Талдықорған: +17°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Екі кәсіпорын іске қосылды

22.12.2016
ЭКОНОМИКА
Екі кәсіпорын іске қосылды
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қарасай  ауданының Елтай ауылдық округінде екі бірдей  іргелі кәсіпорын іске қосылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов, Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев бастаған ресми қонақтар алдымен Көкөзек ауылының маңында бой көтерген «Holland Green Tech» ЖШС-не қарасты өндірістік жылыжай кешендеріне қажет металл құрылғыларын өндіретін зауытқа  ат басын тіреді.

Заманауи өндіріс орнының ашылу салтанатына келген жұртшылықтың көтеріңкі көңіл-күйін желтоқсанның таңғы ызғырығы да бәсеңдете алмады.  Мұнда ашылған 50 жұмыс орнына маман ретінде негізінен жергілікті тұрғындар алынған. 
Зауыттың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Лаззат Махатұлы ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында голланд технологиясы бойынша озық үлгідегі жылыжай кешендеріне қажет металл құрылғыларын шығаратын  өндірісті салуға атсалысқан, оның құрылысын жүргізген, бүгіндері өндірісті меңгерген барша жұртшылықты осынау айтулы оқиғамен құттықтады. 
Естеріңізде болса, біз «Қазақстан – 2030» Стратегиясы бойынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуді алға қойған едік. Бүгінде ол белесті бағындырып, алдағы уақытта іргелі 30 елмен иық тірестіру жолында еңбек етудеміз, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары сөзін сабақтап. – Осы бағытта облыста, соның ішінде Елбасының туған жері – Қарасай ауданында инвестициялық ахуалдың оңтайлы болуының нәтижесінде көптеген жаңа кәсіпорындар ашылып, отандық өнім өндіріп келеді. Солардың қатарында бүгін іске қосылайын деп отырған металл құрылғылары зауыты да бар. Ендеше, кәсіпорын табысты, тауарларың өтімді болып, ел игілігі жолында еңбек ете берулеріңе тілектестігімді білдіремін.
Осыдан кейін сөз алған зауыт директоры Бауыржан Баймұханбетов өткен 25 жыл ішінде еліміз үлкен табыстарға қол жеткізсе, соның ішінде «Holland Dreen Tech» компаниясының  қосқан үлесі де бар екенін атап өтті.  – Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілуде.  Агросектор саласында сапалы әрі мол өнім алуға қол жеткізу үшін жаңа технология, жылыжайлар қажет екені түсінікті. Осыны ойластыра келіп біз жылыжай құрылғыларын шетелден тасымалдамай, елде өндіруді ойластырған едік. Қазақстандық инвесторлар ретінде бұл жобаға 2 миллион теңгеге жуық қаржы салып, кәсіпорынды ашуға мүмкіндік жасадық.  Мұнда металл құрылғыларын жасап қана қоймай, жылыжайларды аз уақытта, сапалы етіп тұрғызуды, оны қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуді де мойнымызға аламыз. Осылайша, елде ауылшаруашылығын дамытуға үлесімізді қоспақпыз, – дейді  Бауыржан Зинадиұлы.
Осыдан кейін Лаззат Махатұлы, Махаббат Сәдуақасұлы және Елтай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалида Қосшығұлов  зауыттың лентасын салтанатты жағдайда қиып, өндірістің жұмысына ақ жол тіледі. Үлкен алюминий дөңбектерін балқытып, одан қажетті үлгіде металл бұйымдарын шығарып,  жылыжай жобасына  байланысты кесіп-июмен айналысатын автоматтандырылған  құрылғыларды аралап көрген қонақтар зауыт жұмысына жоғары баға берді. 
Жалпы, облыста индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан шаралардың ауқымды бөлігі Қарасай ауданына тиесілі десек, соның ішінде Елтай ауылдық округінің  көш бастап келе жатқанын айта кету керек. Осы орайда  Жармұханбет ауылында бой көтерген «Аlmaty steklo» зауытының алатын орны ерекше екендігінде дау жоқ. Жеті гектар аймақты қамтыған, 50 500 шаршы метр өндірістік ғимараты бар кәсіпорын айына 8 миллионнан 10 миллионға дейін суға, шырындарға, сүт  және түрлі тосаптарға арналған 0,5 литрлік шыны ыдыстарын шығаруға қабілетті. Осы зауыттың іске қосылуымен бұрындары негізінен Ресей мен Қытайдан тасымалданып келген шыны ыдыстар толықтай өзімізде өндіріле бастайды.
Зауыттың ашылу салтанатында сөз алған Лаззат Махатұлы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» атты шара аясында ашылып отырған кәсіпорынға сәттілік тіледі. Ол мерекелі жылы өлкемізге  48,3 миллиард теңге инвестиция тартылып, жаңадан 22127 жаңа жұмыс орны ашылғанын атап өтті.  Облыс әкімі Амандық Баталовтың бастамасымен жүзеге асырылған ірі жобалардың ішінде Сарқан ауданында іске қосылған қуаттылығы 17 мегаватт болатын Лепсі су электрстансысы да бар. Ал, іске қосылғалы отырған әйнек және шөлмек бұйымдарын шығаратын  осы зауытқа 11 миллиард теңге инвестиция тартылып, 600 жұмыс орны ашылмақ. Бұл елдегі бірегей зауыт болмақ. Лаззат Махатұлы сонымен бірге  елде осындай іргелі кәсіпорындарды ашуға ұйытқы болып жүрген, отандық инвесторларды  өзіміздің өндірісімізді дамытуға  жұмылдырып жүрген Болат Назарбаевқа жұртшылық алғысын жеткізді. Соңынан Лаззат Махатұлы зауыт жұмысшыларына пәтер кілттерін табыс етті.
Зауыт директоры Азим Абдуллаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясаты мен қолдауының нәтижесінде «Алматы стекло» және «Кристал Пюр Гласс» зауыттары бой көтергенін атап өтіп, оның  ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ашылуын жақсылыққа жоритынын жеткізді. 
– Қытайлық әріптесім Шен Жминмен бірлесе отырып  Қазақстанда шыны зауытын салуды ойға алған едік, – деді ол сөзін сабақтап. – Мұнда 50,500 шаршы метр өндірістік ғимараттармен бірге 92 шағын отбасылы пәтерлер, 27 орынды жатақхана, супермаркет, дәріхана, кафе, бильярд және 400 орынды жиын залы, жылу қазандығымыз бен су мұнарасы қоса орналасқан.
Ал, өндіріске келер болсақ, зауыт айына 8-ден 10 миллионға дейін түрлі қалыптағы шыны ыдыстарын шығаруға қабілетті. Өндіріс  тек қана отандық шикізатпен жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда, негізгі шикізат – кварцталған құм Қызылорда облысынан жеткізілсе, мәрмәр үгітінділерімен  Текелі қаласындағы кәсіпорындар қамтамасыз етпек. Зауыт сонымен бірге айына жарамсыз қалған 1300 тонна шыны ыдыстарын қайтадан өңдеп, қоршаған ортаның тазалығына да өз үлесін қоспақ. Санитарлық және экологиялық жағынан да аса оңтайлы бұл ыдыстардың Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де шығарылатыны дау туғызбайды.
Қарасай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек  Қыдырәлиевтің ақ батасын алғаннан кейін салтанатты түрде лентасын қиған  қонақтар зауыт ішін аралап, заманауи өндірістің жұмысымен танысты. 

Қуат Қайранбаев
Қарасай ауданы. 

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

21.04.2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

21.04.2026
«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

21.04.2026
Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.