Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шерзат ісі: Прокурорлар сотталушыларға 23 жылға дейін жаза беруді сұрады

2 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша сот процесі өтуде

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Шерзат Болаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы жалғасып жатыр. Іс материалдары бойынша тараптардың жарыссөзі кезеңінде мемлекеттік айыптаушы айыпталушыларға қатысты жаза мерзімдерін ұсынды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Прокуратура ұсынған жаза мерзімдері:

  • Абзал Шынасыл – ҚК 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бап 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бап 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және оқталу) бойынша 23 жыл бас бостандығынан айыру;

  • Равиль Сакиев – ҚК 293-бап 3-бөлігі, 99-бап 2-бөлігі, 24-бап 3-бөлігі бойынша 20 жыл;

  • Азамат Тоқтаубаев – ҚК 293-бап 3-бөлігі, 188-бап (Ұрлық) бойынша 15 жыл;

  • Шыңғыс Белғожаев – ҚК 293-бап 3-бөлігі бойынша 7 жыл;

  • Дархан Аскентай – ҚК 293-бап 3-бөлігі бойынша 7 жыл;

  • Нұрқияс Ілиясов – ҚК 293-бап 3-бөлігі бойынша 9 жыл;

  • Нұрбол Тоқтаубаев – ҚК 293-бап 3-бөлігі бойынша 7 жыл;

  • Дидар Қалиахмет – ҚК 293-бап 3-бөлігі бойынша 7 жыл;

  • Думан Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – ҚК 434-бабы (Ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай.

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай марқұм Шерзат Болаттың «тірі болуға лайық еді» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған және халық арасында алаңдаушылық бар.

Бүгінгі сот отырысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев қосымша екі куәгерді сотқа шақыру туралы өтініш білдірді.

Сот процесінде көліктегі дыбыстық жазбалар тыңдалып, айыпталушылардың арасындағы әңгімелер жария етілді. Сонымен қатар, Шыңғыс Белғожаевтың оң мінездемесі мен денсаулығына қатысты мәліметтер ұсынылды. Ал Дархан Аскентай сотта өз уәжін айтып, оқиғаның негізгі себебін түсіндірді.

Сот отырысында куәгерлер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдінің жалған айғақ беруі мүмкін екені айтылып, оларға қатысты жеке қаулы шығару сұралды.

Марқұм Шерзат Болаттың әкесі сотталушылардың әрқайсысынан 20 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етті.

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.