Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жол азабы: Жетісу тұрғындарын шұрық-тесік жол шаршатты

17 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Жол азабы: Жетісу тұрғындарын шұрық-тесік жол шаршатты
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысындағы «Қарабұлақ – Көксу – Қоғалы – Сарыөзек» бағытындағы тасжолдың сапасы қазір халықтың үлкен алаңдаушылығын тудырып отыр. Жолдың беткі қабаты уатылып, балшығы шығып жатыр. Соның салдарынан тұрғындардың аудан орталығы мен Талдықорған қаласына қатынауы қиындап кеткен.

Жолдың жағдайы

Жолдың жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асады. Соның 90 шақырымы 2015 жылы орташа жөндеуден өткен. Бірақ жергілікті тұрғындар мен жүргізушілер көктем келісімен асфальт қабатының бүлінгенін айтады. Ең қауіпті учаске — Қарабұлақ пен Рудничный елдімекендерінің арасы. Бұл жерде асфальт опырылып, астындағы топырақ шығып қалған.

Ауыр техниканың әсері

Онжас ауылының тұрғыны Есбол Байботанов жолдың бұзылуын аймақтағы гидроэлектр станциясының (ГЭС) құрылысымен байланыстырады. Ауыр техникалар жолды ойып тастап жатыр. Бір айдан астам уақыт өтсе де, бұл мәселе шешімін таппаған.

Жауапты орган не дейді?

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Талдыбаевтың мәліметінше, шамамен 5 шақырым жол бүлінген. Қазіргі таңда бұл жолмен жүрген ауыр жүк көліктерін жүргізіп жатқан компаниямен келісімшарт жасалып жатыр. Жолды қалпына келтіру жұмыстарын осы компания өз қаражатына жүргізетін болады.

Алайда, нақты жөндеу жұмыстарының қашан басталатыны әзірге белгісіз. Жауапты басқарма биыл өңір бойынша 152 шақырым жолды жөндеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Халық талабы

Қазіргі уақытта жүргізушілер шұрық-тесік жолмен жүруге мәжбүр, бұл көліктерге де, жолаушыларға да қауіпті. Тұрғындар жолды қайта қалпына келтіруді талап етуде.

Редакциядан: Материал 24.kz сайтының мәліметі бойынша әзірленді.

Фото: Видеодан алынған кадр

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.