Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Туризмге серпін, жолға белгі керек: Талдықорғанға кірер тұс неге қараңғы?

31 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Туризмге серпін, жолға белгі керек: Талдықорғанға кірер тұс неге қараңғы?
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңіріндегі туризм саласы жыл сайын қарқынды дамып келеді. Әсіресе жаз айларында емдік қасиетімен танымал Алакөлге ағылатын жолаушылардың саны күрт артады. Тек Алматы қаласынан ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші елдерден келетін туристер Алматы–Өскемен күре жолымен жиі қатынайды. Осы жолмен өтіп бара жатқан саяхатшылардың дені Талдықорған қаласы арқылы аялдап, тынығуды жөн көреді. Алайда қалаға кіретін тұстағы инфрақұрылымның олқы тұстары тұрғындар мен жолаушылар тарапынан жиі сынға ұшырауда. 

Туристік әлеуеті зор қалаға кірер Желтоқсан көшесі арқылы бұрылатын тұс өте қараңғы әрі бағыттаушы белгі жоқ. Бұл әсіресе түнгі уақытта келген қонақтарға үлкен қиындық туғызады. Жолда келе жатқан жүргізушілер Талдықорғанға бұрылатын жолды байқамай өтіп кетіп, қайта айналып келуге мәжбүр болады. Бұл – тек ыңғайсыздық қана емес, жол-көлік оқиғаларының да себепшісі болуы мүмкін.

Аталған Желтоқсан көшесінің бойында бірнеше мейрамхана, кафе, қонақүй орналасқан. Қалаға аялдайтын жолаушылар үшін барлық жағдай жасалғанымен, «Талдықорған қаласы» деген анықтама белгінің жоқтығы туристерді шатастырып, шаһарға келушілердің санын шектеуі мүмкін. Бұл өңір туризмінің дамуына да кедергі келтіретіні анық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен Жетісу облысында туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Алакөл жағалауы, Бұрқан-Бұлақ сарқырамасы, Шарын шатқалы сынды нысандар халықаралық деңгейге шығуға бет алған шақта, ішкі инфрақұрылымды жетілдіру – басты міндеттің бірі.

Осы орайда, Алматы–Өскемен тас жолының бойындағы Талдықорған қаласына кіретін негізгі тұстарға жарық шамдарын орнатып, «Талдықорған қаласы» деген жол белгісін орнату – уақыт талабына сай шешім болмақ. Бұл:

  • Жолаушыларға бағыт көрсетеді;
  • Қаланың туристік келбетін арттырады;
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
  • Ішкі туризмді дамытуға серпін береді.

Талдықорған – Жетісудың жүрегі. Ал жүрекке апарар жол айқын, жарық әрі қауіпсіз болуы тиіс.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.