Қазақстанда зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы мен төлемдерді арттыру үшін Үкімет 800 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Сенат отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Әлеуметтік қолдауға басымдық берілмек
Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл қаражат салық саясатындағы өзгерістер мен инфляция жағдайында азаматтардың әлеуметтік осал топтарын қорғауға бағытталған.
“Зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерді индекстеуге шамамен 800 миллиард теңге қарастырдық. Бюджеттің бұған мүмкіндігі бар, сондықтан халықтың әлеуметтік осал топтары үшін үлкен өзгеріс болмайды деп ойлаймын,” – деді министр.
Мүгедектігі бар азаматтарға жеңілдік
Сондай-ақ, Жұманғарин I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін салық салынбайтын табыс шегі айына 289 мыңнан 1,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылғанын атап өтті. Бұл өзгеріс 350 мың азаматқа 12 миллиард теңге көлемінде үнем жасауға мүмкіндік береді.
Зейнетақы төлемдері көлемі артқан
Бұған дейін 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам зейнетақы төленгені хабарланған. Оның ішінде:
-
Базалық зейнетақы төлеуге – 564,7 млрд теңге,
-
Ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 181,2 млрд теңге бөлінген.
Қазіргі таңда елімізде 2 млн 481 мың зейнеткер тіркелген.





