Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Арқалап жүріп жұбатқан

01.06.2016
ЖАНСАРАЙ
WhatsAppTelegramFacebook

Араға аз-кем уақыт салып «Жансарайдың» тағы бір орай­лы сәті келіпті.Өткен екі ке­зекті материалды алтын са­қа­дай қадірлі, аузы дуалы аға­ларымыз Асанәлі Әшімов пен Ес­кендір Хасанғалиевтың әке-ше­шелері жайындағы тағлымды дү­ниелеріне арнап едік. Енді, міне, сол қалыпты сәл сәтке бұза тұ­рып, өзегін өртке малып, кө­кірегінен тың өріс ашқан кейінгі талантты жастарға да бір кезек сөз бергіміз келді. Сол себепті де бұл жолы Кемеров облысы тағайындаған Құрмет орденінің тұңғыш иегері, «Қа­сым» атты көп сериялы фильм­де партизан жазушы Қасым Қайсеновті сомдаған Қ. Қуа­нышбаев атындағы Мем­ле­кет­тік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының та­лант­ты актері Қуандық Қыс­тық­баев­қа қолқа сала бардық.

– Ниеттеріңізге рахмет! Мен үйдің ең кенжесімін. Бір кіндіктен жібек жіптей он үш болып тарап, сегіз болып санатқа қосылдық. Ең ке­реметі сол – мен туғанда әкем жет­піс сегізде болатын. Кереметі деп айтатыным да, қарап тұрсаңыз бү­гін­де ондай көп бала өсіріп, тәр­бие­леуді мұсылмандық парызы са­най­тын әкелер қатары сиреп кетті. Кө­бісі бір-екі баланың ар жақ бер жа­ғында шектеліп қалды. Бұл енді әң­гімеміздің әуелгі мақсатымен қа­быс­пауы мүмкін. Сонда да осылай бір ауыз айта кеткім келді. Өкініштісі, сол асқар тауымнан он жасымда – 1987 жылы сексен сегіз жасында көз жазып қалдым. Сол себепті де, әңгі­мемізге орай бұл жайтты да сөз ба­сында ашып айтқым келеді. Яғни, ол тұста біз ойынның баласынан ой­дың баласына ойыспаған, әкенің өне­ге­сін, тағылым-тәрбиесін бойға сіңіріп үлгермеген сары ауыз балапан едік. Сондықтан да, сіздер ұсынған «Жан­сарайда» әкем туралы ағылып-төгі­ліп; өзіме үлгі болған, сонан соң ба­рып жалпы жұртқа өнеге болатын тағылымды сөздері жайлы алғаусыз әңгіме айта алмайтыным өкінішті-ақ. Мұны енді өмірдің заңы делік. Ал анам туралы алатаңға аянбай сыр шертуге дайынмын. Тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп мына өмірге әкелгені бір басқа да, қа­нат­тыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқ­тырмай мәпелеп өсіргені – бір басқа.

Кішкентай кезімде мен тым ерке болдым. Үйдің кенжесі болғасын ба, аға-әпкелерімнің бәрін өз дегеніме көндіргім келетін. Олар шар­уа­ла­ры­мен бір жаққа шықса, егіс басына, болмаса отынға барса да соңдарында мен жүретінмін. Ондай сәтте олар әке-шешеме арызданады. Бірақ, одан түк шыққан емес. Кейіннен 9-10 сы­нып оқып жүргенімде үйдегі ересек ба­лалардың бәрі өз тірші­лік­терімен жан-жаққа кетті де, бір үйде шешем екеуміз ғана қалдық. Міне, осы кез – менің нағыз шешемнің тәрбиесін көре бастаған кезім. Әрине, бұдан бұрын да «Біреудің алажібін атта­маң­дар» деп кете баратын көп тәр­бие­лік сөздер үйде жиі айтылатын. Тіпті, бұл барлық қазақ отбасында бар дүние. Сол тәрбиелік мәні зор, тағылымы терең сөздердің арқа­сында қазақ әр кез ұятының алдында жауап беріп келді. Ал бүгінгі қоғам­ға өкпе арт­пас бұрын, өзіміз сол әке-шеше­ле­рімізге ұқсап ұрпағымызға ондай тәлімді дүние табыстай ала­мыз ба, алмаймыз ба деген сауал туа­ды. Ол енді сіз бен бізге тікелей қа­тысты дүние.

