Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бейбіт Исабаев Азаматтық форум спикерлерімен кездесу өткізді

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиевамен және Талдықорғанда бүгін басталған екі күндік азаматтық форумның басқа да бірқатар спикерлерімен кездесу өткізді. Атап өтсек, «Азаматтық қоғам 2.0: мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың инновациялық үлгілері – өңірлік дамудың драйвері» атты ауқымды азаматтық форум биылғы жылда алғаш рет Жетісуда өткізіліп отыр.

23 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Бейбіт Исабаев Азаматтық форум спикерлерімен кездесу өткізді

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Ресми қонақтарды қарсы алған Бейбіт Исабаев өңірдегі азаматтық институтпен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділеттілік, ашықтық және қоғаммен кері байланысты өзінің саяси бағытының негізгі өзегі ретінде белгіледі. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы — біздің күнделікті жұмысымыздағы негізгі ұстаным. Ал «Адал еңбек – Адал азамат – Адал табыс» қоғам құндылығын қалыптастыратын басты бағдар. Бұл жолда азаматтық қоғам институттарының, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар, кәсіби сарапшылар мен қоғамдық бірлестіктердің рөлі зор. Біз сіздермен бірге қоғамда саяси, тұрмыстық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, руханиятты дамыту бойынша жұмыс жүргізіп келеміз және тұтастай алғанда, ең алдымен халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар міндеттерді бірлесіп шешеміз, – деді Б.Исабаев.

Белгілі болғандай, өңірде 578 үкіметтік емес ұйым, 22 этномәдени бірлестік, саяси партиялардың 7 өңірлік филиалы, 14 салалық кәсіподақ бірлестігі, 43 бұқаралық ақпарат құралы бар. Құрамында 176 мүшесі бар 11 қоғамдық кеңес жұмыс істейді, оның 80% – азаматтық қоғам өкілдері. Сондай-ақ 55 консультативтік-кеңесші органның құрамына азаматтық сектордың 149 өкілі кіреді.

Өз кезегінде Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара іс-қимыл бағыттарын кеңейту үшін 2023 жылдан бастап бірыңғай тұжырымдамасы бар азаматтық форумдар әр өңірде, ал қорытынды форум елордада өтетінін атап өтті. Биылғы жылдың алғашқы форумы Жетісу облысында өтіп жатқанын тілге тиек етіп, ол аймақ басшылығына азаматтық қоғаммен тиімді әріптестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ мұндай форумдардың ашық азаматтық қоғамды қалыптастыруға бағытталған тиімді алаңға айналғанын да баса айтты.

Парламент Сенатының депутаты, Ұлттық Құрылтай төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай өңірде азаматтық секторды қолдаудың оң тәжірибесін қалыптасқанын жеткізді.

Өз кезегінде облыс әкімі барлық ұсынылған жобаларға қатысты шешімдер бірлесіп қабылданатынын, ең бастысы ұсыныстардың қоғамға тиімді әрі пайдалы болғаны маңызды екенін айтты. Мәселен, өңірде азаматтық сектормен бірлесіп көшпелі оңалту қызметін көрсету, «Инватакси» қызметінің жұмысы және тағы басқа жобалар іске асырылуда. Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау өңірде оқушыларды  жан-жақты дамыту мен әлеуметтендіру бағытында облыс басшылығының бастамасымен қолға алынған «Әдеп-құқықтық тәрбие жөніндегі ментор» жобасының іске асырылуы барысында да айқын көрінуде.

Жүздесуде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Бекетқызы жастармен жұмыс істеу және еріктілер қозғалысын дамыту бағыттарына тоқталды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Башимов пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева азаматтық қоғамның дамуына қатысты пікір бөлісті.

Кездесу соңында Бейбіт Исабаев ертең пленарлық отырысы мен ҮЕҰ-ның табысты жобаларының көрмесімен жалғасатын азаматтық форум жұмысына табыс тіледі, сондай-ақ форум барысында әзірленген пәрменді ұсыныстар мен бастамаларды жергілікті жерлерде одан әрі іске асыру назарға алынатынын жеткізді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.