Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан 12 жылға 46 миллиард теңге қарыз алады

Қазақстан Республикасы Халықаралық қайта құру және даму банкiнен (ХҚДБ) шамамен 46 миллиард теңге көлемінде қарыз алады.

22 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстан 12 жылға 46 миллиард теңге қарыз алады

depositphotos.com

WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың айтуынша, 2023 жылғы желтоқсан айында Қазақстан мен ХҚДБ арасында республиканың инклюзивті экономикасын жедел цифрландыру жобасы аясында қарыз алу туралы келісімге қол қойылған.

«Келісімнің мақсаты – Қазақстанның шалғай және жеткіліксіз қамтылған аудандарында тұратын ауыл тұрғындарын сапалы және тұрақты кеңжолақты байланыс инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге бағытталған жобаны іске асыру үшін қарыз алу», – деп түсіндірді Нұртай Сабильянов.

Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан нақты қандай сома туралы сөз болып отырғанын сұрағанда, ол былай деп жауап берді:

«Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында 13 миллиард жапон иені мөлшерінде қарыз беру туралы келісімге қол қойылды. Бұл шамамен 46 миллиард теңгеге тең».

Қарыздың мерзімі – 12 жыл. Қаржы шалғай елді мекендерге сапалы интернет желісін тартуға және байланыс инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталмақ.

«Инфрақұрылымды қалпына келтіру, халықтың ақпарат алуына жағдай жасау, жақсы байланыс пен жылдам интернетке қол жеткізу – бұл жоба көздеген негізгі мақсаттар», – деді мәжілісмен Сабильянов.

Анықтама үшін:
Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) – Дүниежүзілік банктің негізгі несиелік ұйымы, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. Ол 1944 жылы Халықаралық валюта қорымен бірге құрылған мемлекетаралық инвестициялық институт болып саналады.

21 мамырдағы ресми деректерге сәйкес, жапон иенінің бағамы – 3,54 теңге. Осы бағамға сәйкес, 13 миллиард иен көлеміндегі қарыз теңгеге шаққанда 46 миллиард шамасында болып отыр.

Жобаның жүзеге асуы еліміздің ауылдық өңірлеріндегі цифрлық теңсіздікті азайтуға, білім, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.