Бала күнімде шешем қайда барса да, мен қасынан қалмайтынмын. Бармайтын жаққа да барам деп еріп аласың. Ондайда үйдегілер жылатып алып қалады. Қалғым келмейді. Қалсам, үйдің үлкендері жұмсай бе­ре­ді. Жаңа сөз арасында айттым ғой, ер­ке болдым деп: тіл алмаймын. Со­сын да өз дегеніме көндіру үшін ба­қырып жылағанда бүкіл ауылды басыма көтеретінмін. Содан ғой әбден ержетіп, етек-жеңімізді жинап азамат болғанымызда көрші жеңгем­нің: «Сен де адам болдың ба, Қуан­дық?» – дейтіні.

Шешемнің үнемі айтып оты­ра­тын сөзінің бірі «Тек жүрсең, тоқ жү­ресің» дейтін. Бала кезімізде соны шет­пұшпақтап болмаса, шын мәнін­де бүгінгі деңгейімізбен түсіне ал­мап­пыз. Қазір ойлап тұрсам, сүйекті сөз екен. Осы тек жүру – тұтас өмі­ріңдегі ұлы тыныштықтың кепілі іс­петті. Ал сол бір баладан мың бала, мың баладан тұтас ел тек жүрсе, елдің қай деңгейде тыныш бо­ла­ты­нын ойлап көріңізші?! Демек, «Отан отбасынан басталады», дегенде осын­­дай келелі дүниелердің бас­та­уы­ның бәрі сонда жатқандығын ұғын­ған­дықтан айтылған болса керек. Бүгінде елдің тыныштығы, жердің тыныштығы десе, басқа елден бұрын өз еліңнің мамыражай, бейбіт тірлігі көз алдыңа келеді. Осы ұлы тыныш­тық­пен мына әлемге мақтана қарауға қақылы сияқтымыз. Мұның бәрінің астарында аналар аузымен айты­латын «Тек жүрсең, тоқ жүресің» дейтін жа­ңа­ғы бір сөздің «дәру­менінің» жат­қа­нын білуміз керек.

Шешем жалпы жуас адам. Мен ал­ғаш қалаға кетем дегенде көңілі үр­кектеп: «Ой, балам-ай, қалада қиын ғой» деуінің де өз себебі бар-тұғын. Өйткені, ол кезде қаладан барып оқу деген қиынның қиыны-тұғын. Қа­лада бір әпкем мен ағам ғана оқып қайт­ты. Біреусі Шамалғанда оқыса, енді бірі Қаскелеңнен білім алып келді. Әрине, басқаларының оқуға мүм­кіндігі болмады емес, болды. Әңгіме біздің шалда еді. «Қалаға барсаңдар бұзылып кетесіңдер, ұрып кетеді, өлтіріп кетеді» деп ауыл арасындағы көлденең кісінің кез келгені айтатын керағар көп сөздердің кесірінен екеуден өзгесін ешқайда жібермеді. Әйтпесе, әкенің жүрегі кең еді. Кейін­нен әкемнің көзі кетіп, отба­сы­ның барлық жауап­кершілігі шешем­нің мой­нын­да қалған күндердің бірінде бүгінгі мамандығым – театр оқуына түскім келетінін айттым. Жоғарыда айт­қанымдай шешем өте жуас кісі. «Балам-ау, одан басқа оқу табыл­мады ма?» – дегеннен ары аспа­ды. Бар ұрысқанының түрі осы бол­ды.

