Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда Чернобыль құрбандарын еске алу шарасы өтті

28 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда Чернобыль құрбандарын еске алу шарасы өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы сәуір айының 26-шы жұлдызы Чернобыль атом электр станциясында орын алған жарылысқа 39 жыл толды. Осыған байланысты Жетісу облысының орталығында апат аймағында көз жұмған азаматтарды еске алуға арналған арнайы іс-шара өтті.

Жиналған қауым Талдықорғандағы «Жеңіс» саябағына орналасқан Семей ядролық сынақ полигоны және Чернобыль құрбандарына арналған еңселі ескерткіштің алдына гүл шоқтарын қойып, өмірден өткен марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Көпшілік алдында сөз алған Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков аталған жарылыстың орасан зор зардаптары туралы кеңінен тоқталып, оның салдарын жоюға барған әр азаматтың ерлігі ерекше екенін айрықша атап өтті.

– Әр апаттың табиғаты әртүрлі болғанымен, қасіреті бір. Чернобыль апаты – дүниежүзіндегі ірі жарылыстардың бірі. Адамзат тарихындағы ең сұмдық техногендік апаттардың қатарында. Сол жарылыс кезінде денсаулығын тәуекелге тігіп, өздерінің әскери борышын орындаған жандардың жанқиярлық ерлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында апаттың ауқымы қысқарды. Бүгін біз сол жандардың рухына тағзым етіп, олардың жарқын бейнесін жүрегімізде мәңгілік сақтаудамыз,–деді Жеңіс Саятбекұлы.

Жетісу облысы бойынша Семей полигоны мүгедектер және ардагерлер бірлестігінің төрағасы Толыбек Данабековтің сөзінше, 1992 жылы сәуір айында апат аймағында болғандардың құқығын қорғайтын арнайы бірлестік құрылып, 2010 жылы Семей полигонында болғандармен біріктірілген. Міне, содан бері бұл ұйым тұрақты жұмыс істеп келеді. Бүгінде бірлестіктің әрбір облыс, аудан, қала орталықтарында бөлімшелері бар. Ұйымның басты мақсаты – жастар тәрбиесіне қол ұшын беріп, оларды елін, жерін сүйіп, Отанын қорғайтын азамат болуға жебеу. Осыған сай қазір Талдықорған қалалық бірлестік мүшелері Ауған соғысы ардагерлерімен бірлікте көптеген игі істерге бастамашы болуда. Олар әр жыл сайын шаһардағы барлық оқу орындарын аралап, арнайы кездесулер ұйымдастырып, онда елдің бейбітшілігі мен ынтымағын сақтау бағытында көптеген тәрбиелік мәні зор жиындар өткізуде.  Соның ішінде ұлтымыздың дәстүрлі дінін, салт-дәстүр сабақтастығын жаңғырту мен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, ата-бабалардан жалғасқан шынайы құндылықтарды дәріптеуге баса мән беріледі. Бүгінде Талдықорған қаласында 90-нан астам Чернобыль апат аймағында болған азаматтар тұрады.

Еске сала кетейік, 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль қаласында атом энергиясын пайдалану тарихындағы ең ірі алапат апат орын алған. Мыңдаған адамның өмірін қиған бұл жарылыстың зардабын жоюға кезінде жалпы Кеңес одағы бойынша 800 мыңнан астам адам жұмылдырылса, олардың  32 мыңға жуығы Қазақ елінің азаматтары. Осы бір жойқын жарылыстың адам денсаулығына төндіреген қауіп-қатері кім-кімдерге де оңайға соқпағаны белгілі. Өкініштісі, апат аймағында болғандардың басым көпшілігі мезгілсіз дүние салып, енді біразы ауыру-сырқау, өмірлік мүгедектік күйге түскен. Оларға тек еліміз егемендік алып, еңсе тіктегеннен бері жыл сайын қаржылай қолдау жасалып, өзіндік сый-құрмет көрсетіліп келеді.

 

                                                                             Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.