Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҒАСЫР ӘЖЕ

1 қаңтар 1970
КҮЛТӨБЕ
ҒАСЫР ӘЖЕ
WhatsAppTelegramFacebook

– Бақыт, қайда барасың? 
–Ата-анасын сыйлаған, 
Ұйымшылдық ойлаған, 
Тату жанға барамын, – деген Қабан жыраудың өсиет сөзі өмірдің мәні сыйластықта екенін білдіреді. 

Көксу ауданына қарасты Алғабас ауылында Тастанды атаның ұрпақтары тұрады. Құт қонып, бақ дарыған. Бүгінде әулеттің берекесі – Захан апа 98-ге келді. Екі дәуірдің куәсі. Көргені мен көңілге түйгені көп. Қыз-келіншектердің бет түзер темірқазығы. Апа 11 құрсақ көтерген. Бүгінде немере-шөбересімен бір қауым ел. 
Захан Бексейітқызы – бір шаңырақтың үлбіретіп баққан жалғыз қызы. 15 жасынан пошташы болып, ел-жұртқа газет-журнал тасыған. «Кеңес өкіметі кезінде халық оқымысты еді. Кешке отырып соларды сараптағанда атынан шатасатынмын. Ол кездегі адамдардың оқуға, білуге, жаңалыққа жаны құмар еді. Ел күтіп қалмасын деп газет тасуға таң алакеуімдене шығамын»,– дейді апа замандастарының болмысын еске түсіріп. 
Захан қыз 1945 жылы Тастанды есімді жігітпен бас қосып, босаға аттайды. Ғибратты ғұмыр кешіп, қос бәйтерекке айналған асқар тау әке мен аяулы ана балаларын өтірік айтпауға, ешкімнің ала жібін аттамауға, адам баласына қиянат жасамауға тәрбиелейді. Енесімен 20 жылға жуық бір шаңырақтың астында тұрған ол, ата жолымен Жақсыбала есімді қызын енесінің бауырына салып береді. Қызы бұл кісіні «жеңеше» деп атап кетеді. Бүгінде сол Жақсыбаланың ортаншы қызы Гүлсараны бауырына салып алған. Гүлсара қазір екі отбасының да шамшырағы. Қос ананың абыройын асырып, үмітін ақтаған ұрпақ. Елдің білім саласы мен бала тәрбиесіне үлес қосуда. Бүгінде облыстық білім басқармасында жауапты қызметте. 
Захан апа ер мінезді Гүлсарасының еңбекқорлығына риза. Қос ананың тілеуі мен елдің батасы оған күш-қуат сыйлағандай. Ол өңірде қазақ тілі мәртебесін көтеруге атсалысты. 
Күндіз-түні балаларының амандығын тілеген ана «ұзақ жасаудың сыры – ешкімге қиянат қылмауда, үлкен, кішімен сыйласа білуде» деп барша жұртқа ақылын да айтады. Ғасырға табан тіреген сүйегі асыл, ғасыр әжеге Алладан бақуатты ғұмыр тіледік. 

Гүлжан ТҰРСЫН
Көксу ауданы
Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.