатай Баймұханбетке арнайы диплом мен 200 мың теңге сыйлықты табыс етті.
Осыдан кейін сахна төріне көтерілген «Ел еркесі – Есенқұл» атты республикалық әншілер байқауы жобасының авторы әрі демеушісі, аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы жұртшылық жүрегіне мәңгілік қонақтаған Есенқұл поэзиясының құдіреті турасында өз ойларын ортаға салып, еліміздің әр шалғайынан аталған бай­қау­ға қатысқан 60-қа жуық өнерпаздарға алғысын жеткізді. Осыдан кейін өнер меценаты дәстүр бойынша кештің кейіпкері Есенқұл Жақыпбековтың жары Меңсұлудың иығына шапан жауып, әншілер байқауының бас жүлдесін жеңіп алған Дінисламбек Жайлаубаевқа арнайы диплом мен 300 мың теңге сыйлықты табыс етті.
Суырыпсалма ақындықтың  үлгісімен күрделі ұйқастарға бармай, барынша қарапайым жырлар жазған Есенқұл жүректен шығатын жылы өлеңдерімен өз оқырмандарын баурап алған еді. Ал оның өлеңдеріне жазылған әндер миллиондардың қалаулы әуеніне айналғалы қашан! Бұл жолы да өнер додасын тамашалауға жиналған жұртшылық Есенқұлдың сөзіне жазылған әндерді тыңдауға ерекше құлшыныс танытты. Соңына қарай Махаббат Бигелдиевтің  сөзіне жазылған Бауыржан Есебаевтың «Аққумен сырласқан Есағам!» атты әні ақынға деген шынайы құрметімен, сезім қылын шертер нәзіктігімен жұртшылық көңілін баурап алды. Махаббат Сәдуақасұлы бұл өнер додасын дәстүрлі түрде өткізіп отыру жоспарда бар екенін айта келіп, байқауға қатысқан өнерпаздар мен шараға жиналған жұртшылыққа табыс тіледі.
Қарасай ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.