Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Адал еңбек абыройға жетелейді

12 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Адал еңбек абыройға жетелейді
WhatsAppTelegramFacebook

Көкжиде ауылының байырғы тұрғыны Жанатбек Құрмашев 2018 жылы мал шаруашылығымен айналысу мақсатында немересі Ерзаттың атына шаруа қожалығын құрады. Қазіргі таңда шаруашылықтағы мал басы біртіндеп өсіп келеді. Атап айтқанда 500 бас қой-ешкінің 350-і саулық, 130 бас ірі қараның 80-і сауын сиыр, 60 бас жылқының жартысынан астамы бие. Малды өз төлі есебінен көбейтіп, төрт түліктің санын арттырып, осы саланың игілігін көруге мүмкіндік бар.

Сарқан ауданының Құрметті азаматы Жанатбек Молдабайұлы осыдан 70 жыл бұрын Көкжиде ауылында дүниеге келген, негізгі қызметі Лепсі өңірінде өтті. Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын мектеп бітірген бір топ жас кезінде Көкжидеде комсомол-жастар бригадасын құрған болатын. Жанатбек ағамыз сол бригаданың жетекшісі болып әкесінің ақ таяғын ұстайды. Араға жылдар салып Алматы малдәрігерлік институтын бітірген жас маман біліктілігі мен білімділігінің нәтижесінде қызмет бабында сатылап өсіп, ұжымшар директоры болғаны жерлестерінің есінде. Шаруашылық тарағаннан кейін екінші жоғары білім алып, Бөрлітөбе орман шаруашылығы кәсіпорнын басқарды. Зейнетке шыққан соң атакәсіпті жандандыруға бел буды.

Шаруашылық басшысының айтуынша, ауылдық жерде жұмысшы, әсіресе малшы тұрақтамайды. Соның салдарынан жұмыстың ебін, істің тетігін білетін маман тапшы. Былтыр бір трактор, бір шөп тайлағыш сатып алыпты. Қажетті техникамен толық қамтуды мақсат тұтқан шаруашылық иелері биыл шөп шапқыш алуды жоспарлап отыр.

«Мал баққанға бітеді» демекші, көктем мезгілінде шаруалар көктеуге шығып, төрт түлігін төлдетуде. Маңдай тер мен еселі еңбектің арқасында атакәсіп жанданып, жыл сайын оң нәтиже көрсетуі қуанарлық жағдай.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.