Талдықорған: +35°C
$ 486.19
€ 554.26
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Жарқын бейнесін жаңғыртты

03.07.2025
ЖАНСАРАЙ
Жарқын бейнесін жаңғыртты
WhatsAppTelegramFacebook

Алмалы ауылдық кітапханасында Социалистік Еңбек Ері Күмісбек Буашевті еске алу жиыны өтті. Жиынға шақырылған қонақтар «Адам мәртебесі жоғары» атты фотогалереямен танысып, мектеп оқушыларының қатысуымен «Қойшының бір күні» деп аталған қойылымды тамашалады және Күмісбек Буашевтің ерен еңбегі көрініс табатын деректі фильмнен үзінді көрді.

Күмісбек Буашев ХХ ғасырдың қилы кезеңдерін бастан өткеріп, еңбекпен ел есінде қалған дара тұлға. 1906 жылы бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келген ол 1928 жылы Кеңес үкіметі ұйымдастырған феодалдарды тәркілеу науқанының зардабынан туған ашаршылыққа куә болған жан. Сол қиын кезеңде анасымен және туған-туыстарымен бірге Жетісу жеріне, қазіргі Сарқан ауданына қоныс тепкен. Осы өңірде «Қызыл ту» ұжымшарына мүше болып кірген. Бұл ауыл кейін Новопокровка деп аталып, «Энергия» ұжымшарын құрады.

1941–1943 жылдары еңбек армиясында болған Күмісбек Буашев денсаулығына байланысты әскерден босатылған соң ауылшаруашылығында еңбек етіп, еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында жоғары марапаттарға ие болды. Адал еңбегінің айғағындай «Тыңды көтергені үшін» медалімен марапатталады. 1958-1959 жылдары жүз саулықтан жүз елу қозы алып, жоғары көрсеткішпен ерекшеленеді. 1966 жылы еселі еңбегі әділ бағаланып, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді. Өмірбаяны Қазақстан Республикасының «Алтын кітабына» жазылған.

1964 жылы Ленин орденімен марапатталған ол «Қазан төңкерісі», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері. Жыл сайынғы жемісті еңбегі ескеріліп, Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің үш алтын, екі күміс медалін жеңіп алған. Мал шаруашылығын өркендетудегі жүйелі еңбегінің нәтижесінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1986 жылдың 18 тамызында 80 жасында дүниеден өткен Күмісбек Буашевті жерлестері мақтан тұтады. Еңбек Ерінің атына Алмалы ауылында және аудан орталығы Сарқан қаласында көше берілген.

Жиында Күмісбек Буашевтің ұлы, ауылшаруашылық саласының ардагері, зоотехник-ғалым Құрман Күмісбекұлы, ұлағатты ұстаз, педагогика саласының ардагері Ұлжан Күмісбекқызы, Сарқан ауданының Құрметті азаматтары Сәдуақас Садықов, Жомарт Игіман сөз алып, еңбегімен ел есінде қалған тұлға туралы естеліктерімен бөлісті.
Кездесуде әсем ән шырқалып, әсерлі әңгімелер өріс алды. Шараны аудандық кітапхананың әдіскері Айсұлу Сейполдина қорытындылап, «Жұмысшы мамандығы» жылына орай ұйымдастырылған еске алу жиынына қатысқан аға буын өкілдеріне ризашылық білдірді.

Жақсылық ИГІМАН
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Сарбаздар енді азық-түлікке онлайн тапсырыс бере алады

Сарбаздар енді азық-түлікке онлайн тапсырыс бере алады

24.06.2026
Жетісу облысында 38 градусқа дейін ыстық күтілуде

Талдықорғанда ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі

24.06.2026
Жетісу полицейлері мерейленді

Жетісу полицейлері мерейленді

23.06.2026
Ел мүддесін ту еткендер

Ел мүддесін ту еткендер

23.06.2026
Чолпон-Атада Мұрат Әуезовтің бюсті ашылды

Чолпон-Атада Мұрат Әуезовтің бюсті ашылды

23.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.