Мұнан соң келесі бір көңілі сәл наразы болған сәті – мен инс­ти­тут­ты бітіргесін Астанаға жұмысқа баратынымды жеткіздім. Онда да бар ренішінің түрі мынау: «Құдай-ау, балам-ау, жақын маңнан жұмыс табылмады ма?» деп кейіді. Ең қиы­ны сол – әдетте мінезі шәлкем-ша­лыс адамның ұрысқанынан гөрі, өмір бойы бетіңнен қақпаған адам­ның бір ауыз ренішінің өзі жаныңа қатты батады екен. Құдайға шүкір! Қазір, сол уайымының біразы арыл­ды-ау деп ойлаймын. Өз қал-қаді­рім­ше үмітін ақтауға тырыстым. Қыс бойы жаныма алдырып ала­мын. Осындайда, өзім өзгеге үлгі етіп айтқым келетін бір жайт бар. Шешем де, тағы бір әпкем де құдай қосқан қосақтарынан ертеректе айы­рылса да, бізді өсіріп жеткізу үшін, басымызға үй тігіп, бауы­рымызға қазан асу мұратымен екін­ші қайталай жат түтінін түтетпеді. Өмір бойы бізді бағып өтті. Дулат Исабековтың «Әпкесі» сияқты.

Шешем айтатын: «Жылқы деген малдың естілігінен бөлек, тағы бір қасиеті – көзге түртсе көргісіз қа­раң­ғы түндерде де жолында жатқан тарының жарты қауызындай дү­ниені анық көре алады. Мұны неге айтам, өйткені, осы қасиет әрбір адамның бойында болу керек. Біреу­дің кемшілігін көруге емес, өз кем­шілігіңді мүлтіксіз көру үшін», – деп. Осы бір сөз ешуақытта да жа­дым­нан кеткен емес. Тіпті, кет­пе­ге­нін – бақытым деп білемін. Се­бебі, алыста, Астанада анамды ой­лап сарғайып, сағынып жүрген күн­дерде осы сөз менің қуатым. Ой­лаймын да, анаммен ойша жолығып қайт­а­мын. Мұндайда, Исрайыл Са­пар­баев ағамыздың:

Босамай ерні күбірден,

Құдайға құлша жүгірген.

Тағдырдан көріп тауқымет,

Табаны тасқа тілінген.

Анадан асыл бар ма екен?

Аяғың жерге жеткенше,

Арқалап жүріп жұбатқан.

Әлемді шарлап жүрсең де,

Әуені кетпес құлақтан

Анадан асыл бар ма екен?, –

деп келетін бір өлеңінен жатқа жіберемін. «Сендердің алды­ла­рың­да алсын» дейтін осы бір ақеділ жанның алдындағы перзенттік па­рызымды өтей алсам, менен ба­қытты жан болмас. Дәл қазір осы­лай көсіліп әңгіме айтып отыр­ғанымның өзі сол ақжаулықты жан­ның арқасы ғой…

Қозыбай Құрман

Қатысты жаңалықтар

1 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Жетісуда күн райы құбылады

10.02.2026
Марат Шибұтов: Жаңа Ата Заң жобасы референдумға шығаруға толық дайын

Марат Шибұтов: Жаңа Ата Заң жобасы референдумға шығаруға толық дайын

10.02.2026
Жаңа Конституцияда ардагерлер мен зейнеткерлердің құқығы қалай қорғалады?

Жаңа Конституцияда ардагерлер мен зейнеткерлердің құқығы қалай қорғалады?

10.02.2026
Сенат Төрағасы жаңа Конституция туралы: Мемлекет басшысының реформалары аясында топтасу аса маңызды

Сенат Төрағасы жаңа Конституция туралы: Мемлекет басшысының реформалары аясында топтасу аса маңызды

10.02.2026
«Мемлекет ішіндегі мемлекет» – фейк: Мұрат Әбенов Конституциядағы даулы сауалдарға нүкте қойды

«Мемлекет ішіндегі мемлекет» – фейк: Мұрат Әбенов Конституциядағы даулы сауалдарға нүкте қойды

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.