Жетісу облысының аумағында балықтардың уылдырық шашатын кезеңіне орай «Нерест-2025» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның басты мақсаты – экологиялық құқық бұзушылықтардың, соның ішінде браконьерліктің алдын алу және жолын кесу.
Іс-шара мына мерзімдерде және аумақтарда жүзеге асырылады:
-
15 сәуір – 1 маусым аралығы: Ақсу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандары мен Текелі және Талдықорған қалаларының аумағындағы өзендерде;
-
25 сәуір – 10 маусым аралығы: Сарқан және Қаратал аудандарының аумағында, атап айтқанда Балқаш көлінде;
-
25 сәуір – 16 маусым аралығы: Алакөл ауданындағы Алакөл, Сасықкөл және Қошқаркөл көлдерінде.
Аталған кезеңде табиғат қорғау органдары, құқық қорғау құрылымдары және жергілікті әкімдіктер балық қорын сақтау мақсатында бақылауды күшейтеді. Балық аулауға шектеу қойылып, заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылады.
«Жетісу-Ақпарат»
Фото: inbusiness.kz





