Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Ұлдан намыс, қыздан ар жоғалмасын

06.02.2017
ЕКІ ТІЗГІН
Ұлдан намыс, қыздан ар жоғалмасын
WhatsAppTelegramFacebook

«Аттан жығылса да салттан жығылмаған қазақ едік». Туырлығы тозған шаңырақта күнелтсе де қандастарымыз тектіліктен танған, дәстүрін дәріптеусіз қалдырған емес. Керісінше, ұлын баба жолымен жүргізіп ұлан етсе, қызын тәлімін алған ардақты жанға айналдыруға баса мән берген.

Ал бүгін адам мен заманның қайсысы өзгерді дегенге бас қатырар бәзбіреулердің кебін кигендей болып жүргеніміз жасырын емес. Баяғы, «жұмыртқа мен тауықтың қайсысы бұрын жаралды» деген пайдасыз жұмбақтың жауабын іздегеннің кері де. Әйтпесе заманды түрлендіріп, құбылтып, қиындатып жіберетін де адам екені даусыз. Жаһандану дәуірі саналған мынау шытынақ кезеңде ұлымыз ұлттық қасиеттерді құнттамаған ұждансыз, қызымыз көкек анаға айналып бара жатқан тәлімсіз болса, «жаптым жала, жақтым күйе» дегендей, мұны заманға итере салу дұрыс емес. Бұл келеңсіздіктерді бабалардың дәстүрлі өмір салтын дұрыс ұстана алмай жүргендігімізден деп білген жөн. 
Текті жұрттың «Тәрбие басы – тал бесік» деген ғибратты тәмсілі бар. Бұл сөзден қазақ халқының ұрпағына тәлімді бесіктен бергенін білеміз. Ал Ислам жазбаларында баланың тәрбиесі ананың құрсағынан басталатындығы жазылған. Егер ұрпағың қари, хафиз, ғұлама ғалым болсын десең, Құранды көп оқып, жаны жомарт, салқынқанды болуы үшін ананың көп ашуланбай, сабырлы күйде нәрестесін өмірге алып келу керектігін дәстүрлі дінімізден аңғара аламыз. Сонымен қатар, бес жасқа дейін балаға адамгершілік, имандылық қасиеттерін сездіріп өсірудің пайдасы мол екендігі де айтылған. Яғни, адамның бес жасқа дейін алған тәлімі өмір бойғы жиған тәрбиесінің 90 пайызын құрайды. Бұл ұрпақтың адам болып қалыптасуындағы, жақсы қасиеттерді бойына жиюдағы ең негізгі аралықтың бүлдіршін  шақ екенін көрсетеді. 
Иә, тәрбиені тал бесіктен, тіпті ананың құрсағында жатқаннан беру керектігін қазақ халқы жақсы білген. Дұрыс азамат болып қалыптаспаған адамды кейігенде «сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» дейтіні бар еді ғой?! Дәл осы бір сөздің астарында шариғат үкімінің қалтқысыз орындалып, дін мен дәстүрін қатар ұстанған елдің парасаттылығын аңғаруға болатындай. 
Ұл – қонысың. Шаңырақтың иесі, өмірінің жалғасы болар ұл туса бөркін аспанға атып қуанып, ат шаптырып той жасайтын Алаш жұртының бүгінгі шаттығы кешегіден бөлек секілді көрінеді. Тіпті, ұл туса ұлан етіп өсірер әдеби кейіпкерлерді шын өмірден кездестіре алмай жататынымыз жасырын емес. Сол баяғы шығарманың шырайын ашар парасатты әкелердің перзент алдындағы жауапкершілігі қағазға қорғасынмен басылған туындыларда ғана бар секілді. Нарық заманы «сананы тұрмыс билейді» дегенді айтқызар, сондықтан да түзде жүріп тіршілік қамын ойлаған әкенің бала тәрбиесіне уақыты жетпес. Дей тұрғанмен, адам баласының өмірлік мақсаты жаратқанын танып, ұрпақ өсіріп, саналы өмір сүру болғандықтан, ұлын ұлық етпесе де азамат етіп шығаруды басты борышым деп санағаны дұрыс-ақ. Ал салт-дәстүрімізге жүгінер болсақ, бала тәрбиесін шыр етіп өмірге келген күнінен, азан шақырып ат қоюдан бастайтынын аңғаруға болады. Сондықтан да «ұлдың атын ұлық қой», – дей келе батыр мен бағланның, ақын мен ғұламаның, пайғамбарлардың есімін қойып, азамат болса көтерер деп ауыр есімді арқалататыны көзі ашық жандарға таңсық емес. Осы орайда айта кету керек, кей қандастарымыз бұл рәсімді де мазаққа айналдыруда. Қонысына құт болып енген перзентіне «Саммит», «Олимпиада» сынды есімдерді қойып жатқанын құлақ естіп, көз көруде. Осыдан-ақ, ұлт пен ұрпақ алдындағы кей ата-аналардың жауапкершілігін аңғаруға болатындай. 
