Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Қойнауы қүт ҚАРАДАЛА

03.10.2016
РУХАНИЯТ
Қойнауы қүт ҚАРАДАЛА
WhatsAppTelegramFacebook

Бақ қонған, құт дарыған киелі жер, жазиралы кең дала қойнауында шежірелі ерен тоғайы, шалқыған Шарын шатқалы, кең алқапты алып жатқан дертке дауа Арасаны, сан ғасырлық тарихы бар өнері өрге өрлеген Қарадала өңірінде ауданның мәдениет күндері аталып өтті. Бұл мерекеге облыстан бірқатар қонақ арнайы келді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбекова, облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Айгүл Сәбитова ауданымыздың мәдениет күндері мерекесіне  өз бағаларын берді.

«Егемендік – елдігім, тәуелсіздік – теңдігім» атты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен мәдениет күндері аудан орталығындағы стадионда бастау алды. 
«Айхай, Дала! 
Асау көңіл, ән-дала! 
Көкжиегі көсіледі паңдана.
Көз жетпейтін, құс қанаты талатын 
Кең өлкеге қарайды көк таңдана», – деп Нұрлан Оразалин  жырлағандай, Қарадала жұртшылығы бұл мейрамға тайлы-тұяғымен жиналды. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шараның басы-қасында болды. Алаңға қойылған үлкен сахна Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты безендірілген. Екі қанатында ауданның қолөнер шеберлерінің туындылары көрмені айшықтай түскен. Көз тартар дүниелер легі көп-ақ. Көрмеге қойылған бұйымдардың барлығы да таза экологиялық заттардан және уақыт пен төзімділіктің нәтижесінде жасалғаны анық. Әсіресе аудан тұрғындары мен келген қонақтарды «темірден түйін түйген» қолөнер шеберлерінің кәдуілгі шегемен жасаған бұйымдары таңдандырды. Әртүрлі құстардың, жан-жануардың, айтулы шаралардың эмблемаларын шеге арқылы бейнелеу ерекше әсер қалдырды. Мұнан өзге сурет көрмесі де қылқаламның құдіретінің шексіздігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ал ақ жаулықты аналар мен оюлы кимешегі жарасымды әжелердің ұлттық дәстүрден хабар берер салт-дәстүрді жаңғыртып, ою ойып, текемет басып, ұршық иіріп, ауылдың алты ауызын айтып отыруларының өзі тым жарасымды-ақ.  
Сахна төріне көтерілген аудан әкімі Алимжан Тохтасунов шараның шымылдығын ашты. Ол:
– Жыл сайын облысымыздың әрбір ауданында мәдениет күндерін дәстүрлі түрде өткізу игі іске айналған. Мәдениет күндерін өткізу арқылы біз өзіміздің мәдени баспалдақтың қай сатысында тұрғанымызды, әлі де алға жылжу қажеттігін ұғынамыз. Облысымызда әр жылы мәдениет күндері әртүрлі форматта аталып өтіліп, ол өзгерістен қалыптасқан тәжірибе де оң нәтиже беруде. Мәдениет – Мәңгілік Еліміздің мәйегі, өміріміздің өзегі. Мәдениет саласы дамыған облысымызға, оның ішінде мың жылдық ғұмыры бар Алматы шаһарына арнайы сапармен келген ел Президенті өңіріміздің мәдени өркендеуі мен экономикалық әлеуметтік алға жылжуы жедел екендігін ерекше атап өтті. Биылғы мерекеленіп жатқан мәдениет күндерінің Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келуі ел тарихының қойнауына алтын әріптермен енуіне себеп болып тұр», – дей келе кемел көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында 25 жыл ішінде еліміздің жеткен жетістіктерін тілге тиек етті. Әлем елдерінің назарында Қазақстанның болуы да Елбасымыздың жемісті еңбегінің нәтижесі екенін де айтып өтті.          