Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тауар сапаға сай болуы тиіс

22 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Тауар сапаға сай болуы тиіс
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасында жұмыс істейтін сауда жөніндегі салалық кеңестің кезекті отырысы өтті. 

Оған облыстық санитариялық — эпидемиологиялық бақылау департаменті, Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері шақырылды. Талқылаудың негізгі тақырыбы санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікке және ішкі сауда объектілерін реттеуге қатысты заңнамадағы өзгерістер болды. Мемлекеттік органдардың өкілдері инновациялардың мәнін егжей-тегжейлі түсіндіріп, кәсіпкерлердің өзекті сұрақтарына жауап берді.

Техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Наталья Черевикова өткен жылдың тамыз айынан бастап республика бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары өнімдерді бақылау сатып алуды жүргізуді бастағанын атап өтті. Бақылау сатып алу – бұл сауда объектiлерiнен өнiм (тауар) сатып алу және оған зертханалық зерттеулерді жүзеге асыру. Ол техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер мен тауарларды әкелу мен өткізуді анықтау және жолын кесу үшін атқарылады.

– Бақылау сатып алу кәсіпкерлерді алдын ала хабардар етпей орындалады. Сатып алу аяқталғаннан кейін прокуратура органдарына хабарланады. Алдымен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары өнімдер тізімімен акт жасайды. Содан кейін сауда нүктелеріне мониторинг жүргізеді, нысанды  таңдайды және зертханалық зерттеулер үшін тауар сатып алады. Барлығы фото, аудио немесе бейнежазбаға жазылады. Егер өнім техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмесе  шаралар қабылданып, алып қою немесе сатудан кері қайтарылады. Қаулы жасалып, кәсіпкерге тапсырылады, – деді Наталья Четверикова.

Сондай-ақ спикер техникалық регламентте бекітілген тамақ өнімдерін таңбалау бойынша қойылатын талаптарды түсіндірді. Таңбалау тұтынушыларды сапасыз және денсаулыққа қауіпті өнімдерді сатып алудан қорғауға арналғанын және кеден одағының нормативтерімен регламенттелетінін атап өтті. Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ербол Ағыбаев тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасының іске асырылу барысынан хабар берді.

– Жыл басынан бері өңір тұтынушыларынан азық-түлік тауарларының 51 түрі бойынша 51 өтініш келіп түсті. Барлық өтініш облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және Талдықорған қалалық басқармасына жолданды. Бұзушылықтар өнімнің 34 түрі бойынша анықталды, ал 16 түрі анықталған жоқ. Өнімнің бір түрі бойынша Қазақстан аумағында сәйкестік туралы декларацияның қолданылуы тоқтатылды, – деді Ербол Ағыбаев.

Салалық кеңес төрағасы Эдиль Казакпаев кездесудің  қызу өткенін тілге тиек етті. Бұл бизнес-қоғамдастықтың нормаларды сақтауға жоғары қызығушылығын білдіреді.

Сондай-ақ, ол салалық кеңес төрағасы ретінде осындай кездесулерде заңнамадағы өзгерістерге байланысты нақты жағдайлардың талқыланатыны қуантатынын және олар нақты түсініктемелер мен тапсырмалар алатынын, бұл кәсіпкерлерге жаңа талаптарға уақытылы бейімделуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.