Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
КҮНДЕРЕК
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Жолдауында инклюзивті білім беру мәселелеріне ерекше назар аударып, елімізде инклюзивті білім беруді қажет ететін 237 мыңнан астам бала бар екенін атап өтті.

Президент инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамыту, бейінді мамандар тапшылығын азайту және балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтау жүйесін жетілдіру бойынша басым міндеттерді айқындады. Алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету, оларға түзету-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта облыстағы бес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның есебінде 8 901 бала тіркелген. Оның ішінде 2 017 бала мүгедектігі бар балалар санатына жатады. Аймақта 19 мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті. Оларда 558 бала түзету көмегін алады. Ал 4 арнайы мектеп-интернатта 332 бала білім алуда. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 3 жекеменшік түзету ұйымында 270 балаға тегін түзету-педагогикалық көмек көрсетіледі.

Облыста, бұдан бөлек, 9 инклюзияны қолдау кабинеті және 1 ресурстық орталық жұмыс істейді. Инклюзияны қолдау кабинеттерінде 87 бала кешенді қолдаумен қамтылған.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы 21 арнайы топта 236 бала тәрбиеленуде. Ал жалпы білім беретін мектептердің 23 арнайы сыныбында 214 оқушы білім алуда. Жалпы, облыста инклюзивті білім берумен 6 338 бала мен студент қамтылған. Мектепке дейінгі ұйымдарда 1 737 бала, жалпы білім беретін мектептерде 4 370 оқушы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 231 білім алушы бар.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін түзету-педагогикалық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қаражат бөлінеді. 2025 жылы арнайы қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 195 балаға, ал 2026 жылы 270 балаға орналастырылды. Осылайша, мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы түзету-педагогикалық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған атаулы қаржылық қолдау көрсетуде. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 417 арнайы педагог, 358 педагог-ассистент және 399 педагог-психолог қызмет етеді.

Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметтеріне сәйкес инклюзивті білім алу үшін қажетті жағдайлар мектепке дейінгі ұйымдардың 79,5%-ында, орта білім беру ұйымдарының 92%-ында және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 100%-ында жасалған.

Биыл Талдықорған қаласында облыстық №5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылды. Сонымен қатар қыркүйек айында инклюзияны қолдаудың 4 жаңа кабинеті пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерге сәйкес, облыста инклюзивті білім беру жүйесін дамыту, арнайы сүйемелдеу қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

Біздің басты мақсатымыз – бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір баланың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау, сондай-ақ олардың білікті мамандардың кәсіби қолдауына қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Гүлжан ЕЛУБАЕВА,
облыстық білім басқармасы
басшысының орынбасары

Қатысты жаңалықтар

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.