Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тегін таңдау — әйел еркіндігінің көрінісі ме?

15 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Тегін таңдау — әйел еркіндігінің көрінісі ме?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда некеге тұрғаннан кейін әйелдердің өз тегінде қалу үрдісі жиі байқалып жүр.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы хабарлайды.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай шешімнің артында ата-текке құрмет, кәсіби беделді сақтау және жеке даралықты жоғалтпау секілді себептер жатыр.

Жеке таңдау ма, әлде қоғамнан қалыптасқан норма ма?

Психолог Сымбат Абдрахманованың айтуынша, бұл – біржақты жауап беруге болмайтын күрделі әрі маңызды мәселе.

«Күйеуінің тегін алу — бұл міндет емес, таңдау. Әйел адам өзінің тегін сақтап қалуды да, күйеуінің тегіне өтуді де, тіпті қосарлы тег алуды да таңдай алады. Бастысы — бұл шешім әйелдің өз еркімен, қысымсыз қабылдануы керек.»

Психолог аты-жөннің адамның өзіндік «менін» қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтті. Кейбір әйелдер үшін өз тегінде қалу — кәсіби және отбасылық мұраны сақтаудың, сондай-ақ даралығын жоғалтпаудың жолы. Ал басқалар үшін күйеуінің тегін қабылдау — отбасы бірлігінің символы.

Патриархалды мәдениет пен жаңа көзқарас

Қазақстанда патриархалды мәдениет әлі де кең таралған. Көптеген отбасыларда күйеуінің тегін қабылдау — қалыпты құбылыс ретінде қабылданады. Дегенмен, қазіргі жастар бұл дәстүрге жаңаша қарай бастады.

«Егер күйеуі әйелінің өз тегін сақтауына қарсы болса, бұл қарым-қатынаста сенім мен шекара мәселесіне айналуы мүмкін. Сондықтан ерлі-зайыптылар арасында ашық диалог пен өзара құрмет өте маңызды,» — дейді Сымбат Абдрахманова.

Заң не дейді?

Ұлттық сарапшы-демограф Аяулым Сағынбаева бұл мәселе адамның жеке таңдауы екенін еске салады.

«Тегін өзгерту — әркімнің жеке шешімі. Біреу күйеуінің тегін алғысы келеді, біреу өз тегінде қалуды қалайды. Мұндай сұрақтар тек заң аясында шешілуі керек. ‘Неке және отбасы туралы’ Кодексте ерлі-зайыптының тегін таңдау құқығы нақты көрсетілген. Бұған ешкімнің мін тағуға хақысы жоқ.»

Жеке пікірлер мен заманауи тенденциялар

Елордалық Гүлнұр Алтынбекқызы тұрмыс құрған соң өз тегінде қалғысы келетінін айтты:

«Бұл мен үшін үлкен құрмет. Менің де өз шыққан ата-тегім бар. Болашақ жарыма бұл мәселе кедергі болмайды деп сенемін.»

Сарапшылардың пікірінше, мұндай трендтің дамуына Еуропа мен АҚШ-тағы гендерлік теңдік идеялары әсер еткен. Әйелдердің өз тегін сақтауы — олардың құқығы мен таңдау еркіндігінің бір бөлігіне айналған.

Зерттеулер көрсеткендей, әйелдің күйеуінің тегін алуы немесе алмауы некенің сапасына тікелей әсер етпейді. Алайда егер бұл шешім қысыммен қабылданса, оның салдары — ішкі наразылық пен ренішке әкелуі мүмкін. Ал бұл, өз кезегінде, отбасы берік болуына жанама әсер етуі ықтимал. 

Фото: the-wedding.ru

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.