Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Білікті басшы, абзал азамат

12 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Білікті басшы, абзал азамат
WhatsAppTelegramFacebook

Адами қасиетті өмірінің темірқазығындай берік ұстанып, еліне адал қызмет етуі арқылы бүкіл ғұмырын халқының мүддесімен ұштастыра білген басшы ғана ел есінде ұзақ уақыт сақталады. Осындай білікті де білгір басшының бірі әрі бірегейі Самат Нәдірбаев. 

Парасаттылық қасиетті берік ұстанып, еліне барынша адал қызмет істеп келе жатқан Самат Тілеубайұлы иығына артылған жүкті қара нардай көтеріп, сындарлы сынақтардан сүрінбей өте білді. Ол елдің ауызбірлігі мен татулығына жік түсірмей, тізгінді тең ұстауымен де ерекшеленген басшы.

Халқына адал қызмет етуде намысына дақ түсірмеді. Азаматтық абыройының туын жоғары ұстады. Қайсар, бірбеткей мінезінен танбады. Қатаң талапшылдығымен тәртіп орнатып, жағымсыз көріністердің жолын кесті. Мақал-мәтелді орынды қолданып сөйлейтін шешендігімен де жұртты өзіне қаратты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, осындай асыл азамат жайлы ел аузындағы әңгімелерге құлақ түрсеңіз, ол кісінің кеңпейілдігін, парасаттылығын, сабырлылығын, салиқалылығы мен байсалдылығын жиі естисіз.

Білікті де білгір басшының ұжымды басқару тәсілі, ұйымдастырушылық қабілеті, кісілік келбеті, өнегелі өмірі жайлы өрілген әңгімелерден оның азаматтық болмысын көруге болады. Самат Тілеубайұлын аудан халқы өте жақсы біледі. Ақсу қант зауытында 2018 жылдың мамыр айынан бастап басшылық қызметін осы күнге дейін абыроймен атқарып келеді. Ауылшаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала мамандарына құрмет көрсетіліп, марапаттар берілген тұста үздіктер қатарынан табылып, шаруашылыққа қажетті тракторды сыйға алды.

Қант зауытымыз он жыл бұрын тоқтап қалған еді. Ал бүгінгі таңда қайтадан іске қосылып, тіршіліктің ошағына айналды. Осыдан бір-екі жыл бұрын ел арасында «зауыт қайтадан жұмысын бастайды екен» деген сөз шыққанда бірі сенсе де, бірі аса елемей жатты.

Қалың қардың көбесі сөгіліп, күн жаймашуақтана бастаған мезгіл еді. «Зауытқа инвесторлар келіпті» дегенді естігенде шын қуанған едік. Қардай аппақ қанттың шығарылып, қапталып жатқанын өз көзімізбен көрдік. Зауыттың қабылдау пунктінің ашылу, лента қию салтанатына куәгер болдық. Сол күннен бастап зауытқа тау-тау тәтті түбірлер жинала бастаған. Бұл аудан тіршілігінің алғашқы бастауы, дала еңбеккерлері мен өңір жұртының ащы терінің тәтті дәмін сезіне бастаған кез еді. Сол қуанышымыз зауыттың толықтай іске қосылуымен жалғасын тапты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындап, жаңа жұмыс орындарын ашу – басты міндет. Осы орайда Ақсу политехникалық колледжіне зауыттың басшылары тапсырыс беріп, аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы 53 маманды жұмысқа алуда.

Бір құдықтан су ішіп, бір терінің пұшпағын илеп, біршама жетістікті еңсеріп, татулығы мен ұйымшылдығы жарасқан ұжымның қол жеткізген нәтижелері де басшының ерен еңбегінің арқасы. Зауыттағы ұжым мүшелері арасында қалыптасқан сыйластық пен қарым-қатынас та көп нәрсені білдіреді.

«Басшы бастай білсе, бұқара қостай біледі» дегендей, Самат Тілеубайұлы үлкен қант зауытының кешенін өзіне тән ер мінезділігімен басқарып отырған тәжірибесі мол, іскер басшы.

Білікті басшы халқы үшін көп іс бітіреді. Бұған оның толық мүмкіндігі бар. Ендеше елі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтың еңбегі алдағы жылдары жемісті де табысты болсын дейміз.

Ләззат ҚАЛМҰХАМБЕТҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.