Талдықорған: +1°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жұмыс нәтижесі толымды

21.02.2017
КҮЛТӨБЕ
Жұмыс нәтижесі толымды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы Тіл сарайында облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, облыс әкімі Амандық Баталов пен облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Әлихан Тойбаевтың есептік баяндамалары тыңдалды. Алдымен мінберге көтерілген өңір жетекшісі өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен таныстырып, алдағы жылға жоспарланған ауқымды жобаларды  көпшілік назарына ұсынды.

– Былтыр 17 ақпанда берген есебімде облыс тұрғындарынан 10 ұсыныс түскен болатын, олардың барлығы толық орындалды. Сонымен қатар, аудан және қала әкімдерінің 2016 жылғы есепті кездесулері бойынша іс-шаралар жоспарына 163 ұсыныс енгізіліп, толығымен іске асырылды, – деген Амандық Ғаббасұлы Жетісу жерінде атқарылған игілікті істердің көрсеткішін паш етті. – Облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші ұстанған бағытымыз бен қабылданған шешімдердің дұрыстығын көрсетіп отыр. Былтыр негізгі капиталға  тартылған инвестиция көлемі 528,9 миллиард теңгеге жетіп, алдыңғы жылғы көрсеткіштен 3,3%-ға артық болды. Облысқа келген инвестицияның негізгі көлемі 400,1 миллиард теңгені құрады. Былтыр мемлекеттік бюджетке салықтан түсетін түсімдердің орындалу деңгейі 105,1%-ға жетіп, жоспардағы 251,7 миллиард теңгеден асып, 264,5 миллиард теңгеге жетті. Оның 139,8 миллиард теңгесі жергілікті бюджетке тиесілі. Сонымен қатар, облыс бюджетінің 407,5 миллиард теңгені құрап отырғаны бүгінгі күннің шындығы. Былтыр мемлекеттік-жекеменшік әріптестігімен құны 2,1 миллиард теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылды. Жетісу жерінде барлығы 118,7 мың  шағын және орта кәсіпкерлік нысандары тіркелген. Одан бөлек, облыста 293,4 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл өңірдегі жұмысқа жарамды тұрғындардың 29,1% құрайды. Кәсіпкерлік нысандарына мемлекет тарапынан берілетін көмек ретінде 15,4 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді.
Өңір жетекшісінің айтуына қарағанда, Жетісу жеріндегі жетістік көп, түсім мол. Мысалы, былтыр аймақтық жалпы ішкі өнімнің көлемі 2 триллион 179 миллиард теңгеге жеткен. Ауылшаруашылығында жалпы ішкі өнім  мөлшері 581,4 миллиард теңгеге жетіп, алдыңғы жылғы көрсеткіштен 3,8%-ға артқан. Өңірдегі аумағы 932,2 мың гектарға тең егістік алқаптарында ауылшаруашылық дақылдары көптеп өсіріледі. Атап айтқанда, 6,3 мың гектарға себілген қант қызылшасынан 241,2 мың тонна өнім алынып, 25 мың тонна қант өндірілген. Сондай-ақ, жүгері алқабы 4,1 мың гектарға ұлғайып, барлығы 76,1 мың гектардан 484,7 мың тонна өнім алынған.
Мұндай жетістік көптеп саналады. Құрылыс, күрделі жөндеу, білім саласы, денсаулық сақтау, ауызсумен қамту сынды бағыттарда өрлеу байқалады. Солардың ішінен, өңір жұртшылығын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталуға болады. Атап айтқанда, былтыр 108 елді мекенге көгілдір отын жеткізіліп, газдандыру деңгейі 22,8%-ды құрады. Облыс көлеміндегі ұзындығы 3,3 мың километрге тең газ құбырының «Алматы–Талдықорған» бағыты толықтай аяқталып, 264,8 километрге тең қашықтыққа газ құбыры салынды. Одан бөлек, мемлекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасымен «Алматы –Қапшағай», «Алматы – Талдықорған», «Алматы – Қорғас» автожолдары жаңадан салынды. Сонымен қатар, 9,7 мың отбасы 355,3 миллион теңгеге тұрғын үй көмегін, Ұлы Отан соғысының 268 ардагері 17,6 миллион теңгеге коммуналдық қызметтерге толықтай өтемақы алды. Облыс әкімінің гранты бойынша тұрмысы төмен отбасынан шыққан және жетім балалар қатарынан 374 студент жоғары оқу орындарында оқиды.
Соғыс ардагерлерін, мүгедектер мен зейнеткерлерді әлеуметтік қамсыздандыру, балаларды балабақшамен қамту, мәдениет саласын жандандыру сияқты аса маңызды мәселелер қолға алынуда. Туризм, спорт, экология секілді салалардың жұмысында да өрлеу бар. Құқық қорғау органдарының мамандарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі дұрыс жолға қойылып, 3 учаскелік полиция бекеті іске қосылған.
Қысқасы, Жетісу жеріндегі жетістіктің молдығы өзге өңірлерге үлгі болуда. Осыған орай мінберге көтеріліп, баяндама жасаған облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Әлихан Тойбаев келтірген деректер мен мәліметтерде айтылған көрсеткіштер деңгейінің биіктігін растады.
Баяндамаларға орай сұрақ-жауап орайында алғашқы болып облыстық омарташылар атынан Әбіш Айтбаев сөз алып, бал өндірушілерге мемлекет тарапынан субсидия алуға және орман шаруашылықтары мен мемлекеттік қорықтардың аумағына омарташылардың жаз айларында орналасуына көмек беруін сұрады. Осыған орай, облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығы Сексембай Бекішевке тапсырма берген Амандық Ғаббасұлы Жетісу жеріндегі мүгедектердің атынан сөз алған Роза Ақжәркеноваға қарата Алматы және Талдықорған өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап екі мектеп салу жоспарда екендігін жеткізді. Онда тумысынан мүгедек немесе жүре келе мүгедектіктің зардабын тартқан жандарға рухани көмек ретінде спорттық ойындармен емдеу жолдары ұсынылады. Бұдан соң Еңбекшіқазақ аудандық су пайдаланушылар атынан алқаптарды суаруға арналған жүйелер мен арық жолдарын бір мекемеге немесе орталыққа қаратып, заң жолымен бірлестіруге өтініш  жасаған Светлана Ломоваға көмектесетінін айтқан облыс әкімі Талдықорғандағы Коммуналдық базар басшысы Ақшабай Керімбековтің сұранысы аяқсыз қалмайтынын жеткізді. Одан соң сөз алған облыстық Кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Ләззат Шыңғысбаеваға, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Ардақ Сыдыққа нақты жауап берген облыс әкімі Амандық Баталовтың Қоғамдық кеңес мүшелері алдындағы есебіне облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Дания Қыдырбаева оң баға берді.
«Дөңгелек үстел» үлгісінде өткен алқалы жиында «Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2017–2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» облыстық мәслихаттың шешімінің жобасы, «Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасы және «Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары индекстерінің атауларын бекіту туралы» №244 қаулысының күшін жойылды деп тану туралы» қаулысының жобасы жария талқыланды. 

Мәди АЛЖАНБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.