Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Басты мақсат – жұрт игілігіне жұмыс жасау

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл аймақтағы Өтенай ауылының тұрғындарымен арнайы кездесу өткізіп, жұрттың мұң-мұқтажын тыңдады.

26 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Басты мақсат – жұрт игілігіне жұмыс жасау
WhatsAppTelegramFacebook

Шаһар басшысы алдында жеке-жеке сөз алған өңір тұрғындары бүгінде жалпы ауыл-аймақты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес екенін айта келіп, өз өтініштерін жеткізді. Онда жергілікті жұрт  ауылдың жол инфрақұрылымын жақсарту, түнгі жарық, ауыз су, кәріз жүйесіне қосылу, қоғамдық көлік санын арттыру сынды бірқатар маңызды мәселелерді алға тартты.

Кездесу барысында қойылған әр сауалды мұқият тыңдап, ауыл халқына  нақты жауап берген қала әкімі түскен әр өтінішті өзі бақылауға алып, оны шешудің жолдарын қарастыруға уәде етті.

– Өтенай ауылдық округінде биыл атқарылатын жобалар жеткілікті. Атап айтқанда, Ынтымақ және Жастар 1/1 тұрғын үй алаптарында кәріз жүйесін тарту жұмыстары толық аяқталды. Енді осы аумақтардағы жолдарды ретке келтіру жұмыстары қолға алынбақ. Басты мақсат – жұрт игілігіне жұмыс жасау. Сондықтан  халықты алаңдатып отырған өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен жүйелі түрде шешеміз,– деді шаһар басшысы.

Еске сала кетсек, Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылына аймақтағы Еңбек, Мойнақ, Пригородный, Ынтымақ, Жастар-1, Жастар-2,  Жастар-3 сынды бірнеше елдімекен қарайды. Ауылдағы  жалпы халықтың саны 15 мыңнан асады. Өткен жылғы қала әкімімен  кездесуде жергілікті жұрттан білім, денсаулық, спорт, мәдениет, ауылшаруашылығы басқа да әлеуметтік салалар мен   жол, құрылыс, газ тартуға қатысты біраз өтініштер түсіп, өзекті мәселелер көтерілген еді. Халықтың талап-тілегіне сай, былтыр мұндағы қоғамдық көліктердің жүру кестелері реттеліп, ауыл көшелеріндегі бірқатар жолдарға күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Мойнақ ауылына табиғи газ желісі жеткізіліп, Жастар-1 тұрғын үй алабы таза ауыз сумен қамтылып, кәріз жүйесі тартылған. Сонымен қатар 5 жыл бойы диқандар үшін өзекті болып келген каналға су жеткізу ісі  оң шешімін тауып, жұрт игілігіне берілген.  Бұл аумақтарда жол жөндеу, газ және жарық желілерін тарту жұмыстары биыл да жалғасуда.

                                                                             Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.