Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Тұманды сейілткен алтын жүлде

06.02.2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
Тұманды сейілткен алтын жүлде
WhatsAppTelegramFacebook

Қолаға қол созған күн. Қысқы Универсиаданың қызған шағы. Елу жеті мемлекеттің спортшылары жан алып, жан берісуде. Мәртебелі додаға келгендердің осалы жоқ. Жастар деген аты болмаса, ересектерден бетер өнер көрсетуде. Бақ пен баптың сыналатын шағында шелектеп тер төккен спортшыларымыз намысты қолдан бермеуде. Осындай кескілескен бәсекенің абыройын асырған жас таланттарымызға қарап, бәрекелді, жарайсың дегеннен басқа айтарымыз жоқ.

Сонымен жарыстың алғашқы күні Қазақ елі үшін жағымды болды. «Алатау» шаңғы биатлон спорт кешенінде қыздар арасында бес шақырымға шаңғыдан еркін стильде бәсеке өтті. Қазақ елі бұл додаға алты үміткерін үкіледі. Ел намысын жоғары ұстаған қыздарымыз аянып қалмады. Сол күні ауа райы да қолайлы болып, спортшыларымыз еркін көсілді. 2011 жылы Азиада кезінде талай мықтыға алтын сыйлаған аймақ, бүгін де жүлдесін бүгіп қалмас деген ой барлығымызда болды. Жарыс жолына шыққан жүйріктерге қолдау көрсетуге келген жанкүйерлерде есеп жоқ. Сонымен бәсеке басталды. Бес шақырымға зулай жөнелген шаңғышылардың қатарында Анна Шевченконың жолына сеніммен қарадық. Доданың алғашқы уақытында алға шыққан болатын, артынша ресейлік екі шаңғышы қыспаққа алып, алдымызды орап кетті. Нәтижесінде біздің қыз мәре сызығын үшінші болып кесті. 
Бәсекенің екінші күні де Аннаның маңдайына қола жүлде бұйырды. Нақтырақ айтар болсақ, бірінші орынды жеңіп алған Анна Нечаевская (Ресей) — 13:29.7 уақытымен тіркелсе, күмісті еншілеген отандасы Лилия Васильева — 13:47.8 уақытты көрсетті. Қоланы қоржынға салған қазақстандық Анна Шевченко — 13:51.0 көрсеткішті көрсетті. Қалай болғанда да Қазақстанның еншісіне түскен алғашқы жүлде біздің облыстың аймағында болды. Ал сенім артқан қалған шаңғышыларымыздың орындары мынадай: 9. Ольга Мандрика, 17. Анна Стоян, 18. Ирина Быкова, 20. Ангелина Шурыга, 23. Анжелика Тарасова. 
Ерлер арасында 10 шақырымға өткен бәсекеде қоржынымыз бос қайтты. Бұл додаға 87 елдің шаңғышысы сайланып шықты. Біздің ұлттық құрама алты шаңғышыны қосқан болатын. Өкінішке орай жүлделі орыннан көріне алмады. Тек бір ғана спортшымыз Виталий Пухкало бесінші орынға тұрақтады. Ерлер арасында бірінші және екінші орынды ресейлік Валери Гонтар мен Дмитрий Ростовцев жеңіп алды. Қола жүлде француздық Александре Паеенің еншісінде кетті. 
Алғашқы алтын. Биатлон кешенінде жарыс жолына қыздарымыз шықты. Мылтық асынған арулар шаңғының биатлон түрінен шеберлік байқасты. Бұл күні Алматы қаласында ауа райы күрт бұзылды. Қаңтардың соңғы күні Алатау баурайына жауын жауып, аспанды тұман басты. Бұл спортшыларға үлкен қиындық туғызатыны анық. Десе де, ырымшыл халық емеспіз бе, аспаннан нұр жауып тұр деп болжағанымыз рас. Жаңбырдың арты қарға айналып, аспан қайта құбылды. Десе де, спортшыларымыз табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұра білді. Сонымен додаға 31 шаңғышы қыздар аттанды. 15 шақырымға бағыт алған спортшыларымыздың арасында қазақстандық алты спортшы бар. Тұманды күнге қарамай жүрісінен жаңылмаған қазақстандық арулар жанкүйерлерін қуантуға тырысты. Жылдамдықты үдетіп, нысана атуда да жақсы көрсеткішке жетті. Әрине, мүлт кеткен кездері де болды. Бұған тұман әсер етті. Әрбір қисық кеткен оқтың өтеуі бар. Нысанаға дөп тимеген кезде спортшы айып айналымын айналып, уақыттан ұтылатыны анық. Десе де  біздің қыздар жылдамдықты үдетіп, айып алаңын да уақытынан бұрын өтті. Нәтижесінде Алаштың алғашқы алтынын Алина Райкова сыйлады. Күмісті тағы бір отандасымыз Галина Вишневская еншіледі. Үшінші орынға украиналық Надежда Белкина тұрақтады. Осылайша алғашқы алтын тағы да Алматы облысының аймағында тіркелді. Естеріңізде болар, Азиаданың алғашқы күні дәл осы аймақта бес алтынды қоржынға тоғытқан едік. Енді, міне, сол жетістік жолы жалғасып, спортшыларымыз Қазақ елін қуантты. Сынға түскен жігіттер желпінте алмады. Нысана көздеуде қателікті көп жіберіп, ресейлік спортшыларды тізгіндей алмады.
Бірінші күні «Шымбұлақ» кешенінде тау шаңғысы спорты бойынша қыздар арасында супер гигант бәсекесі өтті. Бұл сында біздің спортшылар жүлделі орынға жете алмады. Ресей шаңғышылары алдымызды орап, алтынды уыстарына түсірді. Ерлер арасында алтын медаль Италияға аттанды.
 Жүлделі күн. Ақпанның үші қазақ жанкүйерлері үшін табысты болды. Алдыңғы күнге қарағанда ауа райы шайдай ашылып, шаңғышыларға көмек көрсеткендей. Сонымен «Алатау» шаңғы биатлон кешенінде шаңғы жарысының классикалық спринттік бәсекесінде алтын медальға қол жеткіздік. Ресей спортшыларын артта қалдырған Иван Люфт жеңіс туын желбіретті. Қыздар арасында Анна Стоян қола медальға қол созды. Бұдан кейін Г. Вишневская бастаған қыздарымыз сынға түсті. Алдында алтынды уысынан шығарып алған Галина бұл жолы жарады. Естеріңізде болса Галина жарыстың екінші күні үздік атана алмаған болатын. Намысқа булыққан қайсар қыз үшінші күні жеңіс тұғырынан қол бұлғады. Жеті жарым шақырым спринттік бәсекеде Украин мен Ресей спортшысын артқа тастап бірінші болып келді. Осылайша ұлттық құраманың қоржынына тағы бір алтынды салды. Ұлдар арасында Роман Еремин қоланы місе тұтты. 
Универсиаданың соңғы мәліметі бойынша Қазақстан құрамасында 6 алтын, 2 күміс, 7 қола жүлде. Бірінші орында Ресей құрамасы. Олардың еншісінде 14 алтын, 13 күміс, 6 қола медаль.

Ришад Тұрғанбаев

 

Қатысты жаңалықтар

Тиімді тәсіл

Тиімді тәсіл

31.01.2026
Бағыт жақсы, маман тапшы, қаржы аз

Бағыт жақсы, маман тапшы, қаржы аз

31.01.2026
Жаңа аудан көбейді

Жаңа аудан көбейді

31.01.2026
Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

31.01.2026
Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.