Құттықтау сөзден соң ән мен жырдың, күйдің тиегі ағытылды. Ортада қазақы дәстүрмен ән шырқаған қыз-жігіттер салт-дәстүрімізді көз алдымызға әкелді. Халық әндері нақышына келтіріле орындалды. Жамбыл ақын мен Құлмамбеттің арынды айтысы да кешегі күннің елесіне сүңгітті. Жыр әлеміндегі жауһарларымыздың жырынан соң ұйғыр ағайынның мың бұралған биші қыздары мен ұлдары шараның көрігін қыздырды. Ұлттық киімдерімен көздің жауын алып, әуезді әндерін де шырқады. Ұйғыр халқының бір топ ақсақалдары мен әжелерінің ән-биі де бұл ұлттың өнер десе ішкен асын жерге қоятындығын аңғартты. Ал ақ кимешегі желбіреп, жанға жылу сыйлар дауыстарымен ән шырқаған қазағымның ақ самайлы әжелері көрерменнің көңілін көтеріп-ақ тастады. Жүзінен мейірім, көзінен нұр шашқан әжелеріміздің сахнаның сәнін кіргізгені ақиқат еді. Мұнан соң жастар заманауи бимен ортаны шырқ үйірді. Мәдениет күніне арналған шараның шымылдығы жабылардан бұрын сахнаның қос қанатынан еліміздің Көк туын желбірете көтеріп шыққан ұландардың бойынан рух, намыс аңғарылды. Болашақта көк туымызды көкте желбіретер жастардың легі көптігін аңғартты. Жігеріңді жанып, рухыңды аспандатар патриоттық ән хормен орындалғанда орнынан тұрып қол соқпаған көрермен қалмады. Бәрі де мерекелік шарадан рухтанғандай болды. Тәуелсіздіктің көк туы астында шырқалған әуезді ән ырғағымен би билеген кішкентай ғана бүлдіршіндердің жүзінен бақытты балалықтың лебі есті. Құлын жүректер қуанышқа толы. Қолдарына аспан түстес әдемі шарлары мен жалаушалар ұстап, еркін елдің ұландары ретінде езулеріне күлкі үйірілген. Тамашалап отырған әр жанның жүрек түкпірінде осындай бақытты балалардың көп болуын, әр сәбидің жүзінде тек қуаныштың ғана көз жасы төгілуін, балдырған көңіл азаттықтың арайлы таңында болуын, ақындардың жыры да, әншілердің ән де тәуелсіздік деп шырқалуын тілеген арман-ниет болғаны ақиқат.
Осылайша өнер тұнған өлкеде бұл күні ән де, жыр да айтылған, ақжарма тілек те, ақкөңіл ниет те тәуелсіздігімізге арналды. Біз мәдениетімізді көтеру арқылы Мәңгілік елге бір қадам жақындайтынымызды ұғындық. Елбасымыз айтқандай, «Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген, қасиетті Отанымыз – Қазақстанды Мәңгілік Ел ету». Ендеше Мәңгілік Еліміздің туы биікте желбіреп, мәйекті мәдениетіміз мәңгі, рухани байлығымыз нәрлі болсын! 

Анар Дүйсенбайқызы. 
Ұйғыр ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы экологиялық туризм: ұлттық парктерге келушілер саны бір жылда 40 мыңға жетті

Жетісудағы экологиялық туризм: ұлттық парктерге келушілер саны бір жылда 40 мыңға жетті

28.01.2026
Балқаш көлінің жағалауында екі коммуналдық жағажай ашылады

Балқаш көлінің жағалауында екі коммуналдық жағажай ашылады

28.01.2026
Қазақстан Қарулы күштерінде 7 мың бөлімше сынақтан өтті

Қазақстан Қарулы күштерінде 7 мың бөлімше сынақтан өтті

28.01.2026
Қазақстанның тестілеу жүйесі жаңа деңгейге көтеріледі: ҰТО мен ETS стратегиялық келісімге келді

Қазақстанның тестілеу жүйесі жаңа деңгейге көтеріледі: ҰТО мен ETS стратегиялық келісімге келді

28.01.2026
Жасанды интеллект: Pinterest-те жаппай қысқарту болмақ

Жасанды интеллект: Pinterest-те жаппай қысқарту болмақ

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.