Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талпыныс табысқа бастайды

10.04.2025
КҮНДЕРЕК
Талпыныс табысқа бастайды
WhatsAppTelegramFacebook

Бірлік ауылындағы Ділдана Бөкей тұрғын үйінің жанынан жылыжай ашып, шаруасын шалқыта бастады.

– Көпбалалы анамын. 5 балам бар. Үлкені 15 жаста болса, кішісі 8-де. 2018 жылы «Атамекен» бағдарламасы арқылы көпбалалы ана ретінде 6 пайызбен 5 жылға 3 миллион теңге көлемінде несие алып осы кәсіпті қолға алғанбыз. 2019 жылдан бастап сауда алаңдарын табиғи отандық көкөністермен қамтамасыз ете бастадық, – дейді кәсіпкер.

Осынау талпынысы Үкімет тарапынан қолдау тапса, Сарқан қаласын балғын көкөністермен қамтуға Ділдананың күш-қуаты жетеді. Қажетті голландиялық тұқымдарды арнайы Талдықорған қаласынан алдырады. Маусым айында егістік жерге 10, 20 мың түптеп сепкенде жергілікті жердің тұрғындарынан 3-4 адам қолғабыс етеді. Тұрақты түрде 2 жұмысшы алу ойында бар. Былтыр 1,5 гектар көлемді алқапқа көкөніс сепсе, биыл 2 гектарға ұлғайтпақ. Көкөністерді биогумуспен жетілдіреді. Кәсіпкердің айтуынша, былтыр кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен несие беріп жатыр дегенді естіп барса «сіз жеке кәсіпкерлік ашып жұмыс жасағаныңызға 5 жыл болыпты, оны жаңадан кәсіп бастағандарға беріледі» деп берілмепті. Көпбалалы ананың өтініші бастаған ісін әрі қарай дамытып, өркендетуге қаражат қолбайлау болып отырғаннан кейін сол 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізсе ісі әрі қарай өркендер еді. Жолдасы вахталық әдіспен Павлодар қаласында жұмыста, тұқымға, жер жыртқызуға қаражат қажет болғаннан кейін Кереку өңірінде еңбек етіп жүр. 

Үйдің маңындағы жерге ұзындығы 60 метр, ені 10 метр 3 жылыжай орын теуіп, қысы-жазы үзіліссіз жұмыс жасаса көкөністерді Алматы қаласынан тасымай-ақ өзіміздің табиғи өніммен қамтамасыз етуге болушы еді. Ділдана ханымның айтуынша, бастапқы бір-екі жыл тәжірибенің аздығынан әрі қолындағы балалары кішкентай болғаннан өнім көлемі де дұрыс болмапты. Қазіргі таңда үлкендері жылыжай ісінде қолғабыс жасап, аналарына қолғанат болып жүр. Шамамен мамыр айында үйдің маңындағы жылыжайда қияр өсіп, сауда орындарына жөнелтіледі. Ал маусым айында егіс басындағы қияр да өсіп жетіледі. Тамыз айында қызанақ та қызарып, тұтынушысына жөнелтіледі.

– Жылыжайға деп алған қаражатқа қажетті құрал-жабдығын алдық дегенімізбен өнімге қажет дәрі-дәрмегіне, күтіміне көп шығын кетеді. Әсіресе, күн суықта бірқалыпты температура сақталмаса жылыда тұрып терлеген өнім ауырып қалуы мүмкін. Сондықтан баладай мәпелеген күтім өте қажет. Күні-түні басынан табылып, уақтылы суарып, температураны қадағалап кірпік қақпаймыз десек те болады, – дейді кәсіпкер келіншек.

Алғашқыда осы кәсіпті бастаған отағасы Думан Қабденнің негізгі мамандығы осы салаға бейім. Ол агрономның оқуын Қытай елінде оқыпты. Жылыжайдың қам-қарекетіне бар жиған-тергенін жиып, несие алып тәуекелмен бастаған. Кейіннен басталған істі әрмен қарай жалғастырған біздің кейіпкеріміз сол елде медбикенің оқуын тамамдаған. Қажетті қаржылық қолдау болмаса бұл кәсіпті жүргізу тиімсіз. Себебі, үй аумағындағы жылыжайдың жұмысына 8 млн. теңгедей қаржы кеткен. Бастапқыда кәсіп бастап салафанмен жапқан кезде жел соғып, жыртқаннан кейін 2021 жылы темірмен салған. Қараша айы басталған кезде жылыжайдың жұмысы тоқтатылады, себебі жылыту үшін көмір пайдаланады. Ал көмірдің бағасы бұл өңірде қымбат екені белгілі. Аймаққа газ келіп жатса бағасы арзандау болғаннан кейін кәсіпті жыл бойы жүргізуге болады. 

Жақсылық ИГІМАН

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар қазанда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар қазанда қанша күн демалады?

13.09.2026
Президент Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті

Президент Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті

13.09.2026
Мемлекет басшысы Нью-Делиде маңызды мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Нью-Делиде маңызды мәлімдеме жасады

13.09.2026
Отбасы күні: Қазақстанда отбасыларға қандай қолдау көрсетіледі?

Отбасы күні: Қазақстанда отбасыларға қандай қолдау көрсетіледі?

13.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды

12.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.