Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда жазғы демалыс кезінде жаңа пойыздар іске қосылады

29 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда жазғы демалыс кезінде жаңа пойыздар іске қосылады
WhatsAppTelegramFacebook
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов туристік және халықаралық бағыттардың дамуына тоқталды. Бүгіннен бастап 7 маусымға дейін Сиянь – Алматы жолаушылар пойызы іске қосылады. Пойыз Қазақстан Республикасындағы Қытай туризм жылы аясында ұйымдастырылған.

Сонымен қатар Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Бұхара бағыты бойынша «Jibek joly» және «Keruen Express» туристік пойыздары іске қосылды. 2024 жылдың қараша айынан бастап бұл пойыздар 5 сапар жасады. Туристік агенттіктердің өтінімдерінің түсуіне қарай бұл пойыз жүруді жалғастырады.

«Ішкі бағыттарға келетін болсақ, осы жылдың 1 наурызынан бастап Балқаш – Алматы пойызы тұрақты негізде жүреді. Қаңтар айынан  Мемлекет басшысының Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жаңа вагондардан құрылған Астана-Бурабай курорты бағыты бойынша жедел электр пойызы іске қосылды. Жол жүру уақыты 2,5 сағатты құрайды. Осыған ұқсас жаңа электр пойызы маусым айынан бастап Қарағанды – Астана бағыты бойынша іске қосылады. Қосымша үшінші электр пойызы қыркүйек айынан бастап Астана-Бурабай курорты бағыты бойынша жүреді. 2024 жылдың 4 тоқсанынан бастап Қарағанды мен Павлодардан Бурабай курортына дейінгі электр пойыздарының маршруттары ұзартылды», – деп атап өтті спикер.

Жылжымалы құрамның жалпы паркінде 2600 вагон бар. Соңғы жылдары жолаушылар вагондарын жаңарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы 143 вагон сатып алынды. Соңғы 5 жылда тозу деңгейі 59-дан 42%-ға дейін төмендеді. Ағымдағы жылы сатып алу көлемі 226 бірлікке дейін ұлғайтылады.

«Вагондарды сатып алу негізінен отандық ЗИКСТО және Stadler вагон жасау зауыттары жүзеге асырады. 51 Stadler вагоны алғаш рет  ағымдағы жылдың желтоқсан айында жеткізіледі, олар Астана – Алматы және Астана – Семей бағыттарына жіберіледі. 2026-2030 жылдар аралығында 873 вагон сатып алынады, бұл барлық вагонды ауа баптау жүйесімен қамтамасыз етуді ескере отырып, қолданыстағы паркті 90%-ға жаңартуға мүмкіндік береді. Осылайша, 2030 жылға қарай вагондардың орташа қолданыс мерзімі 10 жылды құрайды», – деді Жәнібек Тайжанов.

Комитет басшысының айтуынша, жазғы тасымалдау кезеңінде жолаушылар пойыздарын бақылау шаралары күшейтіледі. Атап айтқанда, ведомствоның аумақтық инспекциялары жолаушылар пойыздарын олардың кестелеріне сәйкес мезгіл-мезгіл тексеруді жүзеге асырады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тасымалдаушылар субсидиялау шарттары шеңберінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тұрақсыздық айыппұлын төлейтін болады.

Сұранысы ең жоғары бағыттар бойынша тасымалдау ережелерінің сақталуын мониторингтеу үшін тасымалдаушылар мен Көлік министрлігінің өкілдері қатарынан мобильді топтар ұйымдастырылмақ. «Құпия сатып алушы» әдісі қолданылады. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, вагондардың санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін тексеру жөніндегі бақылау шаралары күшейтіледі. Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.