Талдықорған: +15°C
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕР – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

29.04.2025
КҮНДЕРЕК
ЖЕР – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысына арнайы іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбенов Ақсу ауданы Көкжазық ауылындағы «Жаныс-К» ЖШС-на барып, егіс науқанының барысымен, «Жер аманаты» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сапар барысында депутаттар шаруа қожалықтарының түйткілді мәселелерін тыңдап, шешімін таппай жүрген жайттарды бақылауға алатындарын айтты.

– Жетісу облысында субсидияға қол жеткізе алмай жүрген 934 шаруашылықтың, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несиеге өтініш беріп, қаражатын ала алмай жүрген азаматтардың, жайылымдық жер таппай жүрген тұрғындардың мәселелері кеңінен талқыланды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылы «Жер аманаты» комиссиясы құрылды. Біздің мақсат – жер мәселесі бойынша туындаған түйткілдің түйінін тарқату, халықты жайылымдық жермен қамтамасыз ету, игерілмеген, заңсыз берілген жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару. Жергілікті әкімдік «барлық халық жайылымдық жермен қамтамасыз етілген» дейді. Бірақ ауыл тұрғындары мұнымен мүлдем келіспейтінін айтты. Тексеріс жүргіземіз, ушыққан істі прокуратурамен шешеміз, қажет болса заңнамаға өзгерістер енгіземіз. Барлығы заң аясында шешіледі, – деді Бақытжан Базарбек.

Кездесуде қожалық иелері құжат жинауды жеңілдетсе, диқандардың өнімін сатуға көмектессе, игерілмей бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылса деген өтініштерін айтты. 

– Халық қалаулыларына көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. Ең бастысы – жер мәселесін айттық. Депутаттар көтерілген ұсыныстар мен өтініштер Парламент мәжілісінде қаралып, тиісті деңгейде шешім қабылданатынын жеткізді, – деді «Элдар-Н» шаруа қожалығының басшысы Ерлан Усанов. 

Жиын соңында халық қалаулылары өңірмен байланыс алдағы уақытта да тұрақты жалғасатынын айтты.

Ақсу ауданының жалпы аумағы 1,2 млн. гектар жер бар. Оның ішінде 816 мың гектары ауылшаруашылығы жері есебінде. Суармалы 39 мың, жайылым 704 мың гектар. Аудан бойынша 2023 жылы 55614 гектар, 2024 жылы 13389,15 гектар, биыл 1794,46 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, ел игілігіне берілген. 

Осыдан кейін халық қалаулылары «AMANAT» партиясы Сарқан аудандық филиалы ғимаратында тұрғындармен кездесті. 

Бақытжан Базарбектің айтуынша, «Жер аманаты» комиссиясы қызмет атқарған үш жылдың ішінде он миллион гектардан асатын жерді мемлекет меншігіне қайтарған. Халық қалаулысы ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігі жермен тығыз байланысты болғаннан кейін ең негізгі мақсат халықты жермен толыққанды қамтамасыз ету екендігін айтты. 

Өз кезегінде Мұрат Әбенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауылшаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмысы қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

Бақалы ауылының тұрғыны Ерлан Тоқмурзиннің  айтуынша, ауылдық округтен 2005 жылы «Март-Агро» ЖШС 4328 гектар тәлімді және 442 гектар жайылым жер, «Сарқан-Агро» ЖШС 408 гектар суармалы жер, «Сарқан МТС-Агро» ЖШС 559,6 гектар суармалы жерді өз меншіктеріне алып алған. Жоғарыда аталған шаруашылықтардың ауылға ешқандай пайдалары жоқ, елді мекенге инвестиция салмайды, қайырымдылық көрсетпейді. Жерлерін жалға беріп, оны өздері игермейді. Ауылдан қаншама тұрғын жер ала алмай жүргенін жеткізген азамат осы мәселені шешіп беруін сұрады. 

«Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек  жер нақты іспен айналысатын тұлғаларға берілуі керектігін айтып, осы мәселені қадағалауға алып жұмыс атқаратынын жеткізді. Пограничник ауылының тұрғыны Бақтыбала Дүйсембекова жиырма жылдан аса шаруашылық жүргізіп келе жатқанын айтып, ауданнан ауқымды жер алған кейбір шаруашылықтар өздеріне тиесілі алқапты игермейтінін тілге тиек етті.

«Әр учаске мақсатына сай пайдаланылуы тиіс. «Жер аманаты» комиссиясының басты міндеті – заңсыз берілген жерлерді қайтару. Осы бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғаса береді», – деді Мәжіліс депутаты Бақытжан Жұмабекұлы.

«Jetisýdyn» арнаулы тілшілері
Ақсу – Сарқан аудандары

Қатысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев талдықорғандық 51 отбасына жаңа баспана кілттерін тапсырды

Бейбіт Исабаев талдықорғандық 51 отбасына жаңа баспана кілттерін тапсырды

21.08.2026
Ұлттық құрылтай: ұсыныстан нақты шешімге дейін

Ұлттық құрылтай: ұсыныстан нақты шешімге дейін

21.08.2026
Сайлау күні бір күндік тіркеуден өтуге болады

Сайлау күні бір күндік тіркеуден өтуге болады

21.08.2026
Тарихи жадтың жаңғыруы

Құрылтай – ел болашағы талқыланатын маңызды алаң

21.08.2026
Қоңыр ауылындағы өзекті мәселелер талқыланды

Қоңыр ауылындағы өзекті мәселелер талқыланды

21.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.