Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АҚСУ ҚАНТ ЗАУЫТЫ АШЫЛАДЫ

30.07.2016
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

Тәтті түбір өсірудің технологиясын шетелдік мамандардан емес, өзіміздің еңбекпен есейген ауылдағы ағайыннан сұрау керек. Өйткені, олар – кешегі көл-көсір қызылша өнімін көзбен көріп, ала жаздай алқапта тер төккен тәжірибелі аға буын. Әсіресе, балтамырды бітік өсіруді отбасылық дәстүрге айналдырған еңбекқор әулеттердің санын арттырған абзал. Елбасы қант қызылшасын қайта жаңғыртуды тапсырғалы бері облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ бұл салаға тың серпін берді. Сәрсенбіде Сарқан ауданына ат басын бұрған облыс басшысы шекердің шикізатын өсіріп отырған шаруа қожалықтарына бас сұғып, Ақсу қант зауытын іске қосудың тиімділігі турасында сөз қозғады.

АҚСУ  ҚАНТ  ЗАУЫТЫ АШЫЛАДЫ

Ауданда «Самал» шаруа қожалығы қант қызылшасынан мол өнім алатындардың көшін бастап тұр. Ақсу және Сарқан аудандары түйіскен тұстағы жасыл желекті алқап Ермек Қалиев басшылық ететін қожалыққа тиесілі. Құрылғанына жиырма жылға жуықтаған еңбек ұжымы биыл 8 гектарға қызылша отырғызыпты. Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде себілген тәтті түбірдің жапырағы жап-жасыл. Көз ұшына дейінгі алап көгалды көрпе жамылған. Облыс әкімі ауыл шаруасынан қызылша егудің қиындығын сұрап, алқаптағы қызылшашылардың еңбек етуге деген ерекше құлшыныстарын байқады. Ермек Сағындықұлының айтуынша, мұнда жұмысшылар қызылша өсірумен ғана емес, күздік бидай, арпа, майбұршақ және көпжылдық шөп те егіп, төскейде жүзден астам ірі қара өрбітіп отыр.

«Алматы – Өскемен» тас жолының бойында аталған шар­уашылықпен іргелес жатқан тағы бір шағын егістік алқабы бар. Аумағы аз көрінгенмен, мұнда республикада жоқ жаңа бастаманың алғашқы жемісі бүр жармақшы. Ол – жастар орталығының қант қызылшасы. Елбасының тапсырмасынан кейін қызылша өсіруден өнеге көрсеткен Сарқан ауданының ақсақалдары көпшілікке Үндеу тастайды. Қызылша алқабын қайта қолға алуға шақырған аға буынның арналы сөзін жастар жағы іліп әкетіп, «Жасыл Ел» еңбек жасағы тәтті түбірге көктемнен бері тер төккен. Жастарға тиесілі қызылша алқабын аралаған Амандық Ғаббасұлы балтүбірдің біреуін алып, алақанында салмақтап көрді. Қазірдің өзінде тәтті тамырдың ауырлығы байқалады.

– Жазғы демалыс кезінде әкем мені күнде таңғы сағат 4-те оятатын, – деді облыс әкімі жас қызылшашыларға қарап. – Өмірде ешқашан ерінбеу керек. Еріншектік адамның ынта-жігерін жоқ етеді. Сіздер күн­ұзаққа ғаламторда отырып, компьютердің алдынан алыстамай қойсаңыздар, түбі жақсылыққа кезікпейсіздер. Мына бастамаларың республикаға үлгі боларлық жарқын іс. Аға буынның өтінішін жерге тастамай, қызылша алқабындағы ауыр жұмысқа бел шеше кірісіп кеткендеріңіз мені қатты қуантып тұр. Кез келген бақытқа қол жеткізуді адам қарапайымдылықтан, төменнен бастауы керек.

Жас қызылшашылармен дала төсінде кездескен облыс әкімі естелік суретке түсіп, аудандық жастар орталығының жетекшісі Аслан Күбентаевқа шексіз ризашылығын білдірді. Атап өтейік, жастардың жарқын ісіне аудандағы шаруа қожалықтары мен Сарқан қаласындағы колледж ұжымы техникалық бұйымдар беріп, қол ұшын созып келеді. Осыдан кейін облыс басшысы «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне аяқ басып, жаңадан егілген тұқымбақтың жұмысымен таныс­ты. Жас жұбайлардың саябағында Амандық Баталов естелікке шырша егіп, апорт алмасы өсіп тұрған бақты көрді. Сондай-ақ, облыс басшысы «Жас қанат» шаруа қожалығы жайқалтып отыр­ған бидай алқабына ат басын бұрып, комбайншылармен, диқандармен тілдесті.

