Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шерзат Полаттың әжесі судьяға: «Сотталушыларға жаза кесесіз бе, қорғап қаласыз ба – бұл сіздің ар-намысыңызда»

18 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Шерзат Полаттың әжесі судьяға: «Сотталушыларға жаза кесесіз бе, қорғап қаласыз ба – бұл сіздің ар-намысыңызда»
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда өтіп жатқан атышулы қылмыстық іс бойынша сот отырысында марқұм Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадырова куәлік беріп, қанды оқиға орын алған түндегі жағдайды айтып берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«Қол көтермеген бірде-бір адам қалған жоқ»

Жұмабике Қадырова сол түні немересіне жаппай шабуыл жасалғанын айтып, бұл оқиғаның ауыр салдарын түсіне алмайтынын жеткізді.

— Шерзатқа қарап бәрі жүгіріп кетті. Сол сәтте жолында тұрған мені де қағып өтті. Орнымнан тұра алмай жатырмын. Балаларға қарасам, бәрі Шерзатқа қол көтеріп жатыр. Бірі ұрып, бірі теуіп жатыр. Аяғымен теппеген, қол көтермеген бірде-бір адам қалмады. 16 жастағы баламның соншалықты қатігездікке лайық не істегенін осы күнге дейін түсіне алмай келемін. Тіпті бір шапалақпен шектелсе де, бір жөн еді. Бірақ олар оны аяусыз сабап, ақыры өмірін қиды. Бұл — дайындалған шабуыл. Өйткені олар үш көлікпен келген, — деді марқұмның әжесі.

«Ол түнде жүретін бала емес»

Жұмабике Қадырова Шерзаттың тәртіпті, үйінен рұқсатсыз шықпайтын бала болғанын айтып, оның ол түні тек қысқа уақытқа ғана үйден шыққанын жеткізді.

— Балам түнде бейсауат жүретін бала емес. Үйде жатқан жерінен зарядка алуға шыққан. Сол сәтте Қытайға оқуға кететін досы әкесіне сусын аламыз деп, бірге дүкенге бармақ болған. Егер ол менің қарауымда болса, түнде шығармайтын едім. Бұл — жоспарлы түрде жасалған әрекет. Немерем «әже-ау, әже-ау» деп жылап кетті, — деп көзіне жас алды әже.

«Сот шешімі – сіздің ар-намысыңызда»

Сотталушылардың бірі — кәмелет жасына толмаған Ысқаққа қатысты марқұмның анасы Қарбаужай: «Оның өмірін қор қылмайық, кешірім берейік», — деген ниет білдірген. Осыған орай Жұмабике Қадырова отбасымен бірге кешірім бергенін айтып, шешімді тек Алланың қолына тапсырғанын жеткізді.

— Менің де, баламның да кешірімі дайын. Алла олардың күнәсін кешірсін. Тек өздері Алладан кешірім сұрасын. Барлығын бір Жаратқанға тапсырдым. Судья, сіз айыпталушыларға нақты жаза тағайындайсыз ба, әлде ақтап шығасыз ба — бұл сіздің ар-ұжданыңызға байланысты. Мен тек Аллаға сенемін. Өйткені «Құдайдан тап» деген қарғыстан асқан ауыр сөз жоқ. Оның қай кезде және қалай орындалатынын бір Алла ғана біледі. Айналамыздағылар да әртүрлі әңгіме таратып жатыр. Бірақ мен сабырлық танытып отырмын. Соңғы шешімді Алла береді, — деді Жұмабике Қадырова. 

Фото: ulysmedia.kz

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.