Талдықорған: +12°C
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Өмір сүргім келеді

23.01.2017
ӘЛЕУМЕТ
Өмір сүргім келеді
WhatsAppTelegramFacebook

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында өмірге келген Нұрболат үйдің екінші баласы. Алдында тұрмыс құрған жанашыр әпкесі мен соңынан ерген тынысына айналған інісі бар. Жаратқан берген сана арқылы өмірдің ағы мен қарасын айыра білген балалары ананың аялы алақанын да ұзақ уақыт сезіне алмады. Асыл жандары мәңгілік сапарға аттанғанда қамқор әке балаларына анасын жоқтатпады. Тағдырдың берген сынағына қасқайып қарсы тұрып, үш бұзығын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмады. Үкілеп өсірген қызының да, жігерлі ұлдарының да көңіліне кірбің ұялатпады.  Дегенмен, үш баланы бағып-қағу, оларға анасындай қамқорлық таныту ер азаматқа ауыр. «Тірі  адам тіршілігін жасайды» дегендей, асқар таудай әке балаларына ана болатын жанмен бас қосады. «Жақсыға жақсы жуық жүреді» демекші, алғаны үш баланы туғанынан кем көрмеді. Бұл тағдырдың берген ең үлкен сыйы еді. 

Жоғары сыныпқа барғанда шашты қайырып, жаға-жеңді түзеп, көшеге шығу құбылыстары жиі орын алатыны заңдылық. Нұрболат та бұл дәстүрден аттамаған. Жиі басқосуларды да ұйымдастырып тұрған. Сондай кештің бірінде достарымен көлік апатына түсіп, қуаныштың соңы қайғыға ұласады. Содан бері зымырап он жыл өтті. Көлік тізгінін қолға алған Нұрболат ол күнді әлі ұмыта қоймады. Ұмыта алмайды да. Соңғы бір жылында ғана өмірге деген құштарлығының артқанын, көзқарасының өзгергенін жасырмады біздің кейіпкер. 
– Менің бұл күйім үшін ата-анам қатты уайым шекті. Олар маған үлкен үміт артқан еді. Тоғызыншы сыныпты бітірген соң әскери оқуға кетемін деп ойлап жүргенмін. Тіршіліктің бір реті келмеді. Қазір ойлап тұрсам түбі осыған орайы келіп тұрғандай. Өмір деген ауыр, әрі қызықты. Қазақстанның бір бұрышында жүрген мен енді мүлде басқа жақтамын. Танымайтын жандардың арасындамын. Өзімді сынап жүрмін. Бұл ісіме Елдос досым себепкер. Ғаламтордан, жаңалықтардан оның тағдырлас бауырларыма арнап ашқан орталығын көрдім. Бірден келуге бел будым. Қазір бір жылдан асты Жетісудамын. Осы өңірдің азаматы болып тіркеліп те алдым. Менің өмірім үш жүз алпыс градусқа өзгерді. Мен тоғыз жылымды текке өткізгенімді түсіндім. Тіпті, үйде болғанымда алты, жеті айға дейін төсектен тұрмай жата беретінмін. Сол уақытта әкем мен анам маған қарады. Ол кісілерге деген алғысым шексіз,  – дейді Нұрболат.  
Талдықорған қаласына келіп, ғимараттардағы пандусты, мүгедектерге арналған көше бойындағы тротуарды көргенде әкімнің ерен еңбегін бірден байқағанын қуанышпен әңгіме етті. Кембағал жандардың тіршілігі, қайырымды адамның көптігі көңілін көтеріп, ертеңгі күніне нық сеніммен қарауға да үйреткен. 
– Бұл қаланы «Қайырымды жандар мекені» деп атауға да болады. Тұрғындар сондай мейірбан. Біз жақтағы адамдармен салыстырсам, айырмашылық жер мен көктей. Бізде көпшілік ақшамен есеп айырысады. Рухани емес материалдық тұрғыда көп сөйлеседі. Мысалы, жай ғана нәпақасын көлікпен тауып жүрген «таксистердің» де айырмашылығы біршама. Бір жарым жылдың ішінде мен арнайы шақыртумен хабарласқан жүргізушілерге ғана ақы төлеген шығармын. Ал жол-жөнекей тоқтатқан көлік иелеріне ақша берсем олар маған ұрысып кеп береді. «Андағы ақшаға дәрі-дәрмегіңді ал. Қажетіңе жұмса», –  дейді. Сарыағашта қол көтерсек, қымбат көлік мінген адамдар тоқтамайды. Мұнда соңғы үлгідегі көлікті тізгіндегендер тоқтағанда өзім таңырқап қаламын. Бізде арбадағылар көлік тоқтатсақ, үш жүз теңгеге баратын жерге бес жүз теңгеге апарады. Қымбат деп айтып қалсақ, арбамыздың да орын алатынын меңзеп шыға келеді. Егер өмірде мейірімді, қамқор жандар көп болса, әлемде бақыт орнар еді. Осындай тұрғындары бар мекенде неге өмір сүрмеске?, – дейді біздің кейіпкер күлімдеп.  
