Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Инклюзивті этно-көрме: Шығармашылықтың шексіз әлемі

16 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Инклюзивті этно-көрме: Шығармашылықтың шексіз әлемі

Автор

WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық инклюзивті этно-көрме – «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өтті.

Алдымен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл бастаған топ көрмеге қатысушылардың өнімдерін тамашалап, қолөнер шеберлерімен тілдесті.

– Талдықорғанның осындай маңызды оқиғаның алаңына айналғанын мақтан тұтамыз. Көрменің облыс пен қала үшін маңызы ерекше. Біз инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Мұнда әр адам өзінің құндылығын сезінеді және өзінің әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мұны ұлт тарихын терең түсініп, мәдениетімізді бағалап, келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған үлкен шара деп ойлаймын. Сондықтан, бұл сіздерге зор шабыт, үлкен сенім ұялатады деп сенемін, – деді құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Ернат Бәзіл.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара инклюзивті шеберлердің шығармашылық жетістіктерін паш етуге, әлеуетті сатып алушылар мен серіктестерді тартуға мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ, өнім өткізу нарығын кеңейтіп, жергілікті қолөнершілер арасында туристік сувенир өнімдерін өндіру бағытында ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Бұған қоса, бұл көрме тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға, бәсекеге қабілеттілікті дамытуға, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланысты нығайтуға септігін тигізді.
Айта кетейік, көрме Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Шара барысында Ресей Федерациясының Забайкалье мен Саратов қалаларынан, Түркияның Анталия қаласынан, Өзбекстанның Ташкент, Наманган және өзге де аймақтарынан, сондай-ақ, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шеберлердің қолдан жасалған өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Көрме сөрелеріне былғары, күміс, ағаш, жүн және табиғи материалдардан жасалған бірегей әрі эксклюзивті бұйымдар қойылып, көпшілікті өзіне қаратты. Әсіресе, қой жүнінен жасалған киім-кешектер мен аяқкиімдер, ағаш ыдыстар, күміс әшекейлер, зергерлік заттар, қазақы нақыштағы ұлттық бұйымдар, басқа да өнімдер жиналғандардың көз жауын алды.

«Мейірім» ЖШҚ төрағасы Гүлвира Таубалдинова: «Біз шығармашылықтың шегі жоқ екенін көрсетуге тырыстық. Мүмкіндігі шектеулі жандар жай ғана көрермен емес, мәдени диалогтың толыққанды қатысушылары. Бұл көрме біздің оны ашық жариялау мүмкіндігімізге айналды. Біз жай ғана көрме емес, қарым-қатынас, шабыт және жаңа мүмкіндіктер үшін ашық алаң құруға тырыстық. Іс-шара кезінде көптеген қатысушы жаңа тұтынушылар мен серіктестер табуға мүмкіндік алды», – деді.

Көрме кезінде тамашалаушы қонақтар тауарлар мен қызмет түрлерімен танысып қана қоймай, өнімдерді өз бағасында сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар да болды. Олар ұсынған этностильде тігілген киімдер мен бас киімдер, сөмкелер, басқа да заттар жиналғандарды таң тамаша етті.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар да назарға ілікті. Бақытгүл Райымбаеваның айтуынша, оның мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеп келе жатқанына 18 жыл болыпты. Ол жас шеберлерді өнерге баулып, киіз басу, сырмақ оюу, кесте тігу, кілем жасау және ши тоқуға үйретеді. Өнімдер тапсырыс арқылы дайындалып, сатылымға шығарылады. Қызығушылық танытатын шетелдіктер де аз емес көрінеді.

Көрменің ерекше қонағы сондай-ақ, Ресейдің Саратов қаласынан келген Елена Фролова болды. Ол осыдан 9 жыл бұрын инсульт алып, ұзақ уақыт оңалту кезеңінен өткен. Оң қолы толық қалпына келмесе де, қолөнермен айналыса бастапты.

– Мен шығармашылықпен шұғылданғанды жақсы көремін. Онсыз өмірімді елестету мүмкін емес. Осындай ауқымды іс-шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Шақырылғаныма ризашылығым шексіз. Бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мұнда қолдау да, достық та, өзара құрмет те бар, – деп ойымен бөлісті көрмеге қатысушы Елена Фролова.

Көрме кезінде концерттік бағдарлама мен басқа да қызықты шаралар ұйымдастырылып, алыстан ат терлетіп жеткен шебер иелеріне шабыт сыйлап, көрермендердің көңілін көтерді.

Айгүл Байбосынова

Қатысты жаңалықтар

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.