Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қанат Бозымбаев өңірлік даму мәселелері бойынша Жобалық офис отырысын өткізді

11 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Қанат Бозымбаев өңірлік даму мәселелері бойынша Жобалық офис отырысын өткізді
WhatsAppTelegramFacebook

Күн тәртібінде «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру барысы мен ауылдық елді мекендерге жүргізілген скрининг нәтижелері қаралды. Скрининг 220 ауылдық елді мекенді қамтыды. Жұмыс «Ауыл аманаты» жобасы аясында Ұлттық экономика министрлігі, облыс әкімдіктері және «Amanat» партиясымен бірлесіп жүргізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz

Мақсат – болашағы бар инвестициялық жобаларды іріктеу және облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың даму жоспарларын нақтылау.

Барлығы 55 млрд теңге көлеміндегі 6 мыңнан астам жоба өңірлік даму басымдықтарына баса назар аударылды. Қазіргі уақытта ауылдық инвестициялық жобаларды бағалаудың бірыңғай әдістемесі әзірленіп жатыр. Ол инфрақұрылым, демография, жұмыспен қамту құрылымы мен ресурс базасын ескере отырып, жобалардың тиімділігін әділ бағалауға және табысты тәжірибелерді ел бойынша кеңінен енгізуге мүмкіндік береді.

Қанат Бозымбаев 15 мамырға дейін әдістемені әзірлеуді, ал 15 маусымға дейін облыстық маңызы бар қалалар мен әрбір ауданның бес жылдық даму жоспарларын маслихаттарда бекітуді тапсырды. Бұл құжаттар келісілген тәсілдер мен әлеуметтік инфрақұрылымды ескере отырып дайындалуы тиіс.

«Облыс әкімдіктері «Ауыл аманаты» жобаларын скринингпен айқындалған басым бағыттарға сәйкестендіру жұмысын 25 сәуірге дейін аяқтауы қажет», — деді вице-премьер.

Отырыста ауылдық жерлерде шағын өнеркәсіптік аймақтар (ШӨА) құру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде, мысалы, Түркістан облысында бұл жобалар іске қосыла бастады.

Вице-премьер облыс әкімдіктеріне және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Түркістан облыстарында 10 пилоттық ШӨА жобасын іске қосуды мамыр айының соңына дейін бастау жөнінде тапсырма берді.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Қонаев қаласының әкімдіктері «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру бойынша өз ұсыныстарын таныстырды. Нәтижесінде вице-премьер Ұлттық экономика министрлігіне ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру мен лизинг ережелерін 10 мамырға дейін бекітуді тапсырды. Жобалық офис жұмысты өңірлерге шығып, жергілікті әкімдіктердің атқарған жұмыстарын тыңдау арқылы жалғастырады.

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.