Нұрболаттың тынымсыз еңбегі нәтижесіз кеткен жоқ. Ол аяққа тік тұру үшін қолдан келгенін жасады. «Асарлықтардың» қолдауымен 15 секундқа тұрды. Бұл үлкен жетістік. Демек, арманы оны алдамады. Бірақ қайғы бір айналдырмай шыр айналдыратыны тағы бар. Қазір ол аурухана төсегінде жатыр.  Бірінші топтағы мүгедектігіне қоса, оның іш қуысы мен қуықтық жүйкелік қызметі бұзылған. Қысқасы, қуығы кішірейген. Зәр шығаруға мүмкіндік болмағандықтан дененің қуысына енгізілетін қуыс тетік (катетер) арқылы зәр сыртқа шығарылады. Уақыт өткен сайын сол жақ бүйрегі де кішірейіп келеді. Ал бұл ағзаларды  қалпына келтіру үшін дереу ота жасау қажет. Ота жасалмаған жағдайда бүйрекке инфекция түсіп, ауру мүлде асқынып кетуі мүмкін. Дертіне шипа іздеген Нұрболат бас қалаға барып, мықты деген мамандарға жолыққанда аталған ауру түріне біздің елдің ешқандай өңірінде ота жасалмайтынын білді. Тек шет елде. Германияның Аахен қаласындағы академиялық клиникада жасалады. Ем алуға барлығы 36312 еуро қажет. Германиядағы мамандармен хабарласқанда, мүмкіндіктің молдығын айтқан. Сонымен қатар, білікті мамандардың айтуынша, ота сәтті жасалып жатса, болашақта ұрпақ сүю мүмкіндігі де мол болады. Біздің кейіпкердің ота жасатқаннан кейінгі арманы – отбасын құрып, соңында ұрпақ қалдыру. Оның өмірге деген құштарлығын телеарналарға хабарласып, көпшіліктен көмек сұрауынан-ақ байқадық. №1, 31 арналарға шыққанының нәтижесінде Астана қаласынан Қарлығаш Сүлейменова, Қызылорда қаласынан Ахмонад Ахметовалар жүз мыңнан және талдықорғандық қайырымды жан екі жүзге жуық, ағайын-туыс, дос-жаран да қол ұшын беріп, бүгінгі таңда 1.5 миллион қаржы жиналған. Кем дегенде ота жасату үшін Нұрболат он пайыз ақшасын алдын ала беру керек. Алайда қаржы жағы әлі де аз. Дегенмен үміт жібі үзілген жоқ.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік балына» қатысқанына ол шексіз риза. Әсіресе, «Ерлік» мүгедектер қоғамының төрайымы Роза Ақжаркенованың қолдауымен «Инвотакси» диспетчерінің көмекшісі болып қызмет атқаруды үлкен жауапкершілік санайды. Әрбір мүмкіндігі шектеулі жанды бауырына басатын Роза Қажыахметқызының ұйымдастыруымен қоларбасын да жаңартқан. Сәл ауырып, ыстығы көтерілсе бірден қалалық ауруханаға келіп, дәрігер Жасұлан Қайратұлынан ем алады. Жетісулық қамқор жандардың мейіріміне риза Нұрболат ертеңгі күніне зор үмітпен қарайды. Олай болса, әрбіріміз қолымыздан келгенше көмек қолын беріп, жігерлі жігіттің ертеңі үшін күш салайықшы. Қайырымдылық жасасақ, қайырын өзіміз көретінімізді де естен шығармай, көмектесіп жіберейікші. Ең болмағанда 500 теңгемен жақсылық жасасақ қазақтың бір азаматының өмірін аман алып қалуға атсалысар едік. Тағдырдың сынағына түскен азаматтың арманын аласартпайықшы, құрметті оқырман.

Qiwi кошелек: +7 7013309313
ИИН: 890624301807
Банк Казком 4003032717728226

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

«Ашық есік күні»: 30-ға жуық тұрғынға құқықтық көмек көрсетілді

«Ашық есік күні»: 30-ға жуық тұрғынға құқықтық көмек көрсетілді

09.04.2026
Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

09.04.2026
Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

09.04.2026
Бір қысқа шыдамаған асфальт: Талдықорғандағы Шахворостов көшесінің бүгінгі жағдайы (ВИДЕО)

Бір қысқа шыдамаған асфальт: Талдықорғандағы Шахворостов көшесінің бүгінгі жағдайы (ВИДЕО)

09.04.2026
Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

09.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.