Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«Біз еркін халықпыз, ал діншілдер сол шариғатымен жүре берсін»: белгілі философ Ардақ Назаровты сынады

08.05.2025
ӘЛЕУМЕТ, ДІН МЕН ДӘСТҮР, КҮНДЕРЕК
«Біз еркін халықпыз, ал діншілдер сол шариғатымен жүре берсін»: белгілі философ Ардақ Назаровты сынады

aikyn.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Ережесіз жекпе-жектегі жеңістері арқылы танылған, қазір Мәжіліс депутаты қызметін атқаратын Ардақ Назаровтың қазақ дәстүрлерін «хадис-шариғат сүзгісінен өткізуі керек» деген көзқарасы қоғамда қызу талқыға түсті. Бұған дейін бірнеше этнограф бұл ұстанымды ғылымға томпақ деп атаған еді. Бүгін бұл мәселеге қатысты пікір білдірген философ, публицист Әбдірашит Бәкірұлы да Назаровтың ұйғарымын түбегейлі жоққа шығарды.

«Хадис-шариғат қазақтың салт-дәстүрлеріне, ұлттық менталитетіне, ойлау жүйесіне “Төреші” бола алмайды, болмау тиіс! Ал, бұл, яғни — “шариғат жолымен жүру” — діншілдердің өз еркі — шариғатымен жүре берсін, хадисін қолдана берсін…

Тек ҚР Заңдарын бұрмаламасын, өзгертпесін, қоғамның моральды сферасын өзіне қарай бұрмасын», — деді этнограф.

Әбдірашит Бәкірұлының айтуынша, ұлттық тәлім-тәрбие мен дүниетаным ешқандай діни мәтіндердің «меншігіне» айналмауы керек.

«Ұлттық сана, дәстүрді хадис қалыпқа сала алмайды. Қазақтың ұлттық ойлау жүйесі діннен, шариғаттан жоғары.

Діншілдер дінін ұстанып, тыныш жүрсін — жұмағына дайындалып. Өзге шаруаның бәрі қазақтікі: жаман болса — өзінен, жақсы болса — өзінен: біз Тәуелсіз мемлекеті бар, Еркін халықпыз!» — деп түйіндеді ол.

Назаров не деген еді?
Депутат жақында берген сұхбатында «қазақтың кез келген ғұрпы Құран мен хадиске сай келуі тиіс» деп мәлімдеп, «дәстүрді сақтау — оның шариғаттан ауытқымауымен өлшенеді» деген ой айтқан.

“Ақылға қонымды ырым-тыйымдар болса, мен оны қолдаймын. Ал егер шариғатқа сәйкес емес, әртүрлі зиян келтіретін ақылға қонымсыз ырым-тыйымдар болса мен оны қолдамаймын. Мәселен, отқа май құю дейміз. Тағы қайсын айтсақ болады? Көп қой енді ырымдар… Біздегі ырым-тыйымдардың көбісі хадистермен байланысты екен. Яғни, біздің Ислам дінімен біте қайнасып кеткен ырым-тыйымдар өте көп екен. Соңғы кезде соны оқып таңғалдым. Мысалы, табалдырықта тұрмау, есікті кермеу сияқты ырым-тыйымдар түп негізі хадиске негізделген екен”,- деді Ардақ Назаров.

Неге дау туды?
Зайырлы Қазақстан қоғамында діннің мемлекеттік істер мен ұлттық мәдени кодқа ықпалы жөнінде пікірталас жиі қайталанып тұрады. Бір тарап «салт шариғатқа сүйенуі керек» десе, екінші тарап «дін мен дәстүр тәуелсіз, тең тұруы тиіс» деп санайды. Бүгін жарияланған этнографтың пікірі осы екінші ұстанымды қайта күшейтіп отыр.

Сонымен:
— Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров салт-дәстүрді шариғат өлшемімен бағалауға үндеді;
— Философ-этнограф Әбдірашит Бәкірұлы мұны «ұлттық санаға сырттай төреші іздеу» деп атады;
— Ғалым ұлттық құндылықтардың діннен жоғары тұратынын, ал діннің жеке сенім аясында қалуы керегін ескертті.

Осылайша, қоғамда «дәстүрді кім бағалайды?» деген ескі сауал жаңа ракурста қайта көтеріліп отыр: діннің төрешілік рөлі бар ма, жоқ па — жауабын әркім өзі таразылайды, бірақ қазақ дәстүрінің тағдырына түбегейлі құқықты ешбір сыртқы норманың иемденбеуі керек деген пікір күшейе түсті.

Дереккөз: aikyn.kz 

Қатысты жаңалықтар

Қараталда тәртіп бұзған тұрғын 25 тәулікке қамалды

Қараталда тәртіп бұзған тұрғын 25 тәулікке қамалды

29.01.2026
16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

29.01.2026
Ауа райына байланысты синоптиктер маңызды ескерту жасады

Жетісу облысында ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді

29.01.2026
Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

29.01.2026
Руслан Желдібай қызметінен босатылды

Руслан Желдібай қызметінен босатылды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.