Сарқандық бөбектердің жазғы демалысы қызықты өтіп жатыр. Новопокровка орта мектебі мен «Ер Төстік» балабақшасы аудандағы бүлдіршіндердің логикасын дамытуға күш салған. Мектеп директоры Жамал Құлахметова білім ордасының атауын қазақшалауға ынталы. Алайда атау ауыстыруға және беруге уақытша мораторий жарияланғалы бері игі жұмыс тоқтап тұр. Облыс әкімі балабақшадағы бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, ән салған, би билеген, өлең оқыған балақайларға сыйлықтар таратты. Ағылшын тілі, логика сыныптарын аралап, мектептің білім сапасымен танысты. Тілге тиек етсек, биыл бұл мектепте екі оқушы «Алтын белгі» алған.

Облыс әкімі Амандық Баталов Бақалы ауылдық округіндегі «Мұқанов К» шаруа қожалығының қызылша алқабында болып, тәтті түбір өсіруге бая­ғыдан машықтанған ауылшаруашылық мамандарымен кездесті. Егістік басындағы ерекше басқосуды Сарқан ауданының әкімі Ерғазы Қошанбеков ашып, облыс басшысымен бірге қызылша өсірудің өзекті мәселелерін талқылады. Мәселен, ауданда дәл қазіргі таңда 121 шаруа қожалығы қызылша егумен шұғылданады. Жалпы ауданның ішкі өнімі былтырғы жылмен салыстырғанда 14 пайызға өскен. Сарқандық қызылшашылар биыл гектарына 400-600 центнер аралығында өнім алуды көздейді.

Амандық Ғаббасұлы дала төсіндегі жиында Ақсу қант зауытын іске қосудың қаншалықты тиімді болатынын тілге тиек етті. Егер де көне зауыт қайтадан іске қосылса, Сарқан, Ақсу және Алакөл аудандарының қант қызылшасын өткізуге жол ашылады. Қазіргі таңда шаруашылықтар шикізатты Көксу қант зауытына тасымалдау үшін кемінде 200 шақырымды жүріп өтеді. Ал жаңа зауыт жұмыс істеген жағдайда тасымал мәселесінің түйіні шешіліп, тайсақтаған шаруа қожалықтары қызылша егуге түпкілікті кіріс­пек. Амандық Баталов өз сөзінде Ақсу қант зауыты «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қарамағына өткенін, келер жылы кезең-кезеңімен іске қосылатынын айтты. Жиында Сарқан ауданының суару жүйе­лері, ауылшаруашылық бағытында қаржыландыру, лизинг пен субсидиялау тақырыптары көтерілді. Тарқатып айтсақ, ауданда су шаруашылығындағы шығынды азайту үшін бірнеше арналарды күрделі жөндеуден өткізсе, 20 миллион текше метр тіршілік көзі үнемделеді. Мамандардың сөзінше, ішкі тоғандар ретке келсе, Сарқан ауданының 34 мың гектар аумағын пайдалануға болады.

Алқаптағы алқалы басқосуда Бақалы округінің ақсақалдары сөз сөйлеп, жастарға қызылша өсірудің жауапкершілігін түсіндірді. Бұрын, дәлірек айтсақ, 1981 жылы Бақалы ауылы 37 мың тонна қызылша өткізіпті. Бүгінде бұл меже жоқ. Алайда қолға алған игілікті істің нәтижесі жаман емес. Аудан ақсақалдары Бақалыдан биыл кемінде 10-15 мың тонна түсім шығады деп отыр. Сарқан ауданына жасаған сапарын түйіндеген облыс әкімі ел ішінде қызылша өсіруге сенімсіздік танытқан кертартпа адамдардың әлі де барлығын, оларға бүгінгі жайқалған егістіктің үлкен дәлел екенін, шетелден келетін қанттың орнын отандық сапалы өніммен алмастырудың қаншалықты маңыздылығын, еңбек еткен жерде ешқандай да террорлық әрекетке жол ашылмайтынын айтып берді.

 

 

Қуаныш Тұнғатар

Сарқан ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.