Талдықорған: +23°C
$ 458.23
€ 535.99
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

23.04.2025
КҮНДЕРЕК
ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Талдықорған қаласындағы бірқатар құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысын қадағалады. Алдымен осы уақытқа дейін ойын алаңы мүлде болмаған «Ұлан» шағынауданына барды.

Былтыр аталған аудандағы 14 ауланың бесеуі  абаттандырылса, биыл қалған тоғызының құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы сапалы қызмет көрсеткен «Фирма Мега Сервис» ЖШС қызметкерлері биыл да аталған шағынаудан аулалардың құрылысымен айналысуда. Қазіргі таңда демонтаж, қоқыс шығару, кабель төсеу, айналдыра бетондау мен бордюр орнату жұмыстары жүргізілуде. Жауапты мамандар жарықтандыру жұмысының толық аяқталып, техника да жеткілікті екенін айтуда. Сондай-ақ, әл осы шағынаудандағы 20 көпқабатты үйдің қасбеті жасалып, екі үйдің шатыры ауыстырылады. Аула құрылысы шілде айында толық бітеді деп жоспарлануда.

Облыс әкімі жауапты мердігерлерге тұрғындармен санасып, жұмысты жүйелі атқару қажет екенін айтты.

– Балаларға арналған ойын алаңы өте ыңғайлы болғаны дұрыс. Дәл осы мердігер компания былтыр да өте жақсы жұмыс істеді. Халық та дән риза. Бірақ тұрғындардың «көлік тұрағы да қарастырылса» деген пікірімен санасу керек. Бізге баланың ойын алаңында алаңсыз жүргені керек. Тіпті, тұрғындар «Жедел жәрдем», өрт сөндіру қызметін шақырса да аула сыйымды болғаны жақсы. Сол себепті де тұрғындардың өтініш-тілегіне құлақ асып, ақылдасып жұмыс жүргізіңіздер. Ең бастысы – құрылыс жұмысы сапалы болсын, – деді аймақ басшысы.

«Ұлан» шағынауданының тұрғыны Динара Топарбаева тұрғындарға жақсы жағдай жасаған азаматтарға алғыс айтып, қуанышымен бөлісті. «10 жыл болды осы шағын ауданның тұрғынымын. Бес балам бар. Былтыр жаздай құрылыс жүріп, күз уақытында алаң жұмысы толық аяқталды. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қуанды. Қазір балаларым шаң, топырақ, батпақ болмай қалаған ойындарын ойнайды. Енді біз осы бар дүниемізді бағалауға міндеттіміз, – дейді көпбалалы ана.

«Тазалық табалдырықтан басталады» деген ұстанымды берік ұстанған тұрғындар көктем бастала  көшеттер егіп, көгалдандыру жұмыстарына кірісіп кеткен. Пәтер иелерінің кооперативі жұмысын атқаратын Гүлнар Садуақасова былтыр қолданысқа берілген аулалардың сапалы жасалғанына дән риза. Үлкендіктерін танытқан зейнеткер ата-әжелер жастарға мемлекет дүниесін бүлдірмей, бардың қадірін білуге шақыруда.

Ойын алаңдары жайлы дабыл қағып, мемлекетке үнін жеткізген «Жетісу» шағынауданы тұрғындарының өтініш-тілектері де назардан тыс қалған жоқ. Барлығы 22 ауланың биыл 11-і тұрғындар игілігіне беріледі.

Аймақ басшысы «Жетісу» шағынауданына барып, атқарылған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асуын «Еңбек» ЖШС мамандарына тапсырды. Мердігер ұйымға көптің алғысын алып, берекелі жұмыс істеу қажет екенін айтты.

Талдықорған қаласында биыл көркем гимнастика залы бой көтермек. «Өркен» спорт кешенінің аумағында құрылысы басталған әмбебап ғимарат бір ауысымда 90 адамды қамти алады. Бірқабатты ғимараттың құрылыс алаңына арнайы ат басын бұрған облыс әкімінің жұмысқа көңілі толмады. Себебі наурыз айында басталған құрылыс тым баяу жүзеге асуда.

Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әділбек Бапақовтың айтуынша, «СарыөзекСервис» ЖШС жүзеге асырып жатқан құрылыс құны 815 миллионды құрайды. Қазіргі таңда қолданыстағы трибунаны бөлшектеу, шұңқыр қазып, оны толтыру және нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысан арнайы бекітілген талапқа сай бой көтеріп, қараша айында қолданысқа беріледі. Ғимараттың жалпы ауданы 2211,6 шаршы метр. Нысан әртүрлі биіктіктегі үш блоктан тұрады. Көркем гимнастика залында көрермен үшін 50 орын қарастырылған.

– Көркем гимнастика залы барлық негізгі талапқа сай жасалуы керек. Бірақ жұмыс қарқыны көңілден шықпай тұр. Егер құрылыс өз уақытында аяқталмаса, уақыт созудың қажеті жоқ. Бірден Заң бойынша шешім қабылдансын. Алайда келісілген дүние сапалы, уақытылы жүзеге ассын, – деді аймақ басшысы.

Құрылыс жұмыстарының барысын саралаған облыс әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс нормативтерін сақтай отырып, сапалы жүргізуді және мерзімінде аяқтауды тапсырып, аталған жұмыстар өзінің жіті бақылауында болатынын ескертті. 

Еңлік КЕНЕБАЙ
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Болашақтың берік негізі

Нәтиже арқылы бағаланатын институт

20.08.2026
«Жүз жауһар – жүз кітап»: көрме оқырман назарына ұсынылды

«Жүз жауһар – жүз кітап»: көрме оқырман назарына ұсынылды

20.08.2026
Қазақ жігіттері «Red flag» па, «Green flag» па?

Қазақ жігіттері «Red flag» па, «Green flag» па?

20.08.2026
Ғарыш технологиясы арқылы заңсыз қоқыс орындары жойылып жатыр

Ғарыш технологиясы арқылы заңсыз қоқыс орындары жойылып жатыр

20.08.2026
Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

20.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.