«Қазгидромет» РМК 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алайда кейбір аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Астана, Алматы және Шымкентте бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнгі температура +8…+13°C, ал күндіз +20…+25°C шамасында болады.
Ақтау, Қарағанды, Қонаев және Оралда жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Орташа жылдамдықтағы жел соғады. Күндіз ауа температурасы +20…+26°C аралығында.
Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз +28…+32°C дейін ысиды.
Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Көкшетау, Павлодар және Семейде күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз +23…+26°C шамасында.
Петропавлда жаңбыр жауып, ауа температурасы +12…+14°C болады.
Талдықорған мен Таразда жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Күндізгі температура +20…+23°C шамасында.
Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +18…+20°C болады.
Синоптиктер ел тұрғындарын ауа райының құбылуына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Фото: istockphoto.com