Рас, кешегі күні де «Шөмішбай», «Көтібар» сынды  есімдер қойылды. Алайда, оның белгілі бір себептері болды.  Бірақ, дәстүрлі рәсімдер өткерусіз қалмады. Дін мен салтымыз тасада қалып қойған жоқ. Мәселен, жуырда бір жақын туысымның өтінішімен баласына азан шақырып ат қойып берген едім. Рәсім біткеннен кейін әуестікпен тұңғышының есімін кім қойғаны жайлы сұрадым. Ал ол болса: «Тұңғышым болған соң білмедік пе, ұмытып кеттік пе, есімі қойылмады ғой әйтеуір», – деп алаңсыз жауап бергені таңдандырды. Әуелден дін мен дәстүрді қатар ұстанған қазақ халқының ат қою рәсімі бүгінгі таңда дұрыс орындалмай жатқан қиын мәселе. Жалпы адамзаттың өмірін бірауыз сөзбен «намазсыз азан мен азансыз намаз», – деп те айтатыны бар. Яғни, адам шыр етіп өмірге келгенінде азан шақырып ат қояды да, дүниеден озғанында азансыз жаназа намазын оқиды. Әу бастағы азан мен ақырғы намазы Құдайдың құлы екенін, мұсылман екенін растайтын діни рәсім емес пе? Бұл жағынан келгенде, әлгі жамағайын секілді кей қандастарымыз адамдық борышы мен ата-аналық жауапкершілігін, ұрпақ алдындағы міндетін толық білмейді деген қорытынды шығаруға болатындай. 
Қыз – өрісің. Ертеңгі күні өзге шаңырақтың құтты анасы болар аз күндік мейманыңдай қадірлі, қымбат жанды біздің қазақ осылай атайды. Астары, мағынасы ұғынықты. Сонымен қатар,  «қызыңды тәрбиелегенің – ұлтыңды тәрбиелегенің» деп бұрымдылардың бойына адамдық қасиеттің барлығын дарытуға, тәрбиелі де өнегелі етіп өсіруге жете мән берген. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне қыз тағдыры кіріп отырғаны белгілі. Жасынан жанарын жасқа шылап, көкек ана атанып және басқалай әрекеттерге барып жатқаны көзі ашық жандарға белгілі жайт. Тіпті, осы айтылып жүрген мәселелер құлақ үйренген хабардың біріне айналып бара жатқаны қынжылтады. Қазақтың «қырық үйден тыйып» өсіретін дәстүрлі өмір салтының кей шаңырақта ұсталмай жүргені осыдан-ақ белгілі емес пе?! Жалпы, келеңсіздіктердің кесірінен шеккен зиянымыз бен қыздарымыздың түздегі қылығын, тағдырын жіпке тізсек, алты қырдан ары асар уақытта толғанарымыз белгілі. Негізінен, халық қыздың тәрбиесі ұлды өсіргеннен де екі есе ауыр екенін пайымдап, бізге дейін де хатқа түсіріп кеткен. 
Ұлан болар ұлымыз бен өрісімізді кеңейтер бұрымдыларымызды өсірудегі тәрбие негізіндегі кемшіліктер көп. Алайда жоғарыда көтерілген бір-екі мәселені шариғат сөзімен қуаттап көрелік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: «Әке баласына жақсы тәрбиеден артық мирас қалдыра алмайды», – дейді. Бұл әкенің балаға берер тәлімінің бәрінен артық екендігін көрсетсе, «Ата-ананың бала алдында үш міндеті бар. Олар: балаға жақсы ат қою, дұрыс тәрбие беру, уақыты келгенде үйлендіру», –деген хадисінен ата-ананың басты борышы не екенін аңғаруымызға болады. Осыдан-ақ, кейбір жандар ұрпақ алдындағы борышын дұрыс атқара алмай, тіпті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көрсетіп кеткен «жақсы ат қою» амалына да салғырттық танытатынын аңғарамыз. Кешегілердей жарқын ғұмыр кешу үшін, ұрпақтың қызығына бөленіп, ұлтжанды, ұжданды азамат өсіру үшін бабадан қалған дәстүрлі өмір салтымызды  есте сақтап, орындап жүрсек игі болар еді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Әріптен басталған әлем

Әріптен басталған әлем

31.01.2026
Әке аманатына адалдық

Әке аманатына адалдық

31.01.2026
Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

31.01.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

31.01.2026
Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.