Талдықорған: +13°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Бала ұру қылмыс па?

26.12.2016
ӘЛЕУМЕТ
Бала ұру қылмыс па?
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде ақпарат құралдарынан «баласын өлімші етіп сабап тастапты», «оқушысын соққыға жығыпты» деген хабарларды жиі оқимыз. Жуырда ғана бір жас әйелдің өзінің қызын сабап жатқан көрінісі ұялы телефон арқылы күйеуіне жіберіліп, ол әлеуметтік желі арқылы тарап, көпшіліктің жағасын ұстатқаны бар. 

Оған құқық қорғау органдары да бей-жай қарай алмай, әйел ақырында істі болып, қызы әкесіне қайтарылып берілді. Әйелдің қызды сабауына күйеуінің басқа отбасында бақытты ғұмыр кешуі, өздеріне лайықты деңгейде көңіл бөлмеуі себеп болыпты. Сол арқылы әйел күйеуіне өзің қызықты тірлік кешіп жүргенде қызың азапты өмір сүріп жатыр дегенді жеткізіп, сол арқылы өш алмақ болған. Сонда жазықсыз бала ата-аналарының түсініспеушілігі мен кикілжіңінің құрбанына айналып отыр.
Қит етсе баладан өш алып, ұрып соғатын әйелдер, қызына қол көтеретін ер адамдар бүгінгі қоғамда көптеп кездеседі. Баланы қатесі үшін жазалау, оны ауыр тимейтін жерінен шарт еткізіп, кейде шыбықпен шықпыртып алудың жөні бөлек, ұрып-соғып, беті-басын көгертіп, қол-аяғын сындырып, тіпті жан сақтау бөліміне бірақ түсіретін жағдайлар шындығында алаңдатарлық. 
Кезінде апаларымыздың өзі «балаңды жас кезінде ұрсаң да өзіңе көндіріп ал, өскенде тіпті бой бермей кетеді» –  деп отыратын. Бұл сөздің расында да жаны бар. Кейбір балаға қанша ақыл айтып, сөзбен жеткізбек болсаң да тентектік жасап, дегенге көнбейді. Ондай баланы тәрбиеге көндіру үшін көк шыбықтың көмегіне жүгінуге тура келер. Ал, баланы жазықсыздан жазалап, кішкентай қателігі үшін аяусыз ұрып-соғып, жарынан өш алудың құралы ету қылмыстың бір түрі деуге болады. Осыған орай жуырда Қазақстандағы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева бала ұрған ата-ананы жазалау туралы бастама көтерді. Ол көпшілік ортасында екі ұдай пікір қалыптастыруда. Бірі баланы ұрған ата-ананы жазалау әділетсіз десе, енді бірі оның дұрыстығын жақтайды. Өйткені, бала ұру тәрбие құралы емес, кішкентайынан таяқ жеп өскен жеткіншек жалтақ болады. Баланы ұрғаннан бұрын ақыл айтып, үлгі көрсету арқылы тәрбиелеудің дұрыстығын алға тартады мамандар. 
Қалай десек те баланы ұрудың кері әсерінің көптігін бүгінгі уақыт дәлелдеп отыр. Бүгін таяқ жеп өскен бала ертең өз ұрпағына да құқай көрсетуі әбден мүмкін. Оның соңы осы сынды баласын ұрып, өлімші халге жеткізетін жағдайға әкеліп соғуы ғажап емес.
Баланы аяусыз соғудың астарында бүгінгі ата-ананың психологиялық тұрғыдағы күйзелісінің жатқандығы да жасырын емес. Болып жататын  өмір қиындығы, ғаламтор, әлеуметтік желінің жүйкеге түсірер салмағы адамның өз іс-әрекеттеріне есеп бере алмай, шыдамсыз, ұстамсыз болуына әкеліп соқтыруда. Оның салдары өз баласына аяусыз соққы жегізген ата-ананың іс-әрекетінен айқын көрінуде. Өмір қиындығын балаға білдірмей, үлкен жүкті өз иығымызбен көтергеніміз абзал. «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» желдің өтінен қорғайтын балапандарымызға қорған болып, оларды ашу-ызаның құрбаны болуынан сақтайық, қадірлі ата-ана!

Алма Есенбаева

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.